Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3184 0 пікір 19 Тамыз, 2011 сағат 06:34

Ақтан Төкіш. Мәңгүрт

Мен оларға міндетті түрде мәңгүрт жайлы әңгімені айтып беремін. Бұл аңыз ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа көшіп келеді. Адам баласы үшін ең қауіпті, ең қорқынышты осы бір құбылысты әрбір жаңа ұрпақ білсін деп талмай айтылып келе жатқан аңыз. Әрбір бейбіт мал баққан адам  Далада жауынгер болуы тиіс деп түсіндірмекпін. Көшіп-қонып жүргенде олар өз жайылымдарын дұшпандардың алып қойғанын көруі мүмкін. Немесе дұшпандары кенеттен шабуыл жасап, шайқасқа араласып кетуі жиі болып тұрады. Ондай кезде қариялар мен ана-балаларды Далаға жіберіп, өздері дұшпан айдап кеткен малды қайтаруға аттанады.

Мәңгүрт жайлы аңызда осындай бір шабуыл кезінде болған оқиғаға құрылған.

Мен оларға міндетті түрде мәңгүрт жайлы әңгімені айтып беремін. Бұл аңыз ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа көшіп келеді. Адам баласы үшін ең қауіпті, ең қорқынышты осы бір құбылысты әрбір жаңа ұрпақ білсін деп талмай айтылып келе жатқан аңыз. Әрбір бейбіт мал баққан адам  Далада жауынгер болуы тиіс деп түсіндірмекпін. Көшіп-қонып жүргенде олар өз жайылымдарын дұшпандардың алып қойғанын көруі мүмкін. Немесе дұшпандары кенеттен шабуыл жасап, шайқасқа араласып кетуі жиі болып тұрады. Ондай кезде қариялар мен ана-балаларды Далаға жіберіп, өздері дұшпан айдап кеткен малды қайтаруға аттанады.

Мәңгүрт жайлы аңызда осындай бір шабуыл кезінде болған оқиғаға құрылған.

Жоңғарлар Далада аты шыққан жас батырды қолға түсіреді. Жоңғарлар үшін бұл керемет олжа еді. Жас батырға жоңғардың қызын беріп өздерінің батыры етуге, оның батырлық өнерін, әскери шеберлігін үйреніп өз әскерлерін дайындауға болады. Жоңғарлар өздерінің жас қазақ батырын тұтқынға алғанын ерекше мақтаныш тұтып, бүкіл далаға жария етеді. Бірақ, қазақ батыры жоңғарларға көнбейді, елін аңсай берді, бірнеше рет қашудың амалын жасады. Сол үшін оны талай рет азаптап, ұрып, аш ұстап, ағашқа байлап көндірмек болды, бірақ ол қашу әрекетін қоймады. Екі жылдан соң жоңғарлар жас батырдың күшін малшы ретінде пайдаланбақ болды. Ол үшін оның еркін сындырып, еліне, қазақ даласына деген аңсауын ұмыттыруы тиіс болатын. Жаздың қайнаған бір ыстық күндерінде жоңғарлар жас батырды шөл далаға алып барып, шашын ұстарамен тықырлап,  басына малдың жаңа сойылған терісін таңып байлап, мойнына қамыт салып далаға жалғыз қалдырып кетеді. Қайнаған ыстық күнде басындағы терісі кеуіп, жігіттің басын қыса бастайды. Қолымен басындағы теріні алып тастауға мойнындағы қамыт мұрша бермейді. Жақын жерде өзен немесе тау жоқ, суға батып немесе тастан құлап өлуге де мүмкіндік жоқ. Жол алыс, аяғы құрсау. Күні бойы шөл азабы қысты, түнде басындағы терінің қылшықтары басына кіріп қышытып ұйықтатпады, есінен тандырды. Жігіт азаптан ұли бастады. Ол Тәңіріне сыйынып «жоңғарлар келіп өлтірсе екен» деп жалбарынды. Бір күннен кейін тері әбден кеуіп жігіттің басына темір телпек болып жабысып қалды. Осындай жан төзбейтін азапты жағдайда екі күн өтті. Басындағы қайта өсе бастаған шашы қатып қалған көн теріден өте алмай, мыңдаған шаш инелері оның бас терісіне қадалды. Бесінші күні шөл далада сусыраған жігіт есінен танып құлап жатты. Осыдан кейін жоңғарлар оған күніне екі рет аузына су тамызатын болды. Жан төзбейтін бастың ауруы азая бастады. Жігіт тек қана су ішуден басқаны ойламады, басқа ойлар жоғалды. Су әкеп берген адам оған құдайдай болып көрінді. Үш аптадан соң жоңғарлар жігітті қостарына алып келді. Бірақ бұрынғы тәкаппар, ер жігіт жоқ, қожайынына қарсы келмейтін үнсіз құл. Балалар оны мазақ қылды, кеше ғана оның қасына жатуды армандаған қыздар жиіркеніп теріс айналды. Талай соғысты, талай батырдың ерлігін көргендер үнсіз, қор болған, қорқақ мінезді езге айналған бишараны көріп өз істегендеріне өздері ұялды. Бірте бірте оған да үйренді. Кезінде батыр болған тұтқын қазақты бәрі ұмытты, енді олардың алдарында көз жанары солған, кәупек дәуқара жүрді. Мәңгүрттің бір қасиеті - не тамақ берсең де жей береді, жұмысқа төзімді, бала сияқты тілалғыш, ең жақсы мінезі  -  ешқайда кетуге тырыспайды, ештеңені ойламады, өткенін, кім болғанын білмейді. Күндердің бір күнінде жоңғарлардың мәңгүрт тұратын қосында қолына таяқ ұстаған, қалжыраған, қартайған бір шал пайда болды. Шал жас жігіттердің бетіне қарап біреуді іздегендей жүретін. Шал сөйлемегендіктен оны мылқау деп ойлаған. Келесі күні шал сапарын жалғастырып жолға шықпақ болған кезінде мал соңында кетіп бара жатқан жігітті көрді. Оның іздеген адамы осы жігіт еді. Жігіт  шалдың немересі еді. Бірақ, басқа адам. Немересіне ұқсамайды. Көзі солғын, екі иығы салбыраған, үнсіз сұлба. Басындағы көн телпегін ұстаған мәңгүрт шалдың қасынан үндемей өте шықты. Селк ете қалған шал жігітпен сөйлескісі келген. Жоңғарлар шалдың кім екенін сол кезде түсіне қойып, оны жазаламақшы болады. Әуелі бұған  мәңгүрттің тарихын айтып береді. Шалды мазақтап: - Мынау кезінде қазақтың намысты батыр жігіті еді. Міне, көрдің бе, біздегі түрін - деп қарқылдап күлісті. Шалдың қатулы жүзі селт еткен жоқ, тек қана сүйегі ырсиған тарамыс саусақтарымен қолындағы таяғын қыса берді. Әңгімені толық тыңдап болған ақсақал бұл жерден кетеді. Бірақ алысқа бармай, жоңғарлар қосынының қасына тығылып жатады. Осылай күн өтеді, кеш түседі.

Осыдан үш жыл бұрын ақсақал әйелдер мен балаларды ертіп далаға кетіп, ұлы мен үлкен немересі ауылдың басқа жігіттерімен бірге жоңғарлар айдап кеткен малды қайтаруға шауып кетеді. Малын қайтарады, бірақ немересі жау қолына түсіп, оны байлап алып кетіпті. Немересін айлар күткен атасы жолға дайындалады. Егер немересі өлген болса ата-баба жолымен жерлеу керек. Осы борышты қайтсем де орындауға тиіспін деп бекінген ақсақал үш жыл бойы немересін іздеп жүрді. Енді ол немересінің аман-сау, тірі екеніне көзі жетті.  Мұндай азапты тек жабайы басқыншылар ғана ойлап табады. Жоңғарлардың айтуынша, адамның жадын жоюды оларға қытайлар үйретсе керек. Қазақтар ғасырлар бойы ата-бабасын, түпкі тамырын ерекше әспеттеген халық. Қазақтар адамның жадын құртып аман қалдырғанша оны өлтірген дұрыс деп санайды. Қазақтың әрбір баласы өзінің жеті атасын біледі, ата-бабаларының өмір тарихын, ұлы қазақ батырларының аты-жөнін, ұлы шайқастарды біледі. Сол себептен де ер азаматтар артымдағы ұрпағыма жаман атым қалмасын деп абыройы мен намысын жоғары ұстап өмір сүреді. Қазақ үшін жады - ерекше нәрсе. Қазақтың жады  -  қазақтың білімі. Білгені әкеден балаға, атадан немереге беріліп тұрады. Ру тарихы, әдет, салт-дәстүр, көші-қон жолдары, жайлауы мен қыстауы, су ішетін құдығы, шежіресі мен жылнамасы, табиғаттың  «тілін» оқу, оны пайдалана білу, әскери стратегия, басқа рулардың қыстауы, тұрмыстық құрылымы, ру ішіндегі сатылы қарым-қатынас  -   осының бәрін жады арқылы сақтап, көшпелі халықтың өмір  әлемін жады арқылы суретке салып қалдырды. Жады жоқ қазақ  -  сұм қазақ. Енді оның немересінің жады жоқ яғни, ол адам емес, құр сүлде. Неге қолы мен аяғын шауып тастамады, ең болмағанда адам болып қалар еді. Неге өлтіре салмады?! Қорқақ адам дұшпанын сындыра алмаса, оның жадын жояды. Жады жойылған адам  -  өлген адам. Сенің оны өлтіргенің, оның жадын жойғаннан гөрі әділетті, әрі адамгершілік болар еді! Дұшпаның сенің жадыңа тиіспей, оның отанына деген махаббатын, өз халқына деген  адалдығын  өзінде қалдырғаны  -   дұшпанын сыйлағаны, оның рухы мен қуатына құрметі. Шалдың көзінен жас парлап ақты, бірақ байсалдылығын жоғалтпады. Шалдың сапары аяқталып келеді. Енді жоңғарлардың әңгімесінің рас, өтірігін тексеру ғана қалды. Таң қылаң бере бастаған кезде ақсақал ағаш түбінде ұйықтап жатқан мәңгүрт немересіне келді. Бала кезінде немересіне айтатын: «Жаным менің, көзім менің, ботам» деп айналып толғана бастады. Мәңгүрт көзін ашып шалдан шошынған кейіп танытты. Оң қолымен басын ұстап, сол қолымен найзасын қармалай бастады. Шал айналған сөздерін тағы қайталап айтты. Бір кезде мәңгүрт атасына қолын сермей бергенде шал көз ілеспес жылдамдықпен пышақты немересінің жүрегіне кіргізді...

Таңертең мәңгүртке тамақ әкелген әйел, оның өліп жатқанын хабарлады. Жоңғарлар батысқа қарап еді, алыс көкжиекте бүкірейген шалдың ұзап бара жатқанын көрді. Жоңғарлар ашуланғанын да, сасқандықтарын да білдіре алмады. Шалдың артынан қуғын да жібермеді. Кімге керек, қауқарсыз қайыршы шал....

«Мәңгүртстан» романынан үзінді

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5477