Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2565 0 пікір 19 Тамыз, 2011 сағат 06:20

Серік Аханов: «Халықтың өмірі – ақша айналымының заңдарына байланысты»

 

- Серік Ахметжанұлы, сіздің ойыңызша отандық банк жүйесі ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстан шықты ма?

 

- Серік Ахметжанұлы, сіздің ойыңызша отандық банк жүйесі ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстан шықты ма?

- Қаржы нарығының біркелкі болмауы және де ұлттық банк жүйесінің тарихы, сіздің қойып отырған сұрағыңызға біркелкі жауап бере алмайтынымды көрсетіп отыр. Отандық банк жүйесінің тарихи жағынан қарасақ, ұлттық қаржы секторының дамуын бес кезеңге бөлуге болады: а) өсім - (2000 жылдан - 2007-ші жылдың екінші тоқсаны); б) сыртқы қаржы көздерінің жабылуы немесе тоқтатылуы - (2007-ші жылдың екінші тоқсанымен 2008-ші жылдың төртінші тоқсаны); в) төлемпаздық тығырығы, дағдарыс, қайта қаржыландыру процесі, несие портфелінің сапалылығы мәселесі - (2008-ші жылдың төртінші тоқсаны - 2009-шы жылдың бірінші тоқсаны); г)  қайта қалпына келу процесі - (2009-шы жылдың бірінші тоқсаны - 2009-шы жылдың төртінші тоқсаны); д) жандану - (2009-шы жылдың төртінші тоқсаны - 2011-ші жылдың бірінші жарты жылдығы). Атап өткен кезеңдерден барлық банктер бірдей жақсы өтіп шықты деп айтуға болмайды. Қиын жағдайға бірер үлкен банктер де тап болды, ал кейбір жүйеқұраушы банктер дистанцияны азғантай тәуелділікпен өтіп шықты. Негізінен, жағдайлары бір қалыпты және тұрақтылау болған бұл - орта деңгейлі банктер, сонымен қатар, шетелдік капиталы бар банктер, оның ішінде мемлекеттің үлесі бар банктер. Сақтандыру компанияларымен зейнетақы қорлары ондай қатты зардап шеккен жоқ. Дегенмен де, олардың табыстылығымен бәсекелестік мәселелері күн тәртібінен түскен жоқ. Дағдарыс кезінде, оның өршуіне ең маңызды себептердің бірі болған бұл - менеджменттің деңгейі мен сапалылығы сонымен бірге, корпоративті басқару мәселесімен корпоративті мәденитеттің де алатын орны зор.

Әрине, қаржы секторы қиын жағдайға тап болған уақытта, оны тұрақты ету процесінде мемлекеттің рөлі өте үлкен болды. Мемлекет үлкен қолдау білдіріп, жүйеқұраушы банктерге көлемді қаржы бөліп, сол арқылы орта және шағын кәсіпкерлік саласына, құрылыс компанияларына, өндіріс, өңдеу салалары компанияларына қолдауын көрсетті. Әртүрлі сектордағы мемлекет қолдауына ие болған компаниялар банктердің заемщиктері болып табылады.

Бұл жерде барлығына анық болу үшін атап кетейін дегенім, бөлінген қаржы төлемді, ақылы, жедел және қайтарымды шарттарымен берілді, ешқандай қайырымдылық көмек көрсету идеясы болған емес. Мемлекеттің дағдарыс кезінде жасаған көмегі нақтылы, нүктелі және дәйекті болды. Қайта құрылымдау бойынша жасалған шаралар, бірегей, жаңа және креативті негізде болды. Қайта құрылымдау шараларының қатарына рекапитализация және активтердің бағасын қайта жасақтау, қарыздармен капиталдың өтемділігімен конвертациясын қолдап отыру, көлемді шығындарды өтеу және т.б. Депозит саясаты бойынша, әсіресе, ішкі ірі депозитарийлер бойынша, саясат тұрақты және оңтайлы түрде жүргізілді. Негізгі тәуекелділіктер отандық банктердің акционерлерімен сыртқы несие берушілердің өзара бөлінісуіне ие болды.

Бұндай көлемдегі және негіздегі дағдарыс салдарына қарсы шаралар жүйесі, шетелдік тәжірибеде де, отандық тәжірибеде де осыған дейін болған емес. Бастысы, клинеттердің сенімділігі сақталып қалды, әрине, ол  сенімділік өте нәзік күйде қалып отыр. Жалпы алғанда, отандық қаржы секторы өзінің тұрақтылығын дәлелдей алды. Соның арқасында, бүгінгі күні белсенділік белгілері көрінуде: екі жүйеқұраушы банктердің сыртқы нарық капиталына шығуы, нақты секторды несиелендірудің жандануы және т.б. Бір ғұлама қаржыгер айтып кеткендей, адамның өмірі қан айналымына байланысты болса, халықтың өмірі - ақша айналымының заңдарына байланысты.

 

- Дегемен де, қаржы секторының дамуына кедергі келтіріп отырған негативті тенденциялар сақталып отыр ма?

-  Банктердің капиталы үшін үш ірі проблема немесе стрессті факторлар сақталып отыр. Біріншіден, несиелік портфель сапасының нашарлылығы және мүмкін бола қалатын шығындарды жабу үшін қор жасақтау, қорландыру көздерінің анық еместігі және дефициті, қаржы институттары капитализацияларының төмен деңгейлілігі, пруденциалды реттеуді қаталдандыру тенденциясы. Корпоративті секторда, оның ішінде, орта және шағын кәсіпкерлік секторында, қайта өңдеу, сауда, құрылыс салалары компанияларында қарыздың жоғары деңгейі сақталуда. Банктердегі жұмыс жасамайтын несиелердің, қарыз несиелердің көлемі, шамамен 30%-ға жетіп отыр.

Нашар несиелердің деңгейін қалайша төмендетуге болады? Тек қана несиелендірудің жолдарын арттыру арқылы және ынталандыру, өсу үшін жағдай жасау арқылы ғана. Бұл жұмысты іске атқару үшін қаржылық мүмкіндіктер жеткілікті, бұл - төлемпаздылықтың жеткілікті болуы, ол қазіргі кезде 12 миллиард АҚШ долларын құрап отыр. Алайда, ол өкінішке орай, қысқа мерзімді. Бұл қаржының сақталу мерзімі, әрі кеткенде тек бір жыл ғана. Ал экономика ұзақ мерзімді зайымдарға зәру. «Қысқа» ақшаны, «ұзақ» ақшаға айналдыру үшін, қаражаттандыру және кепілдендіру механизмдері арқылы жасауға болады. Зейнетақы қорларында төлемпаздық қаржы көлемі жеткілікті деңгейде, соны да пайдалануға болады. Аталған қаржыны Үкіметтің кепілдемесі және кепілгерлігі аясында, инфорқұрылымдық жобаларға пайдалануға болады, оларды қаржыландыру өте маңызды және тиімді. Өкініштісі, бұл механизмдердің жұмыс жасауы әлі де болса әлсіз күйде.

Екінші маңызды проблема, бұл - қорландыру, қаражаттандыру көздерінің жеткіліксіздігі. Дағдарысқа дейін, несиелендірудің маңызды бөлігі, сыртқы қаржы көздері арқылы жүргізілді, ал дағдарыс күшіне енгеннен бері сыртқы несие нарығы жабылып қалды. Қазіргі кезде, сыртқы, әлемдік капитал нарығында ақшаның бағасы өте қымбат, ол 10 пайыздан асып отыр. Егер де, сол ақшаны аламыз десек және оған тәуекелділікпен банк маржасының бағасын қосатын болсақ, ол тіпті қымбат болып кетеді, біз үшін, ол онда 15 пайызды құрайтын болады. Сол себепті, абзалы - ішкі қаржы көздерін ұтымды пайдаланған дұрыс, бұл - халықтың және заңды тұлғалардың депозиттері. Заңды тұлғалардың депозиттерінің көлемінің өсуі әлі де болса артуы қажет. Депозиттердің өсімі, оның ішінде теңгемен салынған депозиттердің рөлі артып келеді. Бұл жағдайда, негізгі мүмкіндік - мемлекеттің қаржысын ұтымды пайдалану, Үкімет, қазіргі кезде аталған қаржыны орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін, оларды ынтыландыру үшін нәтижелі қолданып, пайдаланып келеді.

Үшінші маңызды проблема, бұл - банктер капитализацияларының жеткіліксіздігі. Біздің елдің қаржы институттары, мысалы үшін, еуропалық қаржы институттарымен салыстырғанда деңгейлері үлкен емес. Ал банктің көлемі, бәсекелестікпен, оның көрсететін қаржы қызметіне тікелей әсер етеді. Банктердің капитализацияларын ұлғайту үшін, бұрынғы бар және жаңадан акционерлік капиталдарды ұлғайту арқылы жасауға болады. Бұл тарапта, маңыздысы, еліміздегі барлық қаржы мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда болып отыр. Мысалы үшін, арзан көлемдегі қорландыруды бюджет линиясы арқылы жасауға болады, сонымен қатар, банктер ірі инвестициялық жобаларды бірлесіп қаржыландыру сияқты шаралар арқылы жұмыс жасауға үлкен мүмкіндіктер бар.

- Ұлттық Банктің соңғы деректеріне қарасақ, несилендірудің тоқырау, төмендеу трендтері артта қалып, біртіндеп өсім нышандары байқалуда. Өсім үдерісі қаншалықты тұрақты болып қалады?

- Қаржы теориясында «дағдарыс түйіндері», - деген анықтама бар, бұл анықтама бойынша, экономикада қалыптасқан трендетрмен тенденциялардың өскен нүктесіне жеткен уақытта, параметрлердің өзгеру үдерісі. Бұл - іскерлік циклдардың қосылу нүктесі және де бұл нақты нүктеде қаржылық тәуекелділік мүмкіндіктері тек арта түседі. Әрине, біздің экономикамызға сыртқы нарықтағы, қаржы нарығындағы, ипотекалық және тауар нарығындағы шоктардың әсері үлкен. Бұл процесстердің әсерінің көрінісі ретінде, сыртқы қаржы көздерінің қымбаттауы, ішкі құрылыс саласымен ипотекалық саласын несиелендірудің күрт төмендеуі, орта және шағын кәсіпкерлік секторын қаржыландыру бойынша проблемалар, сонымен қатар, ішкі несиенің де қымбаттылығы, банктердегі депозиттер мөлшерінің аздығы да әсерін беріп отыр.

Бірақ, жалпы алғанда, отандық қаржы жүйесіндегі жағдай тұрақты, қалыпты. Қаржы институттарының бәсекелестікке қабілеттілігі және тұрақтылығы сақталуда. Олардың орнықтылығы мықты деңгейде, менеджементтері креативті және тиімді жұмыс жасап келеді. Дегенмен, ұзақ мерзімді төлемпаздық бойынша сұрақтар сақталуда. Өткен жылы, экономикадағы несиелендірудің жалпы өсімі 2,6%-ды құрады, бұған баланстағы жұмыс жасамайтын несиелерді де қосуға болады. Бұл шындық, алайда барлық шындық емес. Сонымен қатар, несиелендірудің құрылымын, несиелерді кешіру, сызып тастау және т.б. ерекшеліктерін ескерген жөн. Еліміздегі 39 банктің, 11-де, жұмыс жасамайтын несиелерді сызып тастауды қоссақ, аталған 11 банкте несиелендіру көлемі төмендеп кетті. Несиелендіру құлдырауының диапазоны 0,7-дан 39%-ға дейін болды. Құлдырау процесіндегі қатысушылар әр-түрлі, оның ішінде үлкен-ірі банктер, орта, кішкене банктер және бір жүйеқұраушы банк бар. Ал қалған 28 банкте өсім үдерісі жақсы көрінді. Өсім 0,2- дан 569%-ға дейін өсті. Өсім көрсеткен банктердің ішінде, көлемі кішкентай және орта деңгейлі банктер бар. Нақтырақ алып қарасақ, несиелендіру бойынша өсім көрсеткен банктер қатарында, негізінен өткен жылы құрылған және өткен жылы бірінші несиелерін берген банктер негізігі бөлігін құрап отыр, әрине, оларда төмен пайыздық база болды және өсім көрсеткіші көлемді болды. Барлық көрсеткіштерді механикалық түрде қабылдауға болмайды, оларды барынша таразылап, талдаған дұрыс. Басқа банктермен салыстырғанда жұмыс жасамайтын несиелер көлемі аз банктерде, қазірдің өзінде несиелендіру көрсеткішінің өсімі байқалып отыр. Орта деңгейлі банктер жақсы көрсеткіштер көрсетуде. Шетелдік, мемлекеттің үлесі бар банктер тарапынан агрессивті несиелендіру үдерісі жүріп жатыр, оның себебі, олар арзан қаржыландыру көздеріне қол жеткізіп отыр. Негізгі қорытындылардың бірі, банк секторында төмендеу, құлдырау үдерісі болды, дегенмен, кейбір жүйеқұраушы банктерде төмендеу де, өсім де болмады. Жағдайдың бір қызығы осында болып тұр. Жаңа айтып кеткендей, өсім көрсеткіші шетелдік, мемлекеттік үлесі бар банктер тарапынан болды, әрине, мемлекеттік банкпен жеке банк бәсекеге түскенде, мемлекеттік банкке қарағанда, жекеменшік банк үшін қорландырудың бағасы еселене қымбатқа түсетіні белгілі. Біздің бағалауымыз бойынша, күзге қарай несиелендірудің жалпы өсімін көреміз, бұл банктердің экономиканы дамыту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға қатысуының негізгі нәтижесі болмақ. Банк секторындағы несиелендіру бойынша негізгі болжам 5%-ға жуық. Жүйеқұраушы банктерде несиелендірудің нағыз қозғалысы болмақ, ол ІЖӨ-нің шамамен 5- 7% болса, ірі банктердегі көрсеткіш 5-тен 10%-ға дейінгі көрсеткіштерді көрсетуі мүмкін. Бұндай бәсекелестік қызған уақытта, бақталастық та арта түседі. Қазақстандық банктер үшін бастысы - тұтынушыларды ұстап, сақтап қалу, ол үшін, бизнестің клиент үшін жұмыс жасау бағытын күшейту, олар үшін қайта құрылымдауды ұсыну, тұтынушылардың банкпен келісе алмаған мәселесі бойынша, онымен ымыраға барып, мәселені бірігіп шешу секілді шараларды атқару.

Қаржы секторы - әлемдегі шаруашылыққа терең ықпалдасқан сектор. Қаржы институттары халықаралық стандарттармен нормалар бойынша жұмыс жасайды. Алдағы 2013-ші жылдың қаңтар айынан бастап банктер өз жұмыстарын Базель III принциптеріне бағыттап, өзгертеді. Біздің банктер әлемдік банктермен ашық бәсекеге түсетін болады.

Біздің елімізде шетелдік үлесі бар 16 банк жұмыс жасайды, еліміздің экономикасында әлемнің ірі банк корпорациялары жұмыс жасауда, мысалы, Қытай индустриалды-коммерциялық банкі, Citibank, HSBC, UniCredit тобы, Кореялық Kookmin Bank және Shinhan Bank. Әзірге, біздің нарыққа жаңа банктердің келуі неғайбыл, себебі, негізгі деген банк ұйымдары бізде жұмыс жасап жатыр. Кейбір шетелдік банктер, өздерінің клиенттері үшін ыңғайлы, өз банктері болып саналады. Олардың негізгі клиенттері, елімізде жұмыс жасап жатырған мұнай компаниялары, ірі компаниялар, металлургиялық корпорациялар болып табылады. Олардың келуіне орай, арттарынан, өз елдерінде оларға қызмет көрсететін банктер де келді. Бұндай ірі банк корпорацияларының біздің елімізге келгеніне қуануымыз қажет, олардың келулерінің арқасында банктер арасында шынайы бәсекелестік туады. Шетелдік банктердің тұтынушыларға ұсынып отырған қаржы өнімдерімен ұсыныстарының саны 300-ден асады. Біздің банктер ұсынатын қаржылық өнімдермен ұсыныстар, олардың ұсыныстарына қарағанда аз, соған байланысты бәсекелесу қиынға соғады. Бірақ, жағдайға басқа қырынан қарайтын болсақ, біздің банктер корпоративті және ментальді жағынан басымдыққа ие, отандық банктер ішкі нарықты, аймақтармен тұтынушыларды жақсы біледі. Отандық банктер, еліміздің барлық аймақтарында жұмыс жасайды, олар, шетелдік банктерге қарағанда облыс-аймақтарда жақсы көрсетілген, ал шетелдік банктер негізінен нүктелі түрде жұмыс жүргізуде, олардың қызмет көрсететін корпорациялары қай жерде орналасқан, олар да сол аймақтарда орналасып жұмыс жасайды. Жағдайдың позитивті басымдықтары көп. Осыған байланысты бәсекелестік өседі, тұтынушыларға деген қызмет көрсету ұсыныстарымен сапасы артады, сонымен қатар, топ-менеджемент үшін талаппен сапалы жұмыс жасау деңгейі ұлғаяды. Отандық банктер, ішкі нарықта шетелдік әріптестерімен бәсекелестікте, өздерін лайықты бәсекелес ретінде көрсетуде. Дегенмен де, шетелдік банк институттарымен бәсекеде ең маңыздысы - отандық банктердің капитализациясы деңгейі. Негізгі анықтаушы, маңызды фактор осы болып отыр.

Жедел өзгеріп отырған жағдайлармен өзгермелі шарттар, факторлар қаржы институттарының даму стратегиясына әсерін бермей қоймайды. Институттар үшін басты басымдықтар ретінде тәуекелділікті басқару жүйесін жаңарту, жиналған ресурстарды тиімді пайдалану, жетекші болу үшін талпыну және технологиялық жағынан басып озу. Іскерліктің өсім кезеңінен дағдарыс кезеңіне дейінгі әр-түрлі саты индикаторларына диагностика жасау технологиясын жақсы меңгеру маңызды мәселе. Дәл бүгінгі күнде қаржы институттары менеджментінде жаңа модернизациялық парадигма қалыптасып отыр, ол: «уақыт - ұсыныс - тұтынушы» және «кеңістік - технологиялар - бәсекелестік».

Қазіргі кезде қаржы нарығы секторында артық төлемпаздық балансы қалыптасып отыр, бұл біз үшін парадоксалды жағдай, себебі, дағдарыс серпін алған кезде барлығы керісінше болған еді, төлемпаздық балансының жетіспеушлігі үлкен проблема болғантұғын. Дағдарыстың негізгі толқыны өтіп, қаржы институттарының қалпына келу кезеңінде, банктерде артық төлемпаздық балансы пайды болды. Баланста артық ақшаның пайда болуы жақсы, дегенмен де, оның жұмыс жасау мерзімі және пайдалану уақыты бір жылдан аспайды. Бұл ақшаны нақты секторды несиелендіруге жұмсауға болады ма? Бұл үшін зайым алушының тәуекелділігін және қаржылық жағдайын дұрыстап өлшеп, бағалап алған жөн. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар өздерін қаржыландыруда несиелерден әдейі түрде бас тартып, негізінен өз қаржы көздерімен жұмыс жасауда. Сол себепті, аталған жағдайда, несие алушы ұйымның ішкі құрылымын дұрыстап біліп алған жөн.

- Банктердің баланстарын нашар несиелерден тазарту мәселесі жиі қойылып жүр. Банктер өздерін нашар несиелерден тазартпайынша, жедел даму туралы айту қиын екені белгілі. Бірақ та, бұл жерде барлығы тек банктерге байланысты емес, сонымен қатар, заңнамалық жағы да бар. Сіздің ойыңызша, аталған мәселенің ауыртпалықсыз, тиімді шешімі барма?

- Аталған мәселені шешуде экономика ғылымымен экономикалық тәжірибе бірнеше механизмдерге жүгінеді. Механизмдер қатарында, мемлекеттің кепілдеме беруі және уақыты өтіп кеткен қарыздарды сатып алу, стрессті активтер қорын құру және SPV арқылы немесе «еншілес ұйымы» арқылы банктердің нашар несиелерін сызып тастау және т.б. Қазақстан Республикасы Үкіметімен Ұлттық Банкінің бастамасымен қаржы жүйесімен экономиканың дағдарыстан кейінгі кезеңдегі дамуы бағдарламасы жасалды, бұл шынымен айтқанда, экономикамыздың қайта қалпына келуі бағдарламасы болып отыр. Аталмыш бағдарлама екі бөлімнен тұрады, біріншісі, ол - өндірістік сауықтыру шаралары, екіншісі - банктерді сауықтыру шаралары. Бұл екі бағдарлама да, бір-бірлерімен тығыз байланысты, онымен қоса, екі бағдарламаны бір-бірімен үйлестіріп жүзеге асырған дұрыс болар еді. Зайым алушының екі бағдарлама да қатысуға мүмкіндігі болуы қажет.

Бағдарламаның бірінші бөлігіне банктер белсенді түрде ат салысып, қатысты, олардың көптеген ұсыныстары назарға алынды. Бағдарламаның басты бөлігінің бірі, ірі жүйеқұраушы және қалақұраушы кәсіпорындарға қолдау білдіру, оларға көмек көрсету, себебі, ол кәсіпорындардың маңыздылығы тек қана бір облыстың көлемінде ғана емес, ол бүкіл еліміздің экономикасына да әсерін беріп отыр ғой. Үлкен кәсіпорындарды сауықтыру шаралары, осы кәсіпорындардың айналасындағы шағын бизнестің дамуы үшін үлкен серпін береді деп ойлаймын. Қазіргі уақытта бағдарламаға енетін кәсіпорындардың тізімі жасалуда. Бағдарламаға енген кәсіпорындар кейбір сұрақтар бойынша, салықтық жеңілдіктерге ие болуы мүмкін, бұл өте маңызды қадам, сонымен қатар, несиелердің пайыздық ставкаларына жәрдем беру қадамы болып отыр. Бағдарламаның екінші бөлімін Ұлттық Банк жасап шықты. Бағдарламаға сәйкес, банктердің нашар активтерін тазарту үшін «Стресстік активтер қоры - 2» (САҚ - 2) жобасы жасалды. Жобаның іске асырылу және жұмыс жасау механизмдері белгіленді. Жоспарға байланысты САҚ - 2 құнды қағаздар шығарады, ал, ол құнды қағаздарды банктермен зейнетақы қорлары ала алады, олардан қалған құнды қағаздарды Ұлттық Банк өзі алады. Бұл, көлемді және маңызды процестерді САҚ - 2-нің жоғары дәрежелі топ-менеджментімен банктердің жанындағы күмәнді активтермен жұмыс жасайтын ұйымдар айналысатын болады. Жұмыс жасайтын ұйымдар әр-түрлі болуы мүмкін, мысалы үшін, бір бөлігі жылжымайтын мүлік саласындағы нашар активтермен жұмыс жасайтын болса, басқа бөлігі - нашар корпоративті зайымдармен жұмыс жасайтын болады. Бұл мәселеде, түсіну үшін атап кететін маңызды бір мәселе, әр банктің несиелік құрылымы әр-түрлі және өз ерекшеліктері бар. Принципиалды сұрақ, ол - нашар активтермен жұмыс жасау механизмдері болып отыр. Мысалы үшін қарастырып көрсек, бір кәсіпорын дефолтқа ұшыраса, бұл жағдайда, кәсіпорынның несиелері түгелімен САҚ - 2 секілді ұйымдарға көшеді. Шешім нұсқалары әр-түрлі болуы мүмкін, соның бірі ретінде, кәсіпорын зайымның тек бір бөлігін ғана жаба алуы мүмкін, бұл жағдайда күмәнді активтермен жұмыс жасайтын ұйымдар, кәсіпорын несиесінің бір бөлігін өзіне алуы ықтимал. Осындай жобалармен шаралар несиелік портфельдерді тазартып шығаруы керек. Қазіргі кезде, аталған мәселе бойынша, жағдай қиын болып тұр, жұмыс жасамай тұрған, нашар несиелердің жалпы көлемі 30%-ға жетіп отыр. Қазір бағдарламаның жүзеге асуына байланысты оң белгілер байқалуда, портфельдер жақсы көрсеткіштер көрсетуді бастап келеді, дегенмен, үдеріс біз ойлағаннан баяу жүруде. Банк секторындағы портфельдердің сапалылығы мәселесі біркелкі емес, бүгінгі күні бастысы - несиелендіруді жандандыру. Ал несиелендіруді жандандыру үшін, банктердің несиелік портфельдері жақсаруы қажет, егер де, банктер САҚ - 2-нің құнды қағаздарын алу арқылы, қордан нақты ақша алса, ол тіпті жақсы болар еді. Бағам бойынша, бұл схеманың жұмыс жасауы үлкен мүмкіндікке ие, ол өзінің тиімділігін көрсетуі керек. Осыған байланысты, бір жағынан САҚ - 2 арқылы сауықтырудан өтіп, нашар активтерден құтылып, портфельдерінің сапасын жақсартып алса, кәсіпорындар үшін бағдарламаның жүзеге асуы арқылы, олардың қарыз мөлшерлері де азаяр еді. Осы екі бағыт жұмыс жасаса, несиелендірудің жаңа толқыны басталады деген ойдамын. Бұл әлемдік тәжірибеде бұрын-соңды болмаған жоба, Қазақстан бұл жағынан жетекші болып тұр.

Еске сала кетейін, бірінші Стресстік активтер қоры (САҚ - 1) өзінің басты миссиясын орындады, ол орта және шағын бизнес секторымен еліміздің өндіріс саласын және жылжымайтын мүлік нарығын толық қолдап шықты. Ол қордың ресурстары бітті, онымен оның негізгі функциялары аяқталды, қазір САҚ - 1 бұрын берілген несиелердің жұмыс жасауын мониторинг жасап, бақылап отырады. Көлемді жобаны іске асыруда, кәсіпорындардың баланстарын тазартуда Үкіметпен Ұлттық Банктің келісіп жұмыс атқарғаны дұрыс, олар осы істі келісіп атқаруда. Бағадарламадағы негізгі мақсат - әлеуметтік сала, әлеуметтік бағытты дамыта отырып, жұмыссыздық санының артуына жол бермеу. Проблемалық қарыздарды біртіндеп жабу үшін барлық жағдай жасалып отыр. Кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша, проблемалы несиелердің кепілдемелері ретіндегі мүліктерді жаппай сату орын алып отырған жоқ. Олардың көлемі, жалпы проблемалық несиелер көлемінің 1%-да жетпейді. Сонымен бірге, жаппай банкрот болу, қарыз кәсіпорындардың жаппай жабылуы да жоқ, бұл позитивті нышан.

- Серік Ахметжанұлы, ғылыммен тәжірибе жөніндегі сұрақ. Сіз қазіргі экономика ғылымның, практикалық қатынастағы рөлін қалай бағалайсыз?

- Фундаменталды ғылымның қоғамдағы алатын орнын бағалаудың өзі үлкен жауапкершілік. Тарихтан белгілі, квантты теориясының негізін қалаушы М.Планк, экономикамен айналысып жүріп, оны тастап кетті, себебі, ол үшін экономика ғылымы өте күрделі болыпты. Ал математикалық логиканың негізін қалаушы Б.Рассел, экономиканы зерттеуді, оның тіптен қарапайым болғаны үшін тастап кетіпті. Атап өтетіндей, Қазақстандық дағдарысқа қарсы шаралар жүйесі, қазіргі кезеңдегі экономикалық ғылыммен, оның отандық нарық тәжірибесімен сәйкестендіру, байланыстыру арқылы тиімді нәтижеге жетіп отырғанымызды көрсетеді.  Экономикалық ғылым - бұл ұлттық шаруашылықтағы интелллектуалдық әуесқойлылықпен құлықтылық драмасының формалары көрінетін «қасиетті айна» десе болады. Қазіргі таңдағы экономикалық жағдайда көп нәрсені түсіндіруге болады, алайда, кей уақытта не болып жатырғанын түсінудің өзі мүмкін болмай қалады.

Экономика ғылымы - бұл «экономикалық адамның» болжап болмайтын әлеміне кірудің бірегей мүмкіндігі. Бұл - ұлттық байлықтың табиғатын, құпияларымен жұмбақтарын ашу үшін бітпейтін ізденіс. Ізденіс арасында, тиімділікпен әділеттілікті де атап кетуіміз керек. Бұл - макроэкономикалық параметрлердің ассиметриясын, дисбалансын, өзгермелілігін тоқтаусыз зерттеу. Экономикалық ғылымды толыққанды игеру үшін, біріншіден осы саланың тарихын жақсы білу маңызды, себебі, өмірде барлығы қайталанып отырады, әлемдік деңгейдегі барлық үлкен діндердегі он адамгершілік, ізгілілік, өнегелілік уағызы осы діндердің барлығында да айтылады, сонымен бірге, биологияны жақсы білген дұрыс, қан айналымының заңдары, ақша айналымдары ағынының заңдарына қатты ұқсас болып келеді. Кезінде, атақты физиктер, оның ішінде, Л.фон Больцман және Р.Фейнман, жақсы теориядан асқан практикалық ештеңе жоқ деп жақсы айтып кетіпті. Р.Фейнман, электрқуатының ашылуы дүниежүзілік тарихта, барлық фундаменталдық ғылымдардың шығынын жауып шықты десе, Л.фон Больцман, жақсы теория, практикалық жағынан іске асырылса, көп пайда әкелетінін айтып кетті. Өкінішке қарай, қазіргі кезеңдегі экономика ғылымында дағдарыс тенденцияларымен үдерістері орын алып келеді, онсыз, әрине, тағы да болмайтыны белгілі. Осыған орай, проблематика күн тәртібінде қала бермек, шешімдердің жаңа концепциялары іздестірілуде, қалыптасқан проблемаларға байланысты шаруашылық практикада адекватты шешімдер қабылдауды талап етеді. Бір жақсысы, бүгінгі күнде, экономикалық ғылым шынымен де қайта өрлеу дәуірін өткеруде. Қысқа мерзімдегі және ұзақ мерзімдегі болашақта, экономика ғылымындағы фундаменталды идеялар және неокейнсиандық, неомонетарлық, неокардизм және неомарксизмнің ережелері барлық аспектілер бойынша бұрын-соңды біз білмеген тарихи синтезге ұшырап жатыр. Экономиканы екі қол басқарады, біріншісі - бұл атақты, нарықтың «көзге көрінбейтін қолы». Бұл сұраныспен ұсыныс. Бұл неомонетаризммен неокардизмнің әдістері. Экономиканы басқарудың мәдениетімен қасиеті, ол әр периодта өсуімен төмендеуі кезеңдерінде нарықта «көрінбейтін қол» әдісін оңтайлы, пайдалы қолдану болып табылады. Экономиканы басқарудағы екінші ереже, бұл - нарықтағы «көзге көрінетін қол» түсінігі. Бұл неокейнсианстық және неомарксизм әдістері.  Экономиканы басқару ғылымы анықтап бергендей, нарықтың «көрінетін қолы» негізінен, рецессия, құлдырау және дағдарыс кезеңдерінде іске қосылады. Бастысы, экономикадағы іскерлік даму циклын дұрыс біліп, экономикалық реттеумен жоспарлау әдістерінің байланысын ұтымды пайдалану болып отыр. Мәселені қалай шешу керек, бұл енді экономикалық ғылымның басты фундаменталды мақсаты.

Серік Аханов,  Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының Кеңес төрағасы, экономика ғылымдарының докторы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467