Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4031 2 пікір 14 Мамыр, 2020 сағат 14:26

Аяқасты қылуға болмайтын дүниелер бар...

Онда тұрған не бар екен? Әп-әдемі!

..деп өте шығуға да болар. Бірақ, ойлап көріп едім, мынадай қорытындылар түйдім:

Тұскиізге небір өрнектер, суреттер салатын қазақ оны жөрге төсейтін кілемге салмаған екен. Аяқасты қылуға болмайтын дүниелер бар. Әйтпесе, дизайнның түбін түсірген қазақ емес пе еді, ежелден-ақ? Домбыраны төсеуішке өрнектей алмады деп пе едіңіздер? Ырымға, жөнге қатты мәе бергендіктен ондайды аяқасты қылмаса керек!

"Нағыз - қазақ домбыра" демеуші ме едік? Қазақтың бейнесін жерге салып, үстінен халықты жүргізуден не айырмашылығы қалды? Ұлы тұлғалар бейнеленген кілемшелер шығару салты бар ғой. "Абай-150", "Жамбыл-150" деген. Соларды біреулер байқамай жерге төсегенде шулаған едік. Домбыраның символикасы - ұлы тұлғалардан кем емес болса керек, қазақ үшін.

Біз ұлттыңымыздан ажырасақ - "ода тұрған не бар?" деген ұғымның кесірінен ажырайтын шығармыз, осы. Бұрын олай емес еді. Қазір қызы күйеуінен қайтса да "ештеңе етпейді, ода тұрған не бар" дейтін болдық. Баланың тілі орысша шықса да күле қарап "ода тұрған не бар" дейтін болдық. Ертең сол домбыра бейнелеген жерге төселетін кілемшелер шыққанда да үндемей қоя салармыз. Орыстың бір фильмінде эпизод боп еді. Алтын орда ханының үйіне жалынып кеп, дегеніне жете алмаған орыс шығып бара жатып босағаны әбден таптап, таптап кетеді. "Босағаны баспау" деген құндылықтың бар екенін біліп, әдейі жасаған қысастығы. Иә, ода тұрған түк те жоқ дерміз, қазір. Бірақ, бәрі сол құндылықтарды аяқасты етіп үйретуден басталады...

Түрлі пікірлер айтылып та жатыр екен. Өз пікірім осы. Салынып қойған нәрсе болса, мұның бәрі құр айғай боп та көрінер. Дегенмен, құмырсқа құрлы болсақ деген ниет. Ыбырай пайғамбарды отқа тастау үшін ғаламат от дайындап жатқанда бір құмырсқа тұмсығына су толтырып, отқа қарай жүгіріп барады екен. Сондағысы "тым болмаса ниетіміді білдірейін" дегені екен..

Алмас Алматов ағамыздың айтқаны бар еді: " біз төл өнерімізді өзіміз құнсыздандырып алдық. Тойымызға әнші шақырамыз да, домбырасын арқалатып, оны босағада дайындалған дастарханға отырғызып қоямыз. Ал, атам қазақ өнерлі адам келгенде бірден төрден орын беруші еді..." деп. Босаға былай тұрсын, аяқасты қылғандай боп тұрмыз-ау, дегенмен...

P.S. Эскизді жасаған кісілердің өнері мен еңбегіне сын айту ойда жоқ. Жаман ниетпен істемегені белгілі ғой. Ортақ тойға шын ықыласпен жасалған дүние. Тек сол ескерілмей қалғаны - құндылықтың аяқасты болуы боп тұр, әттең...

Едіге Құныпияұлы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5527