Иран әскери қуатын қалпына келтірді ме?!
AFP-тың жазуынша, Иран әскерилері сәрсенбі күні соғыс кезінде зақымдалған барлық қару-жарақ жүйелері «қалпына келтірілгенін» және шетелден жаңа қару-жарақ құрылғылары импортталғанын мәлімдеген.
Иран әскери өкілі Мохаммад Акраминиа мемлекеттік телеарнаға: «Барлық бөлімшелердегі зақымдалған қару-жарақ жүйелері жөнделді, сондай-ақ жаңа қару-жарақ құрылғылары енгізілді», - деген.
Ол : «Шыт жаңа қару-жарақ жүйеміз қорғаныс өнеркәсібі мен әскерилердің күш-жігердің арқасында жасақталды, кейбіреулері шетелден импортталды. Бұл жабдық біздің жауынгерлік қабілетімізді арттырады» деп мәлімдеген. Дегенмен, ол қай елдерден, қандай қару-жарақ импорттағанын ашып айтпаған.
Таяу Шығыс соғысы ақпан айының соңында АҚШ пен Израильдің Иран Ислам Республикасына ядролық қаруға ие болуына жол бермеу мақсатындағы бірлескен әуе шабуылынан кейін басталды. Иран кек қайтарып, негізінен аймақтағы Вашингтонмен бірлескен елдерді нысанаға алды.
Сәуір айында қол жеткізілген атысты тоқтату туралы келісім шамамен 40 күнге созылған соғысты тоқтатты, бірақ ара-тұра болып тұрған өзара шабуылдар стратегиялық маңызы бар Ормуз бұғазының айналасында өрбіген бейбітшілік келісіміне қол жеткізу мүмкіндігін жоққа шығарды.
Иран әскери өкілі: «Біз ілгеріде жау зақымдаған әскери жүйелерді қалпына келтіру және қайта орналастыру үшін маңызды қадамдар жасадық», - деп қосты.
Оның айтуынша: «Халықаралық құқық пен БҰҰ Жарғысына негізделген алдын ала ескертілген шабуыл заңды әрекет болып табылады; әрине, шабуыл пропорционалдылық пен қажеттілік қағидаттарына сәйкес келуі керек».
Abai.kz