Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2517 1 пікір 19 Қазан, 2020 сағат 14:43

Саясаткерлік ТREND

Тыңдап отырсам, саяси өмірде көптеген саясаткерлер, қоғам қайраткерлері бір бастама көтерген тұлғаларға қатысты "Анау ағамыз...", "Мынау бауырымыз..." деп сөз бастайды екен...

... Жалпы, саясатта осылай сөйлеу қаншалықты дұрыс?

Мүмкін мұны біреулер "Бұл қазақ діліне сай, қазақ қашанда осылай сөйлеген" деп ақтайтын да шығар...

Бірақ, меніңше, бұл біздің әлі де азаматтық тәуелсіздікке, яғни, мемлекеттік мәселеде азаматтық-саяси жоғары ойлау деңгейіне жете алмағанымыздың, саяси мәдениетте рулық-туыстық-ағайындықтан аса алмай жатқанымыздың белгісі болып табылады...

Бұл, сонымен қатар, табандылықты талап ететін көп жағдайда мемлекетшіл-азаматтық принциптен ауытқуға, оны (мәселенің мәнісін) "ағамыз, бауырымыз, ініміз" дегендей рулық-кландық "жеке қатынасқа" бұрып жіберуге мүмкіндік туғызатын саяси әлсіздік (шаласауаттылық) болып табылады.

Жалпы, осыған қарап, біз қоғамдағы азаматтық белсенділік те қалыптасқан кландық жүйені өзіне сіңіргенін, оның көшірмесі болғанын көреміз....

Мысалы, кландық сыбайласқан жүйе не себептен "Мәке-Сәкеге" негізделеді?

Себебі, "Мәке-Сәке" коррупциялық жүйенің, өзіндік жеке мүдденің өмір сүруінің басты шарты. Онсыз ол өмір сүре алмайды...

Сондықтан онадағы "мәке-сәкеге" еш таң қалуға болмайды!

Ал, бірақ, осындай "коррупциялық элементті" "АЗАМАТТЫҚ ӘДІЛ САЯСАТ" өрісіне алып келу - АЗАМТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ БЕЛГІСІ МЕ?..

ЖОҚ.

Сондықтан, азаматтық ортада МЕМЛЕКЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР талқыланып жатқанда "ағамыз, көкеміз, бауырымыз" дегенді доғару қажет.

Доғармасақ - оны коррупцияға өз қолымызбен жығып бергеніміз болып шығады. Өйткені ол оны өз пайдасына шебер пайдалана алады... Нәтижесінде, олардың айтағымен бүгінгі "ағамыз" ертең "аға" болмай, бауырымыз - бауыр болмай қалып - азаматтық қоғамның өзі іштей ыдырайды!

Оны жасау Сыбайласқан жүйеге еш қиын емес!

Олай болса бұдан былай "азамат" (ол не "қоғам қайраткері", не, "журналист", не "режиссер", не "саясаткер", не "футболист", не "әнші" т.т.) Бәленше Түгеншеұлы (қызы)" деп сөйлегеніміз дұрыс.

Сонда сөз салмағы артады, мәселе МЕМЛЕКЕТТІК ТҰРҒЫДА АКТУАЛДАНАДЫ!

Азаматтар арқылы!

Әбдірашит Бәкірұлының жазбасы

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480