Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2869 0 пікір 22 Тамыз, 2011 сағат 09:02

Нұрперзент Домбай. Байбалам салушыларға бола жүрісімізден жаңылмайық

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге байланысты таудай деп айтпай-ақ қоялық, тамшыдай дерлік ұсыныс не жөнді сөз айтылып жатса болды, кейбір орыстілді отандастарымыз астынан су шыққандай, ыршып түсетіні бар. Бұл жолы да солай болды. Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы ретінде әлі қалыптаса қоймаған мәтінмен танысқан қайсыбіреулер ақырзаманды үйсін келіп. «Ойбай, бұлай болса біз чемоданымызды алып кетеміз», «Конституция талаптары қайда? Конституция адамдар үшін бе, әлде адамдар Конституция үшін бе?», «Қазақ тілі - тұрмыста ғана қолданылатын тіл. Қазіргі заманға келмейді»... деген сарындас сөздер. Орыстілді электронды БАҚ-тардағы бұл сөздердің иелері кім, не қызмет істейді? Бұл жағы белгісіз. Әйтеуір, тисе - терекке, тимесе - бұтаққа деген пәтуасыз бораған сөздер. Сонда шортандай тулап жүргендердің «намысына» тиіп қалған нендей өзгерістер? Мәселен, мемлекеттік мекемеге адамдар тек мемлекеттік тілде ғана өтініш, шағым жазса, бұған неге реніш танытуға болады екен. Тіптен қиналса сол өтініш, шағымдардың үлгілері маңдай алдында ілулі тұрмай ма? Ондай үлгілердің неше түрін әзірлеп қоюға жергілікті мекемелердің қауқары жетеді. Мемлекеттік қызметкер азаматтардың сауалына мемлекеттік тілде жауап берсе - бұл өрескелдік пе? Мемлекеттік мекемеге қызметке алынған маманның мемлекеттік тілді білетіні не білмейтіні тексеріліп жатса, оның заңға несі қайшы?

Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге байланысты таудай деп айтпай-ақ қоялық, тамшыдай дерлік ұсыныс не жөнді сөз айтылып жатса болды, кейбір орыстілді отандастарымыз астынан су шыққандай, ыршып түсетіні бар. Бұл жолы да солай болды. Мемлекеттік тіл туралы заң жобасы ретінде әлі қалыптаса қоймаған мәтінмен танысқан қайсыбіреулер ақырзаманды үйсін келіп. «Ойбай, бұлай болса біз чемоданымызды алып кетеміз», «Конституция талаптары қайда? Конституция адамдар үшін бе, әлде адамдар Конституция үшін бе?», «Қазақ тілі - тұрмыста ғана қолданылатын тіл. Қазіргі заманға келмейді»... деген сарындас сөздер. Орыстілді электронды БАҚ-тардағы бұл сөздердің иелері кім, не қызмет істейді? Бұл жағы белгісіз. Әйтеуір, тисе - терекке, тимесе - бұтаққа деген пәтуасыз бораған сөздер. Сонда шортандай тулап жүргендердің «намысына» тиіп қалған нендей өзгерістер? Мәселен, мемлекеттік мекемеге адамдар тек мемлекеттік тілде ғана өтініш, шағым жазса, бұған неге реніш танытуға болады екен. Тіптен қиналса сол өтініш, шағымдардың үлгілері маңдай алдында ілулі тұрмай ма? Ондай үлгілердің неше түрін әзірлеп қоюға жергілікті мекемелердің қауқары жетеді. Мемлекеттік қызметкер азаматтардың сауалына мемлекеттік тілде жауап берсе - бұл өрескелдік пе? Мемлекеттік мекемеге қызметке алынған маманның мемлекеттік тілді білетіні не білмейтіні тексеріліп жатса, оның заңға несі қайшы? Әлдекімдердің түн ұйқысын төрт бөліп жүрген «жайсыз жайттар» - заң жобасындағы осы іспеттес жаңалықтар. Жаңалықтар деп жай айтып отырмыз. Ақиқатына салсақ «Тіл туралы» Заңда мұндай баптардың болуы заңдылық. Қазір елге «Осы қазақ тілі неге өз тұғырында тұра алмай тұр?» десеңіз, алдымен айтатындары «Қажеттілік керек» дейді. Бұл уәжге толық қосылуға болады. Мемлекеттік тілге деген сұраныс, қажеттілік болмай, қазақ тілінің көсегесі көгермейді. Мемлекеттік тілді білмесе қызмет істеу, тіпті өмір сүру мүмкін болмайтындай жағдай тудыру керек. «Айналайын, міне, кітап, міне, тілашар, қазақ тілін үйрене ғой» деп арқадан қаққанмен, одан ешқашанда тілді үйренбейді де, құрметтемейді де. (Басы 1-бетте) Ал қажеттілікті қалай туғызуға болады? Жаңағыдай талаптармен. Жұмысқа тұрғысы келе ме - мемлекеттік тілде өтініш жазсын. Жиналыс, жиын өте ме - мемлекеттік тілде өтсін. Қазақстандық азаматқа қызмет көрсеткісі келе ме (сауда, көлік, байланыс...) мемлекеттік тілді білсін. Түйіні, Қазақстанда қызметке тұрған адам мемлекеттік тілді міндетті түрде білуі қажет. Осындай талаптардың жүзеге асуы арқылы қазақ тілінің өрісі ашылады, тіліміздің бойына қан жүгіреді. Мұндайда ұлты әзірбайжан болғанымен өзін қазақтан кем санамайтын Асылы Осман апамыздың мына сөзіне қалай ризашылық білдірмессің: «Егерде «Түйеге жантақ керек болса, мойнын созып жейді». Сондықтан да мемлекеттік қызметкерлерге қазақ тілін білуді міндеттесек, онда олар лауазымы үшін үйренеді. Ендігіде мемлекеттік тілдің өзіне арнайы заң керек. өлейін деп жатқан өзге тіл жоқ. Бәрі өзінің қалыбымен өркендеп келеді. Әрбір қазақстандық осы Отанды өзіне ортақ деп санаса, мемлекеттік тілді де ортақ деп қарауы тиіс». Орыс тілінің басты Отаны - Ресей екендігі белгілі. Осылай бола тұра ресейліктердің өздері орыс тілі үшін шыр-пыр болуда. Баспасөзден белгілі болып жатқанындай Ресейдің миграция қызметі осы елге сырттан келген азаматтардың орыс тілін қаншалықты білетінін тексеруді ұсынып отыр. Ресейдегі демография және аймақтық даму институтының басшысы былай дейді: «Қандай ретте де орыс тілінің беделін көтеру керек. Ел ішіндегі тұрғындар орыс тілін бірінші кезекте білуге міндетті». Ресейдің өзі мұқала, мызғи қоймайтын орыс тілі жөнінде осылай білек түре әрекет етіп жатқанда тіліміз жөнінде біздің жайбарақат, арқаны кеңге салып отырғанымыз қалай болар екен? Біздің ойымызша, біздің мемлекетіміздегі тіл саясатында шошып, үркитіндей негіз жоқ. Мемлекеттік тілге қатысты бағыт-бағдар да қолдауға тұрарлық. Расында да, мемлекеттік тіл - елді ұйыстырушы, біріктіруші басты тетік. Елдегі халықтың 65 пайызын қазақ ұлты құрап отырса, арамызда қазақшаны қазақтан кем білмейтін ұйғыр, өзбек, қырғыз... бауырларымыздың, сондай-ақ орыс отандастарымыздың ішінде де қазақшаны үйіріп әкетіп отырғандардың бар екенін ескерсек, орыс тілін тықпалай берудің не қажеті бар. Орыс тіліне келсек, ол - өлмейтін, қазақпен мәңгі өмір сүре беретін тіл. Оның маңызын ешкім жоққа шығара алмайды. Алайда қазақтың да, оның тілінің де өзгелерден еш кемдігі жоғын түсінетін, сезінетін уақыт жетті емес пе? Жеріміздің көлемі анау. Бір бұрышта тығылып отырған халық емеспіз. Жер көлемі жағынан дүниежүзінде тоғызыншы орында тұрмыз. Тәуелсіз, жеке дара елміз. Тәуелсіз мемлекеттің өз саясаты, ұстанған бағыты болады. Соның ең төресі - елдің атын иемденіп отырған ұлттың алаңсыз, бақуатты, жарқын өмір сүруіне жағдай жасау. Ал тілсіз ұлт қалай өсіп-өркендемек? Оның үстіне ол тіліңіз заң жүзінде мемлекеттік мәртебе алып отырса. Сондықтан біздің айтпағымыз - тілге қатысты дау-дамай көтерушілерден, байбалам салушылардан үркіп, шошынудың қажеті жоқ. Мұндайда санасы сергек, мақсатқа берік жандар «Ит үреді, керуен көшеді» демейтін бе еді. Бұл жолы да осы ойды ұстанған дұрыс. Міндет - тілге байланысты жетістіктерді молайтып, асу-биіктерді бағындыра беру. Мемлекеттің өз саясатын жүргізуде жалтақтамағаны, алған бетінен қайтпағаны абзал.

 

Нұрперзент Домбай

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443