Болат Дүйсенбі. Тәуелсіздік үшін күрестің сабақтары (басы)
Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма жыл толатын болса да, мемлекет құрушы қазақ халқының қордаланып қалған біраз мәселелерінің әлі де болса шешімін таппай жатқанының себебі не деген сұрақ - көзі ашық, көкірегі ояу әр қазақтың жүрегіне шаншу болып қадалып жүргені белгілі. Бірақ, біздің қазақ өзіне тән бейғамдау, тым төзімділік танытатын сабырлылығы мен үш жүз жылға таяу мойнына киілген отарлық саясаттың ықпалынан жігерінен айрылып, құлмінездікке душар болуынан ұлт мүддесі үшін ұйысу, табандылықпен күресу мәселесіне келгенде жалтақойлық пен аз табысқа тоқмейілсуге жол беріп жүргені де белгілі. Сонымен қатар, кезінде рушылдық пен жершілдікті тиімді пайдаланған отарлық аяр саясат қазақтың бойына шым - шымдап сіңірген өзімшілдік пен алауыздық та, біздің белсенді өз құқымызды қорғауымызға зиян келтіріп жүргені аян. Оған евроцентризм философиясында тәрбиеленген замандастарымыздың озық өркениет тек батыстың «пайда мен байлық адам бақытының шыңы» - деген сыңаржақ ұғымын алға тартып, шығыстың барша адамзатқа адами құндылықты бағалауды үйрететін рухани өркениетінен айрылғаны да қосылып отыр. Қазақ халқының осындай күрделі жағдайына қоғамдағы тіршілікке байланысты туындайтын көптеген қолайсыз жағдайлардың да әсер ететінін естен шығармауымыз керек.
Қазақ елінің тәуелсіздік алғанына биыл жиырма жыл толатын болса да, мемлекет құрушы қазақ халқының қордаланып қалған біраз мәселелерінің әлі де болса шешімін таппай жатқанының себебі не деген сұрақ - көзі ашық, көкірегі ояу әр қазақтың жүрегіне шаншу болып қадалып жүргені белгілі. Бірақ, біздің қазақ өзіне тән бейғамдау, тым төзімділік танытатын сабырлылығы мен үш жүз жылға таяу мойнына киілген отарлық саясаттың ықпалынан жігерінен айрылып, құлмінездікке душар болуынан ұлт мүддесі үшін ұйысу, табандылықпен күресу мәселесіне келгенде жалтақойлық пен аз табысқа тоқмейілсуге жол беріп жүргені де белгілі. Сонымен қатар, кезінде рушылдық пен жершілдікті тиімді пайдаланған отарлық аяр саясат қазақтың бойына шым - шымдап сіңірген өзімшілдік пен алауыздық та, біздің белсенді өз құқымызды қорғауымызға зиян келтіріп жүргені аян. Оған евроцентризм философиясында тәрбиеленген замандастарымыздың озық өркениет тек батыстың «пайда мен байлық адам бақытының шыңы» - деген сыңаржақ ұғымын алға тартып, шығыстың барша адамзатқа адами құндылықты бағалауды үйрететін рухани өркениетінен айрылғаны да қосылып отыр. Қазақ халқының осындай күрделі жағдайына қоғамдағы тіршілікке байланысты туындайтын көптеген қолайсыз жағдайлардың да әсер ететінін естен шығармауымыз керек. Жиырма жыл өмір сүріп отырған біздің қоғамымыздың қалыптасу кезеңі әліде болса біраз қиыншылық пен қайшылықты бастан кешіретіні белгілі. Өйткені қоғамның өмірі өзін қоршаған әлемдік қауымдастықтар мен қоса өз халқының талаптарымен де ұштасып өрбитін табиғи заңдылыққа бағынатыны ақиқат. Осы даму заңдылығының бір ерекшелігі әр мемлекеттің өзіндік ұтымды, парасатты, жігерлі ұстамына байланысты халқының рухани құндылықтары сақталып, дәулетті, тәуелсіздігі мен егемендігі берік сақталатын мәдениеті жоғары ел болып қалыптасатыны хақ. Бодандық құрығынан құтылып тәуелсіздігін алған халық егеменді ел болуын қаласа, ең алдымен жігерлі түрде отарлық саясаттың бодандықта болған жұрт жадына сіңдірген тегеурінді ықпалынан құтылуы шарт. Ал, егерде, егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауда жігерсіздік танытып, былқылдақтық көрсетсе ондай халықтың келешегі жоқ. Бұл қоғамдардың даму заңдылығының бұлтартпас қағидасы. Және де осы жағдайдан құтылуға ешқандай да айла мен табиғи байлықтар араша бола алмайды. Бұл заңдылықтарды кейбір Африка мен Азия елдерінің бодандықтан ондаған жылдар бұрын құтылса да әлі күнге дейін алпауыт мемлекеттердің қанауынан шыға алмай отырғандары растап отыр. Халықтың дана сөзі бар - «Дұшпан күлдіріп , дос жылатып айтады» деген. Ал, біз шетелдіктердің арқадан қағып - «сендер керемет саясаткерсіңдер, ақылдысыңдар, жомартсыңдар, кеңпейіл демократсыңдар» дегеніне марқайып, олардың бармақтарын ішіне бүккендерін көрмей, ұпайымыздан айрылып қалатынымызды ұқпай, опық жеп жүрміз. Айламызды асырамыз деп айдаһардан қашып, өзім үйренген жауым деп азулы аюдың құшағына еркімізбен кіруіміздің артында не жатқанын пайымдамағанымыз аңғалдық па, жоқ әлде бізге белгісіз есептен туған «жайдақтық» па? Сондықтан да, біз қазақ елінің болашағын ойласақ, өткен жиырма жылда қоғамның даму жолындағы болып жатқан өзгерістерге сын көзбен қарап, қайда бара жатырмыз, бетімізді қалай түзейміз деген сұрақты өзімізге жиі қоюға тиіспіз. Осындай қадамға баруға халықты итермелеп отырған тағы бір жағдай, ол өкіметтің мемлекет тіліне жанашырлық танытуына байланысты ел ішінде тіл мәселесін саясатқа айландырып отырған орыс тілді ақпараттар мен кейбір қазақ халқын әлі күнге дейін менсінбей келе жатқан топтардың әрекеттері болып отыр. Өкініштісі, тілдер туралы заңға толықтыру енгіземіз деген өкіметтің, бірер баспалар шу көтерді деп, өз ұсынысынан өзі бас тартып, жігерсіздік танытуы қоғамдағы өз шешімін таппаған кейбір келеңсіз жағдайлардың дамуына әкеліп, келешекте үлкен саяси дағдарысқа апаратын жолды ашып отыр. Егер, тарихқа жүгінетін болсақ осыдан жиырма бір жыл бұрын 1989 жылы Қазақ Республикасында тілдер туралы заң қабылдануын сылтауратып біраз саяси ойындардың ұйымдастырылғаны белгілі. Және оның тамыры терең империялық саясатта жатқанына ешкім күмән келтірмейді. Ол кездегі Одақтың ыдырауы күн тәртібінде тұрған сәтте басқа халықтарды бодандық құрсауынан шығармау бағытында жасалған кейбір шаралар өз жемісін беріп те жатты. Мысалы, Молдавия елінде империялық саясатты қорғаған шовиннистік топтың сепаратистік қозғалысы, әскерилердің күшімен Днестр өзенінің жағалауында ұлттық әкімшілік - территориялық құрылымын жасап алды. Сондай саяси жобалардың бірі - Шығыс Қазақстаннның орталығы Өскемен қаласында да ұйымдастырылған болатын. Оны ұйымдастырушылар 1989 жылғы қабылданған «Тілдер туралы заңды» желеу етіп, қазақ халқының егемендігін алып, тәуелсіз ел болуына қарсылық ұйымдастырған еді. Тәуелсіздігімізге қарсы істелген шараларды ұйымдастырып ел арасына іріткі салғандар, сол кездегі шовинистік бағыт ұстанған, Ресей ұлы державалық империя саясатын қолдайтын аздаған интелегенция топтары болатын. Осы топтар өз қимылдарын ұлттық қозғалыс деңгейіне көтеру мақсатында славян халықтарының бастарын қосып үлкен күшке айландыру жолында біраз жұмыс жүргізді. Олар қарапайым халықтардың арасында славян халқтарының мәдени құндылықтары мен тілінің сақталуын қорғауымыз қажет дегенді сылтауратып үгіт-насихат жүргізумен шұғылданды. Өскемен қаласында 1989 жылдары «Славяндар мәдени қоғамы» орталығы(П. Бортник), «Родина» ассоциациясы(Орыс автономиясының ұлтшыл демократиялық интелегенттерінің бірлестігі(Н. Головков), «Жоғарғы Ертіс казактар одағы»(Е. Запорожец, Черепанов) құрылды. Бұл ұйымдар өз жұмыстарында ешқандай да мәдени құндылықтар мәселесін көтерген жоқ, тек қазақ елінің егемендігіне қарсылық білдіретін топтарды жинау мақсатында насихат жүргізіп, Ертістің оң жағалауында Орыс ұлттық автономиясын құру мәселесін көтерді.Осы қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын бір үлкен күшке айландыруға белсенділік көрсетіп, оларға рухани жетекшілік жасап, көсем болғандар КСРО Жоғарғы Кеңесі мен Шығыс Қазақстан облыстық кеңес депутаттары Петрушенко, С.Васильева, Н.Головковтар еді. Шығыс өңірінде автономия құру ұранын көтеріп біраз арандатушылық әрекеттердің көшбасшысы болып, әр деңгейдегі Советтердегі депутаттардың басын осы мәселе бойынша біріктіріп отырған М.Н.Головков болатын (Оның «еңбегін» бағалап, жақтастары, облыс әкімі болған В.Меттенің қолдауымен, кейінде Қазақ республикасының Жоғарғы Кеңесі депутаттығына сайлап, өлгеннен соң жасырын, тұрғындардың келісімінсіз шешім қабылдап Өскемен қаласында орталық бір көшеге оның аты берілген. Ал осы қалада шын тәулсіздік үшін еңбек сіңірген бір адамға ондай құрмет осы күнге дейін көрсетілген емес). Сол кездегі тәуелсіздікке ұмтылған республикалардың ішінде іріткі жұмыстардың бел алуына Кеңес одағының империялық амбициясынан туындаған, жүздеген жыл бодандықта болған халықтарды өз уысынан шығармауға бағытталған саясатының ықпалы еді. Осындай саясаттың салдарынан ұлттық республикаларда егемендікке апаратын қадамдар жасай бастаған кездерде, оған қарсы сепаратистік бағытта белсенді жұмыстар ұйымдастырыла басталды. Және де осы сепаратистік қозғалысты сол кездегі орталық басқару жүйесі заңдастыруға мүмкіндік жасап отырды. Мысалы, 1990 жылдың 26 сәуірінде КСРО ның президенті М.Горбачевтің қол қойған атышулы «Өз ұлтының мемлекеттік құрылымдарының сыртында тұратын немесе КСРО аумағында ондай құрылымы жоқ КСРО азаматтарының ұлттық бостандықта дамуы туралы» заңы дүниеге келді. Осы заңның 7 - бабында: «КСРО аумағында өздерінің ұлттық - мемлекеттік құрылымдары жоқ, бірақ та тұрғындардың көпшілігін құрайтын, шоғырлана қоныстанған жерлердегі ұлт топтарының ұлттық, рухани және тілге байланысты азаматтық талаптарының орындалуына ықпал тудыратын ұлттық әкімшілік - территориялар құруға мүмкіншілік беріледі (ұлттық аудандар, ұлттық елді мекендер және ұлттық селолық кеңестер)» - дейді. Сонымен қатар, ең сорақысы осы баптың соңында: «Одақтық , автономдық республикалардың келсімімен басқа да жағдайларда ұлттық әкімшілік - территория құрылады» - делінген. Заңның осы 7 - бабында «...ұлттық әкімшілік - аумақтарды құру, сол жерлердегі тұрғындардың көпшілігінің ерікті пікір білдіруіне негізделеді...» деп сепаратизм тудыру жолындағы құқықтарын нақтылап көрсеткен. Cол кездегі КСРО жоғарғы депутаттары болып қазақ елінің намысын қорғап жүр деген бетке ұстар азаматтарымыздың осы заңды қол шапалақтап қарсы алғандары әлі күнге дейін түсініксіз. Бұл заң одақтық, автономдық республикалардың жергілікті халықтарының құқын өрескел бұзып, олардың өз тәуелсіздіктерін аңсауға да мүмкіншілік бермейтін, мойнына бодандық қамытын мәңгі кигізуді бекіткен болатын. Өйткені, басқа халықтардың өкілдері осы заңға сүйеніп талаптар қойса одақтық, автономдық республикалардың барлық қалаларының, өнеркәсіп дамыған аймақтары мен тың игерілген жерлердегі тұрғындарының көпшілігін жергілікті халықтар емес басқа ұлт өкілдері құрайтын болғандықтан ондай құрылымдар құрылатын жағдайда жергілікті халықтар тұратын ел аты бар, бірақ заты жоқ ұлттық - мемлекет құрылымына айналатын еді. Өкініштісі, дер кезінде Орта Азия, Кавказ, Балтика елдерінен басқа одақтық республикалар осы қитұрқы саясатқа ұтымды тосқауыл қоя алмады. Керісінше ол кездегі билік қоғамдық пікір қалыптасуына ықпал ете алмай, кейбір жерлерде бейресми қоғам ұйымдары халық арасында өз пікірлерін таратып ұлтаралық қарым - қатынастарды саясаттандыра бастағаны белгілі. Сол кездердегі елімізде құрылған көптеген демократия бағытын ұстаған ұйымдар демократиялық ұрандарды ұтымды пайдаланып, белсенді азаматтарды ұлттық мүдде үшін күресетін сана қалыптастыратын жолдан адастырып отырды. Өскемен қалсында 80 - ші жылдардың аяғында құрылған бейресми ұйымдар өз жұмыстарын демократиялық құндылықтарды насихаттаудан бастап, аяғын ұлтаралық қарым -қатынастарды шиленістіретін жағдайға алып келді. Өскемен қалалық , Октябрь және Ульба аудандық Советтерінің кейбір депутаттарының ықпалымен қалада «Депутаттар таңдауы» тобы қоғамдық ұйымын құрып, қазақ елінің егемендігіне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Қазақ елінің өз егемедігін алып мемлекет болуына және қазақ тілінің мемлекттік тіл статусы берілуіне қарсы «Славяндар мәдени қоғамы» (кейінде республикалық «Лад» ұйымына кірген) насихаттар жүргізіп, ойдан шығарған ақпараттар таратып, халықты қарсы күреске шақырған үнпарақтарынан үзінділер келтіре кеткен жөн, мысалы:
«Мы призываем Вас востать против тех националистических сил в нашей республике, которые сеют рознь между народами. Партия «Алаш» (ол кезде ондай партия құрыла қойған жоқ) ставит цель создать единое тюркское государство и уже готовится съезд националистов в Узбекстане в Ташкенте. Из-за притеснений и угроз в Алматинской, Джамбулской, Семипалатинской областях сотни семей Чеченцев покинуло Казахстан. Республика дружбы народов порождает беженцев. Побудительным актом для националистов стали Закон и Программа Совмина Каз. ССР о языках, которое предусматривают принудительное распространение казахского языка даже в тех районах, где 90(процентов) рускоязычного населения» ... «Мы протестуем против спешного принятия Закона о сувернитете Казахской ССР. Мы за сувернитет республики, но основанной на таком же право сувернитета областей и районов.» дегенді жазды. Осы таратылған үнпарақтағы қойылған талаптары мынандай еді:
«Товарищи!
Объединимся и будем непреклонны в требовании:
1. Объявить Усть-Каменогорск и прилегающие к нему районы национальной
территорией, где государственным языком останется русский.
2. Провести через референдум Законы о языках, собственности сувернитете, предоставив право самому народу мирным демократическим путем решить свою судьбу.
3. Сформировать Верховный Совет Каз. ССР из двух палат: республики и национальности, гарантировав тем подлинное равноправие народов, проживающих на территории Каз. ССР.
ТОВАРИЩИ ! ОБЪЕДЕНЯЙТЕСЬ !
Принимайте на собраниях коллективные протесты и требования ! Шлите их в местные Советы и в Верховный Совет республики. Чтобы сохранить
добрососедство и дружбу народов в нашей республике, действуйте немедленно. Завтра может быть поздно.
Общество Славянской Культуры,
Г. Усть - Каменогорск.»
Депутаттар М.Н.Головков, Н.Б.Иванов, Г.И.Шпарага, Т.В.Казанцева,В.В.Патраков, А.Ф.Агарков, И.А.Любимов, А.Т.Босоногов, С.М.Сабристов, В.С.Аксенов, В.В.Попов, А.И.Черкашина, В.ВБоговицкий, Е.А.Филимонов бастамашы депутаттар тобын құрып, Өскемен қалалық және Октябрь мен Ульба аудандық Кеңестеріне және атқару комитеттеріне өз ықпалдарын жүргізіп, осы Кеңестердің біріккен сессияларында жоғарыда аталған Одақтың заңына сүйеніп, Өскемен қаласы және оның маңайындағы аудандарда ұлттық әкімшілік- территория құру үшін референдум өткізу туралы Қазақ ССР -ның Жоғарғы Кеңесіне талаптар қойған мәселелерді талқылауды іске асырды.
(жалғасы)
«Абай-ақпарат»