Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2217 0 пікір 15 Қараша, 2011 сағат 10:10

Желтоқсанның жалауы желбіреген алаң жоғалып барады...

Бостандықтың бозала таңы атқанына 20 толса да «социализм орнатамыз» деп ұрандатқан қызылдардың құлдығынан қалған санамыздағы сарқыншақтан әлі де айыға алмай келеміз.

Ал, сол бодандықтың қамыты быт-шыт болып талқандалған, қазақтың қыршындарының қызыл қаны төгілген, Тәуелсіздіктің тағдыры шешілген Алматыдағы қасиетті алаң көз алдымызда жоғалып барады.

Алаш баласының Азаттық үшін арпалысқан, алысқан, ақ жанын қиып, қасық қанын төгіп атойлап алға шығып, қас дұшпанның қабырғасын қақырата сөккен қасиетті алаңның жұқанасы да қалмай барады.

Тәуелсіздіктің тарихи алаңы ретінде сақталу тиіс Алматының қақ ортасындағы алаңның баяғы көрінісі көзден ғайып болған. Әне бір жылы азаматтардың қарсылығына қарамастан қала әкімшілігі алаңды үңірейтіп, үңгіп қазып, жер асты сауда ойын-сауық кешенін салуды бастап кеткен. Қазір қазылған жердің үсті жабылды. Астында не болып жатқанын бір Құдайдың өзі біледі.

Сөйтіп, Тәуелсіздік монументі мен жолдың арғы жиегіне дейінгі аралық қалған еді. Бұған да тәуба десіп жүр едік. Сол аралықта жылда Желтоқсан ұлт -азаттық көтерілісіне қатысқан азаматтар жиналып, бас қосатын. Ұлттың мүддесіне, мұрат-мақсатына қайшы істерге қарсылықтар да сол жерде өтетін еді. Енді ол күндер де тарихқа айналатын болды.

Тұп-тура Тәуелсіздік монументінің алдынан бар алаңды алып жатқан аумақта көп функциялы жер асты жолы салынып жатыр екен. Монумент және оның айналасындағы ескерткіштер үшін аядай ғана жер қалыпты. Бардық. Көрдік. Ішіміз қан жылады. Күресуге дәрмен жоқ. Алаңдағы жағдайды алақандағыдай көріп отырған қала әкімшілігі ғимаратындағы ұлықтар үнсіз. Алаңды апай-топай етіп жатқандар да солар.

Желтоқсан көтерілісі тарихқа айналып, 25 жыл толса да базбір адамдарды күні бүгінгі дейін үрей құшағында ұстап келе жатқан сыңайлы. Сол үрейден құтылудың амалы алаңды жою деп білсе керек. Алайда, Алаштың жадынан Желтоқсанды ешқашан ешкім де өшіре алмақ емес.

Әлбетте, мұны білген жергілікті биліктің тарихи жады оянып, құрылысты тоқтауға бұйрық етеді дегенге сенбейміз. Дегенмен, «үмітсіз шайтан»...

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5534