Қазақ әйелі: «Они не обязаны говорить и знать казахский!»
Маған түсініксіз тілде екі қыз шүлдірлеп сөйлесіп тұрды қасымда. Бастапқыда қытайлар ма екен дедім, бірақ біздің елде жүрсе, қазақша білетін шығар деп:
- Қай тілде сөйлеп тұрысыңдар? – деп сұрадым.
Екеуі де мені түсінбегенін байқатты. Мен бой бермей:
- Қайдан келдіңдер? - дедім.
- Мы вас не понимаем! - дегені сонда әлгілердің бірі орысшалап.
- Тілдерің қандай? «Тіл», «тіл» - деп мен тілімді көрсеттім. Қалай болса да біз тіл табысуға тиіспіз ғой.
Сол кезде сөзімізге бір қазақ əйелі араласып:
- Олар дүнгендер. Олар өз тілдерінде сөйлеп тұр, - деді.
- Мен де өз тілімде сөйлеп тұрмын. Бірақ олар мені түсінуге тырысуы керек қой, - дедім.
- Они не обязаны говорить и знать казахский! - деп қазақ əйелі дауысын көтерді.
- Олар қайдан келді?
- Олар біздің дүнгендер. Əр елдің өзінің тілі бар, олар сенің тіліңде сөйлеуге міндетті емес. - деп әлгі әйел шу көтере бастады.
- Сіз бұл жайды шуға айналдырмаңыз! Мен үшін бұл жəйт – қызық. Ол менің тілімді білмейді, мен оның тілін білмеймін. Бізге тіл табысып көру керек. Мен оны түсінуге тырысып жатырмын. Ал олар болса, екі қазақты бір біріне айдап салып, түк білмегендей мөлиіп тұр. Сіз араласпаңыз сөзге! - дедім.
Осы сәтте бір оры қызы дауысын көтеріп былай деді:
- Это не этично говорить о человеке который рядом, будто нет его. Я все поняла.
- Люди странные! Считают, что все должны говорить на казахском! - деп бағанағы қазақ əйел мен орыс қосылып мені сөге жөнелді.
- Қойыңдар! Сөзге араласқан өздерің. Мүмкін біз дүнген қыздармен тіл табысып кетер ме едік. Сендер дауға айналдырып жатырсыңдар. Ал маған бұл жəйт қызық. Шет елге барсақ саусақ пен болса да, ымдасақ та, түсінісеміз ғой. - дедім. Бірақ ары қарай бұл эспериментті жалғастырғым келмей қалды...
Айгүл Қоқай
FB-дағы жеке парақшасынан алынды.