Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3460 0 пікір 24 Қараша, 2011 сағат 06:29

Ырысбек Дәбей. «Кімдер бар да, кімдер жоқ...»

Өзін өзі сақтап қалу бүкіл тіршілік иесіне тән қасиет. «Махаббатпен жаралған адамзат» үшін оның мәні мен мазмұны басқа дүние. «Абайдай арт жағына сөз қалдырып, дәриға-ай жақсы екен ғой өлу деген» деп шырқаған жезтаңдай әнші Әсеттің осы бір асқақ үнінде адамзаттық мұраттың, адами қасиеттің бүкіл болмыс-бітімі жатыр деп айтуға болады. Кім келіп, кім кетпеген ескі сарай дүниеде пенде баласының гуманистік ақыл-ойын арқалаған ақын-жазушы үшін, уақыт сыны алдында берер жауабы да басқа. Саналы ғұмырын сарып еткен осы бір жандардың «айтып жүрер» несі бар, жалпы «шығармашылықта өзіңді өзің қалай сақтап қала аласың» деген сауалға жауап іздестірген едік. Әрине, әдебиеті ұлы халықтың өзі де ұлы болатынын ескерсек, жаңағы біз айтқан мәселеде ұлттың өміршеңдігі де қамтылса керек. Сонымен...

 

Есенғали Раушан, ақын:

«Боларыңда болып өт»

- Адамның өзін жоғалтпай сақтап қалуының салынған дайын жүйесі жоқ шығар деп ойлаймын. Бірақ өзімнің анық көзім жететін бір нәрсе - өтірік айтпау. Өнерде де, өмірде де жалған сөйлемеуге тырыссаң өзіңді сақтап қалудың біден бір жолы сол. Әлбетте, менің де өкінетін тұстарым көп. Дегенмен, баяғы ағалар тапсырған аманат - әдебиетке, өнерге адал болуға тырыстық. Ол қаншалықты қолдан келді, оны айтатын мен емес қой. Айтайын деген ойым былай, қазақ айтады:

«Боларыңда болып өт,

Боз жорғадай желіп өт.

Өзін өзі сақтап қалу бүкіл тіршілік иесіне тән қасиет. «Махаббатпен жаралған адамзат» үшін оның мәні мен мазмұны басқа дүние. «Абайдай арт жағына сөз қалдырып, дәриға-ай жақсы екен ғой өлу деген» деп шырқаған жезтаңдай әнші Әсеттің осы бір асқақ үнінде адамзаттық мұраттың, адами қасиеттің бүкіл болмыс-бітімі жатыр деп айтуға болады. Кім келіп, кім кетпеген ескі сарай дүниеде пенде баласының гуманистік ақыл-ойын арқалаған ақын-жазушы үшін, уақыт сыны алдында берер жауабы да басқа. Саналы ғұмырын сарып еткен осы бір жандардың «айтып жүрер» несі бар, жалпы «шығармашылықта өзіңді өзің қалай сақтап қала аласың» деген сауалға жауап іздестірген едік. Әрине, әдебиеті ұлы халықтың өзі де ұлы болатынын ескерсек, жаңағы біз айтқан мәселеде ұлттың өміршеңдігі де қамтылса керек. Сонымен...

 

Есенғали Раушан, ақын:

«Боларыңда болып өт»

- Адамның өзін жоғалтпай сақтап қалуының салынған дайын жүйесі жоқ шығар деп ойлаймын. Бірақ өзімнің анық көзім жететін бір нәрсе - өтірік айтпау. Өнерде де, өмірде де жалған сөйлемеуге тырыссаң өзіңді сақтап қалудың біден бір жолы сол. Әлбетте, менің де өкінетін тұстарым көп. Дегенмен, баяғы ағалар тапсырған аманат - әдебиетке, өнерге адал болуға тырыстық. Ол қаншалықты қолдан келді, оны айтатын мен емес қой. Айтайын деген ойым былай, қазақ айтады:

«Боларыңда болып өт,

Боз жорғадай желіп өт.

Болмасыңды білген соң,

Болатын ердің қосын жек!», - дейді. Жасымыз елуден асты, ағалық деген деңгейге шықтық. Енді, өз қадірімізді, өз шама-шарқымызды білуіміз керек. Өкінішке қарай, менің қатарларымнан ондай қасиеттерінен арылғандары баршылық. Мүшәйралар, түрлі жарыстар өтеді. Ол не үшін өтеді? Оның бәрі жастарға деген материалдық, рухани қамқорлық ретінде жасалатын нәрсе негізінен. Сондайда жастармен таласып, бала-шағаның ырысына ортақтасып біздің қатарларымыздың қатысып жүретіні бар. Қалмай қатысатын бірнешеуі бар. Әдебиеттегі қадірдің қашуы, өзін-өзі жоғалту деген содан басталады. Өмірдегі бейнеңді өнерде жасырып қала алмайсың. Өмірде қандай болсаң, өнерде де солай боласың. «Ештеңе етпейді, осы жолы бір қағып кетейін, осы жолы қарпып қалайыншы» деген арам ой санаңа кірсе, ол сені қаншалықты кері шегіндіреді, қаншалықты алысқа лақтырып тастайды. Сол тұрғыдан келген кезде, жастардың несібесіне ортақтасып жүрген қатар, құрбыларымызға қарның ашады, жүрегің айниды. Бұлай болмауы керек әдебиетте. Біздің аға буынның қай-қайсында ақсүйектік, кірпияздық бар болатын. Осы қасиетті жоғалтып алдық. Біз білетін А.Сүлейменов, Қ.Шаңғытбаев, Ғ.Ахмет деген кісілер нағыз ақсүйектікке, бекзадалыққа сай тұлғалар еді. Соңғы кезде сондай болмыстарды жолықтыра алмайсың. Оның өмірдегі құруы - өнерге, өлеңге әсерін тигізіп жатыр. Біздің қарнымыз ашатыны - сол. Бұл бірінші жағы. Екінші жағы, егемендік алғаннан бері қатты дамып кеткен нәрсе - жершілдік, рушылдық. Анау үлкен ағалар соны жастардың бойына да сіңіріп болды. Тіпті, жап-жас балалар руын, жерін айтады. Бұның қажеті жоқ. Олардың жасындағы басты мақсат - шығармашылыққа ден қою, өзін әдебиетке арнау болуы керек еді. Басты нәрсе өнер болуы керек еді. Жоқ, шатастырып алдық, шатасуға өзіміз жол сілтедік. Тәрбиелік жұмыстар жүрілмейді. Менің жеке тұлға ретінде бір қуанатыным сол дерт-дербездермен ауырмаппын. Өнерге, өлеңге шамамша адал болуды кісілік парызым деп есептедім. Осының бәрі сүтпен бітіп, сүйекпен кеткен болмысымнан, сосын жаңағы алатаудай ағаларымның бойынан жұққан ізгі қасиет деп те ойлаймын.

Үлкен жақтан жоғалмауға, ұлтқа бейімделу есесі кеткен елде болады. Олардың бойында құрып кетпеуге деген құлшыныс өте жоғары шекке көтеріледі. Қазір қалпына келген біраз дүниелеріміз бар ғой. Біз әдебиетке келген кезде ұлттың есесі әбден кеткен кез еді. Жанымызға қатты батқаны сол болды. Қазақтың трагедияға толы бодандығын көрмегенде, «қағанағы қарық, сағанағы сарық» кезеңінде өмір сүргенде бәлкім, мен әдебиетке келмеген де болар едім. Қазіргі таңдағы әдебиеттегі ұлттық дүниелерді сақтап қалу шетелден келіп жатқан қандастарымыздың тіліндегі тазалықты пайдалануға да байланысты. Оларда қазақы тілдің, бізге ұмыт бола бастаған сөз-сөйлемдердің алтын қоры бар. Тіл - өрлікке, ерлікке, елдікке, тазалыққа бастайтын нәрсе. Ұлттығымыздың ең негізгі сипаты.

Жеке тұлғаны сақтап қалатын болмысынан бөлек, ішкі өзек деген бар. Соны баптап, жетілдіріп отыру керек. Әрине, оның бәрі ізденістен. Жас кезімізде шама-шарқымызша оқыған дүниелеріміз болды. Қазір соның кейбірін қайталап оқуға тура келеді. Соңғы кезде Шекспирді оқып жүрмін. Барлық шығармасын толықтай қолға алдым. Шекспирде отыз жеті пьесса,  жүз елу төрттей сонета бар. Қандай керемет дүниелер. Жалпы, мен ойлаймын, жоғалу, жоғалту деген «ол адамның білімсіз бейшарасында» болады, Абайша айтқанда.

Серік Сағынтай, жазушы:

«Ұлттық болмысымызды жоғалттық»

- Әдебиет деген үздіксіз процесс қой. Осы барыста төбе көрсетіп алып жоқ болып кететін, біраз жылдан соң тағы бір белестен қылаң беріп, көрініп жататын ақын-жазушылар аға буында да, жастар арасында да жиі ұшырасады. Осы үздіксіз процесстің ағынына қарсы жүзе алатын адам қайткен күнде де жоғалмайды деп ойлаймын. Салқар көштің соңынан тайға мініп ілескен біздің, құмалақ шашып, сәуегейлік айтуымыз да артық шығар. Дегенмен, кейде сал сағыныштың сар шекпенін жамылып отырып, көзің боталап құлазитының бар. Нені сағынасың? Әрине, жоғалтқан дүниелеріңді, жоғалған дүниелерді. Бала кезімізде кісіліктің өлшемдеріне саятын ауыл ақсақалдарының көз алдымызда жасалып жататын көптеген харакеттеріне куә болушы едік. Сосын соның бәрі де әдебиетке айналып жататын. Қарап отырсақ, өмірде де, өнерде де ең бірінші ақсақалдығымыздан ада боп шықтық. Ердің құнын шешетін аталы сөзге тоқтауды жоғалттық. Осының бәрі айналып келіп әдебиетте елес береді. Шетел әдебиетінде «мәңгіреген бір ұрпақ әдебиеті» деген дәуірлік сипат беретін, біздің «алтын ғасыр», «күміс ғасыр» дегеніміз секілді заманаға берілген баға бар. Қазір біз де сол кезеңде тұрған секілдіміз. Ұлттық образ сомдау, көркем тілмен айшықты ойлар айту дегеннің бәрін шатастырып алдық, жоғалтып алдық. Тіпті келешек қазақ ұлты «бұлай болуы керек, олай болуы керек» деген секілді түрлі модельдердің ұсыныла бастағаны ақылы, санасы бар адамға «келмейді күндіз күлкім, түнде ұйқымды» айтқызары даусыз. Бұдан не шығады? Басқа келген нәубеттің қайдан келгенін таласа талқылап, өзімізге қойған диагнозымызға бас изеп, мойын ұсыну ма? Одан не шығады?  Сауал көп. Біз тарихи бұрылыс кезеңге дөп келген ұрпақпыз. Көп дүниемізді көз алдымызда жоғалтқан ұрпақпыз. Сіз айтып отырған тұлғаның өзін-өзі сақтап қалуы, жоғалтуы бер жағы. Ұлт ретінде дертіміз ауыр халықпыз. Бұрынғы әнұранымыздың тексіндегідей «аман сау қалыппыз!» деп айта салу оңай шығар, бірақ «қалу мен қалып, болмыс» азаттығы басқа әңгіме еді ғой. Неміз қалды, неміз қалмады? «Құр сүлдер» деген жақсы сөз бар қазақта. Аяғын әзер тіреп, мағынасыз жанарында еш мазмұн жоқ мөлиетін. Құл да, құтан да содан шығады. Ауыр болса да айтасың, аман-сау қалғанымыз сол еді. Ал, ол кеңірдектің алдында бәрін ұмытады. Аш адам ақыл ұқпайды. Болмысын жоғалтады. Біз көп нәрсені құлқынның алдында құрбанға шалдық. «Хайуанша жүріп күнелтуге» дағдыландық. Өмір сүрудің бұндай формасы әрине, адами құндылықтарды тәрік етеді. Ең ұтылған тұсымыз осы. Соңғы кездері М.Мағуиннің шығармалырына ден қойып жүрмін. Жанның шөлін қандырады. Генологиялық таза сананың қалыптасуына осы кісідей еңбек еткен қаламгерлеріміз өкінішке қарай, санаулы ғана. Ырымғали, Ақселеу ағаларымыз о дүниелік боп кетті. Бізден сөз қаша бастады. Жанталасып «әдебиет жасап жатырмыз» деп күпінген, ісінген замандастарың жаныңды жылатады. Жоғарыда айтқандай «мәңгіреген бір ұрпақ әдебиеті» алға озды. М.Мағауиннің «Тазының өліміндегі» трагедия бүгінгі менің қатарластарымның тағдыры секілді. Олардың әдебиетте қалай қалу, қалмауын уақыт көрсетеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347