Жексенбі, 24 Қараша 2024
4010 0 пікір 14 Қараша, 2018 сағат 12:01

Сәуле Досжанованың «Өгей жүрек» кітабы Берлин оқырмандарына таныстырылды

«Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет»
тақырыбындағы жоба осымен үшінші рет өткізіліп отыр. Бұған дейін
Оңтүстік Корея және Англия мемлекеттерінде қазақ мәдениеті мен
әдебиеті таныстырылған болатын. Ендігі кезектегі халықаралық форум
Берлин қаласында ұйымдастырылғалы отыр.

Форум елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру:» бағдарламсы
негізінде ҚР Мәдениет және спорт министрілігінің қолдауымен ҚР Ұлттық
академиялық кітапханасы жүзеге асыруда. Сондай-ақ, Астананың 20
жылдық мерейтойы аясында Қазақстан Жазушылар Одағымен бірлесіп
өткізілмек.

Форумның мақсаты – қазақстандық мәдениеттің әлемдік мәдени кеңістікке
интеграциялануы болып табылады. Форумға қатысушы делегаттардың
Қазақстан әдебиеті мен мәдениеті туралы ой-пікірлерін білуге тырыстық.

Ұлықбек Есдәулет, ҚР Жазушылар одағының төрағасы:

– Меніңше, елдікке тәрбиелейтін, ұлтты кемелдендіретін, халықтың
өркенін өсіретін, қоғамды дамытатын бесіктің бірі, ол - кітапхана. «Сен маған
кітапханаңды көрсет, мен сенің кім екеніңді айтайын» деген сөзде шындық
жатыр. Қазіргі төртінші индустриялық революция кезеңінде әр ұлттың
бәсекеге қабілеттілігі алған біліміне байланысты, өйткені оқу-біліммен жан-
жақты қаруланбаған жұрт жаһандануға жұтылып, құрдымға кетері анық.
Ендеше, бүгінгі Қазақстанда Елбасының «Рухани жаңғыру: болашаққа
бағдар» бағдарламасына байланысты кітапханаларға енгізіліп жатқан
цифрландыру бағытының болашағы үлкен деп білу керек.

Көпен Әмірбек, Президент гранты мен «Парасат» орденінің иегері,
Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты:

– Тарыдай шашылған түркі халықтары этномәдениетінің үлкен үлгісі –
олардың ауыз әдебиетінде. Халық сенімі мен рухын жырлайтын тұрмыстық, ғұрыптық, еңбек ән-әуендері мен аңыз-әңгімелері, ғашықтық, тарихи-
эпикалық шығармалар, батырлық дастандар, мақал-мәтел, жұмбақтар секілді
ауыз әдебиеті ғасырлар бойы қалыптасты. Халықтың би өнерінің қалыптасу
тарихы көне заманнан бастау алады. Ерлер мен әйелдер биі бір-біріне
ұқсамайды. Бишілердің барлық қимыл-қозғалысы негізінен, қол, иық, бас,
мойын, бет-әлпет қимылына байланысты. Ал ерлердің биінде аяқ қимылы
басты назарда болады.

Нұртөре Жүсіп, «Айқын» газетінің бас редакторы:

– БАҚ нарығындағы ең маңызды мәселе – бәсекеге қабілеттілік
бұқаралық ақпарат құралдарының өмір сүру мәселесі. Қазақстанның әр
облысы өзінің ақпараттық саласында өмір сүріп жатыр, сондықтан тәжірибе
алмасу үшін ортақ платформа құру өте маңызды. Алдағы жылдары өңірлік
бұқаралық ақпарат құралдарының айтарлықтай өсуі күтілуде. Аймақтарда
көптеген жетістіктер бар. Медиа нарығы статистикалық емес, тұтынушының
ақпараттық кеңістіктегі интеграциясы оған шет елдерден жоғары сапалы
өнім алуға мүмкіндік береді.

Сәуле Досжанова, ақын Қазақстан Жазушылары Одағының мүшесі,
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері:

– Бүгінгі таңда Қазақстанда шетелде қазақ әдебиеті мен мәдениетінің
жетістіктерін насихаттау жұмыстары жүйелік деңгейде жүргізілуде. Ол екі
кезеңнен тұрады: біріншісі - ең үздік жұмыстарды талдау және іріктеу,
екіншісі - оларды шетелде танымал ету. Бұл салада нақты нәтижелер бар.
Атап айтқанда, елбасының тапсырмасына сәйкес қазіргі заманғы қазақ
әдебиетінің үлгілері «Жаһандық әлемдегі заманауи Қазақстандық мәдениет»
жобасының шеңберінде қазақ әдебиеті БҰҰ-ның 6 тіліндеріне (ағылшын,
араб, испан, қытай, орыс, француз) аударылуда. Негізгі міндет – әлемге
заманауи қазақ әдебиетінің жетістіктерін, сондай-ақ, тәуелсіздік жылдарында
музыка және бейнелеу өнерінің, хореография, кино және театрдың
жетістіктерін ұсыну.

Форум аясында Сәуле Досжанованың «Өгей жүрек» кітабының неміс
тіліндегі, Баянғали Әлімжанның «Доброжелательный Аскар» және «Сказ
100-летнего степняка» кітаптарының тұсаукесері, сонымен қатар,
«Мәдениет және өнер» фотокөрмесі өтеді.

Тағы бір айта кететін жайт, форум барысында Берлиннің Ұлттық
кітапханасында «Қазақстан әдебиеті мен мәдениетінің» орталығы
ашылады. Орталықтың ашылуына ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы
Назарбаевтың, соның ішінде, Елбасының әлемдік саяси аренадағы орны мен
рөліне арналған кітаптары, сондай-ақ, қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі қазақстандық авторлардың кітаптары ұсынылады.
Форум делегаттары көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа
Шоқайдың зиратына барып, «Берлин-Далем» музей орталығы мен Жаңа
музейге, сондай-ақ, «Brandenburger Tor» Бранденбурск қақпасына және
Берлин қаласында орналасқан көрікті жерлеріне саяхаттайды.

Айта кетейік, іс-шаралар аясында мәдениет пен өнер саласындағы
мамандардың әдеби-мәдени алмасу мен ынтымақтастық саласындағы ұлттық идеясы шеңберіндегі жұмыстар атқарылады.

Әсем Сағиқызы

Аbai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1499
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5662