Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 20890 4 пікір 8 Қараша, 2011 сағат 04:44

Арман Әлменбет. Ынсап

Қазақта «ынсап» деген сөз бар екені анық. Бірақ сол сөзді күнделікті тұрмысымызда мүлде пайдаланбайтындаймыз. Соншалықты таныс бола тұра, мағынасы бұлыңғыр тартқан, ұғымы ойымызға бірден орала кетпейді...

Филология ғылымында «егер бір халықтың тілінде қандай да бір сөз болмайтын болса, онда ол халықта сондай ұғым, ондай түсінік мүлде жоқ» деген аксиома бар. Сөз дегеніміз ұғымның атауы. Мысалға, атқа мінген адам атының жүрісін жылдамдата түсу үшін, я болмаса қуған малын жасқау үшін пайдаланатын бұйымды қамшы деп атаймыз. Қамшы деген сөз айтылғанда бүлдірігі келіскен, ағаш сап, тоғыз өрім немесе қайысты тобылғыға байлай салған бір зат ойымызға келе қалады. Осы ойымыздағы сурет - ұғым. Сол ұғымның атауы - тілімізбен айтатын, құлағымызбен еститін, бес әріптен тұратын «қамшы» деген сөз.

Кокос өсімдігі бізде ешқашан өскен емес, қазақ оны кітап бетінен танығанға дейін ондай өсімдік бар екенін білген жоқ. Тиісінше, ондай сөз де болған жоқ. Сол сияқты тілімізде жоқ сөздердің барлығы біздің ұғымымызда да болмайды деген сөз. Бірақ әлгіндей тұрмыстық заттар, табиғат ерекшелігіне байланысты дүниелердің атаулары болмаса, адамгершілік қағидаларына қатысты ұғымдар мен абстрактылы түсініктердің атаулары қазақ тілінен табылмайтыны сирек. Десек те, солардың ішінде бүгінде көмескі тартып, қолданыстан түсіп қалғандары да баршылық екен. Соның бірі жоғарыда айтылған «ынсап».

Бірде бір үлкен кісі айналасындағы алқа қотан жиналған адамдарға ауқымды тақырыпта әңгіме айтып отыр еді. Мүдірмей сөйлеп тұрған. Бір мезгілде тура осы ынсап туралы айтар кезде қазақшасы сарқылып қалсын. Кестелене тоқылып келе жатқан мәтіні шатпақталды да қалды. Арудың шашынан сусып кеткен орамалша түсе қалайын деп тұрған сөйлемінің бір бөлігі ойсырап, үңірейіп қалды. Сол жағында бір үлкендеу кісі отыр еді: «ынсап», - деп, сыбыр етті. Сөйлеп тұрған кісі: «ә, нысап дей ме ондайды... иә, сол нысап», - деп әңгімесін жалғастыра берді. Сол жиыннан кейін ынсапты әрі өзім үшін анықтап алайын деп, әрі ел неге білмейді екен деп, сөздіктерге жүгініп едім. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде» бұл ұғымды нысанмен байланыстырыпты. Күндіз-түні сөз теріп, азапты жұмыстан шаршаған бір кісі формалық жағынан ұқсатып, сәйкестендіре салған болуы керек. «Қазақша-орысша сөздікте» «удовлетворение», «совесть» деп беріпті. Демек, орыстың ұғымында «ынсап» түсінігі жоқ деген сөз. Сондықтан қанағат пен ұжданның арасындағы ынсапты екі жақтан орап, «дәу де болса осы тұс болса керек» деп жобалап қойған.

«Қазақша-орысша сөздікте» ынсапты қанағат пен ұжданның арасына қоюы тегін емес. Қанағат белгілі бір жағдайда ашкөздікке салынбай, барға шүкіршілік ете білу болса, ынсап сол қанағатты тудыратын, Жаратушының бергеніне тәубе етуден пайда болатын адам жанының бір қазынасы. Ынсапты адам - иманды адам. Тілін кәлимаға келтірмеген болса да, әлдеқандай бір күштен қорқып, құлқынының қамын ойлап кетпей, сабыр етіп, қанағат ететін болса, жүрегінде иманның бастауы, көңілінде ынсап болғаны.

Адамға арам мен адалдың арасында таңдау жасайтын сәт келгенде ұжданы белгі береді. Арыңды былғап, ақиқаттан аттама дейді. Сонда байқасаңыз, ұждан деген - адамның Құдайдан ұялуы, яки қорқуы. Егер адам ұжданын тыңдаса, қанағат етеді. Сол екі ортада ынсап жатыр. Жүректегі ұждан мен амалдан көрінетін қанағатты байланыстырып тұрған көпір - сол ынсап. Ынсап тек материалдық құндылықтарға ғана қатысты керек қазына емес. Алла-Тағаланың кез келген берген нығметіне шүкіршілік ету үшін қажет.

Ынсап адамнан басқа бар жаратылыстың табиғатында бар. Қарны тоқ қасқыр қойға ешқашан шаппайды. Егер бір шапқанда бірнешеуін қарпып кетсе, онда қысқа қам жасағаны. Егер қасқырлар ынсапсыздыққа салынар болса, даланың бар аңын қырып салар еді. Бір кездері арқада киікті адамның қырып тастағаны секілді, сол жылдары ауылдан қанның исі шығып тұрады екен. Аңшысы бар, мылтық ұстап, көлік мінгеніне мәз болып, көздеріне қан толған боркемігі бар, бәрі жабылып қыс демей, жаз демей бейшара аңды аулай беріпті ғой... Өзім тәуір көретін бір ағам айтып отырушы еді:

«Бірде таудың етегінде жайылып жүрген киіктің табынын аңдып бардық. Мен мотоциклді жетектеп, дымымды сездірместен, қырды айналып арғы бетінен шықтым. Төрт-бес жігіт бір-бір мылтықты кезеп, бергі бетте қалған. Киік жарықтық, шашырап жайылып жатыр екен, достарымнан едәуір ұзап кеттім. Жетер жеріме жеттім-ау, деген кезде «Восходымды» гүр еткіздім де туралап тарта жөнелдім. Жер дүр сілкінді де, табын жөңки жөнелді. Әне-міне дегенше мылтықтың тарсылы да естіле бастады. Шеңбер жасап бес-алты рет айналдым да, оқтың дауысы басылғанда достарыма қарай жүрдім. Жиырмадай киік бірінің үстіне бірі құлап, жан тапсырыпты. Алып келген екі жартымызды тоғайдың арасына, көлеңкеге барып іштік. Қайтарда қансыраған киікті ешкім алып жүргісі келмеді, сол жерде тастап кеттік».

Қазір ойлаймын, «Елеңдеп, жас балаша жаутаңдаған» киіктің киесін еске алып, қазір сол кісілер алаңдай ма екен. Мүмкін, бір кездегі ынсапсыздықтары үшін іштей Құдайдан кешірім де сұрайтын шығар. Кей түндері түстерінде жан тапсырып жатқан киіктің мөлдіреген көзінен өздерінің сұлбаларын көріп, шошып оянатын да шығар...

Ынсапсыздық...

Бір мемлекет бар дейік. Ол жақта ешкім соғыс деген сөзді білмейді. Өйткені, олар ешқашан соғыс көрмеген. Бойларында зұлымдықтың жұқанасы да жоқ. Әй, ондай мемлекет болмайды-ау... Есесіне ынсап деген сөзді білмейтіндер көбейіп бара жатқан бір мемлекет бар. Бұл елде адамдар байыса, шіри байиды. Кедейленсе, жалтақтап кетеді. Иманның жартысындай ынсапты білмейтіндер көп. Ынсап жоқ жерде ұжданның да болмағаны.

Жоқты түгендей берсеңіз, «бір жоқты, бір жоқ тауып», түбіне жету қиындай береді. Ал ынсап сөзінің мағынасын жүректен емес, сөздіктен іздеп жүргенде ол жоқтар түгелденбек емес.

"Абай-ақпарат"

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446