Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3749 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 09:06

Академик Рахманқұл Бердібай дүниеден озды

Бүгін (03.04.2012 жыл) 85 жасқа қараған шағында қазақтың абыз ақсақалы, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, белгілі ғалым-сыншы, филология ғылымдарының докторы, академик Рахманқұл Бердібай дүниеден озды. Аты алты алашқа мәшһүр ғалым ағамыз өз зерттеулерінде Абай шығармаларының өзіндік қыр-сырларын кеңінен сөз еткен еді. «Абай және ауыз әдебиеті» еңбегіңде ақынның Шығыс аңыздары негізінде жазған «Масғұт», «Ескендір», «Әзім» поэмаларының көркемдік ерекшеліктеріне тоқталды. Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы жөнінде «Тарихи роман» монографиясында «Қазақтың тұңғыш эпопеясы» атты тарауын «Абай жолына» арнады. Ал «Мұхтар шыңы» жинағында Ұлы жазушының суреткерлігін жаңа қырынан сипаттайтын зерттеу еңбектері топтастырылған. Жалпы Әуезовтің жазушылық қызметіне байланысты Рахманқұл Бердібайдың 40 шақты еңбегі жарық көрді. Рахманқұл Бердібай қазақ ауыз әдебиеті мен фольклорын кеңінен насихаттау мақсатында Алматыда «Халық университетінің» негізін қалады. Тәуелсіздік алғаннан кейін өзінің туған жері Түркістан қаласына барып, сол жердегі Халықаралық Қазақ-түрік университетінің іргесін қалауға бір кісідей ат салысты. Марқұммен қоштасу рәсімі сәуірдің 5-і күні сағат 11-де Түркістан қаласындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мәжіліс залында өтеді.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318