«ҚР Ұлттық банкі» ММ Батыс Қазақстан филиалының директоры, Борис ІЗБАСАРОВ:
- Борис Ізбасарұлы, Ұлттық банктің еліміздің ақша-несие саясатының 2010 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды. Ақша-несие саясатын дайындау барысында макроэкономикалық жағдайды дамытудың үш сценарийі белгіленген болатын. Олардың қайсысы Ұлттық банк тұрғысынан неғұрлым дұрыс болып табылады?
- Сценарийлерге бөлу кезінде негізгі өлшем ретінде мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі алынды. Бірінші және екінші сценарий бойынша бір баррель үшін мұнай бағасы тиісінше 30 және 50 доллар көлемінде белгіленді. Үшіншіден мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 доллар болып межеленді.
Ұлттық банк бірінші сценарийдің жүзеге асырылу мүмкіндігі өте төмен деп санайды. Өйткені мұндай жағдайда 2010 жылы ел экономикасының белсенділігі төмендеуі ықтимал. Егер екінші сценарийді таңдасақ, оны жүзеге асыру барысында мұнай бағасының неғұрлым жоғары деңгейі Ұлттық банк пен үкіметтің экономикалық белсенділікті арттыруына және экономиканың біршама өсу қарқынын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Үшінші жағдайда 2010 жылы экономикалық өсу қарқыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде.
- Борис Ізбасарұлы, Ұлттық банктің еліміздің ақша-несие саясатының 2010 жылға арналған негізгі бағыттары айқындалды. Ақша-несие саясатын дайындау барысында макроэкономикалық жағдайды дамытудың үш сценарийі белгіленген болатын. Олардың қайсысы Ұлттық банк тұрғысынан неғұрлым дұрыс болып табылады?
- Сценарийлерге бөлу кезінде негізгі өлшем ретінде мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі алынды. Бірінші және екінші сценарий бойынша бір баррель үшін мұнай бағасы тиісінше 30 және 50 доллар көлемінде белгіленді. Үшіншіден мұнайдың бір баррелінің бағасы 70 доллар болып межеленді.
Ұлттық банк бірінші сценарийдің жүзеге асырылу мүмкіндігі өте төмен деп санайды. Өйткені мұндай жағдайда 2010 жылы ел экономикасының белсенділігі төмендеуі ықтимал. Егер екінші сценарийді таңдасақ, оны жүзеге асыру барысында мұнай бағасының неғұрлым жоғары деңгейі Ұлттық банк пен үкіметтің экономикалық белсенділікті арттыруына және экономиканың біршама өсу қарқынын қамтамасыз етуіне мүмкіндік береді. Үшінші жағдайда 2010 жылы экономикалық өсу қарқыны алдыңғы сценарийлермен салыстырғанда анағұрлым жоғары деңгейде болады деп күтілуде.
Ұлттық банк еліміздің экономикасы дамуының екінші және үшінші сценарийлерінің іске асырылуы анағұрлым мүмкін деп есептейді. Сондықтан биылғы ақша-несие саясатының шараларын әзірлеу кезінде де осы жағдайлар ескерілді. Биыл осы үш сценарийдің қайсысы іске асырылса да, Ұлттық банктің негізгі мақсаты - баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляцияны 6,0-8,0 пайыз мөлшерінде ұстап тұру. Ұлттық банктің осындай іс-қимылдары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлеуетін нығайтуға, банк саласының несиелік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етпек.
- Бұл сценарийлерге қатысты бүгін не айтуға болады?
- Ағымдағы жылдың алты айы ішінде Ұлттық банктің ақша-несие саясатында соны өзгерістер болған жоқ. 2010 жылғы 1 шілдеде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бұрынғы 7,0 пайыз деңгейінде қалдырылды. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің деңгейін жылдық инфляция деңгейінен біршама жоғары ұстауға ұмтылады. Сөйтіп, егер ағымдағы жылы жылдық инфляция деңгейі төмендейтін болса, Ұлттық банк ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін төмендету мәселесін қарайды. Бірақ 2010 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша жылдық инфляция деңгейі 6,8 пайыз көлемінде қалды.
Биыл еліміздің экономикалық дамуына қолайлы макроэкономикалық жағдай қалыптасып отыр. Экономиканың көптеген салаларында өндіріс көлемінің ұлғайғаны байқалады. Ел-жұрттың кірістері де тұрақты көбейе түсуде, банк саласындағы жағдай жақсарып келеді. Дейтұрғанмен экономиканы қалпына келтіру баяу жүретінін айтқан жөн.
- Борис Ізбасарұлы, валюталық дәлізде қандай өзгерістер күтілуде?
- 2011 жылғы 20 наурызға дейінгі кезеңге Ұлттық банк теңгенің өзгеріс шамасын бір долларға 150 теңге (+)10 пайыз немесе 15 теңге (-)15 пайыз немесе 22,5 теңге көлемінде белгіледі. Бұдан басқа өзгерістер көптеген сыртқы және ішкі факторларға байланысты болады.
- Ең төменгі резервтік талаптар өзгере ме?
- Ұлттық банк ұстанымынша, ең төменгі резервтік талаптардың межелері бүгінде (екінші деңгейдегі банктерге арналып ішкі міндеттемелер үшін - 0 пайыз және өзге міндеттемелер үшін - 0 пайыз көлемінде) төмен деңгейде сақталып отыр. Бұл көптеген банк үшін қолайлы. Сондықтан оны өзгертуге негіз жоқ.
- Биыл банк саласына қатысты болжамдар қандай?
- Несие қорларына сұраныс өсіп отырғанымен, банктер несие алушыларға қатаң талап қойып, олардың төлем қабілеттілігіне терең талдау жасайды. Корпоративтік несиелеу саласында да қаржылық емес ұйымдардың несиеге «шөліркеп» отырғаны байқалады. Олар негізінен, айналым қаражатын молайтуға және өтелмеген несие қарыздарын өтеу үшін несие алуға құмар. Сонымен қатар шағын және орта бизнес құрылымдарының ірі банктер арқылы мемлекеттің дағдарысқа қарсы бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражаттарға деген сұранысы өсуде. Несиелеудің бөлшек нарығында да несие алғысы келетіндер жетіп артылады. Тұтынушылық несиелеудің негізгі үлес салмағын ағымдағы тұрмыстық қажеттіліктерге берілетін несиелердің қысқа мерзімді және шектелген қаржылық мөлшері құрайды.
Тұтас алғанда, банктер клиенттерді қатаң сұрыптаудан өткізеді, сөйтіп, олардың барлығына емес, тек орта есеппен 40-50 пайызына ғана несие береді. Қазіргі жағдайда банктердің көпшілігінің қаражаты болғанымен, несие портфелі сапасының төмендеуіне байланысты өздерінің несиелік қызметіне неғұрлым сақтықпен қарайды. Барлық факторларды елеп-екшеп, жағдайды нақты бағалайды.
Бүгінде банктердің алдында тұрған басты мәселе - бұл ұзақ мерзімді несиелеудің болмауы. Ал әзірге банктердің бос қаражаты негізінен ішкі нарықтан тартылған қысқа мерзімдік ақшалардан құралады. Сондықтан оларды ұзақ мерзімді мақсаттарға пайдалану мүмкін емес. Банктердің 76 пайызға жуығы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның дағдарысқа қарсы қолдауы және макроэкономикалық ахуалдың жандануы нәтижесінде баға тұрақтылығын немесе жылжымайтын мүлік бағасының біртіндеп өсуін күтуде.
- Ұлттық банк екінші дәрежелі банктердің жеткілікті қаражатының өздерінде, яғни банктерде қалып қоймай, экономикаға жұмсалуы үшін қандай шаралар жүргізуде?
- Банктер қысқа мерзімді өтімділіктің тапшылығын сезіп отырған жоқ. Депозиттердің түсуі сақталуда, экономиканы несиелеу біртіндеп қалпына келуде. Банк саласында жағдайдың тұрақтануына банктердің өтімділіктің қомақты көлемін Ұлттық банкте жинақтауы ықпал етті. Қазіргі уақытта банктердің бос қорларын экономиканың нақты саласына бағыттаудың оңтайлы тетіктері қарастырылу үстінде.
- Қорыта айтқанда, бұл табысқа жетудің түп қазығы демекшісіз ғой?
- Иә, солай. Ағымдағы жылы экономиканы тұрақтандыру және дағдарыс зардаптарын жеңу бағытында табысқа жету үкіметіміздің, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің және Ұлттық банктің бірлескен іс-қимылына тікелей байланысты болмақ. Қазірдің өзінде басты назар аударылатын тұстар анықталды. Біріншіден, теңге бағамының тұрақтылығын және ақша нарығының қажетті өтімділік деңгейін қолдау. Әрине, бұл Ұлттық банктің басты міндеті болып табылады. Екіншіден, банктер баланстарын сауықтыру жұмыстарын және оларды сапасыз активтерден «тазартуды» жеделдету қажеттігі сөзсіз. Үшіншіден, дағдарыстан кейінгі даму кезеңінде банктердің несиелік белсенділігін ширататын шаралар кешенін әзірлеу міндеті тұр.
Сұхбаттасқан Гүлбаршын ӘЖІГЕРЕЕВА.