Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3143 0 пікір 3 Сәуір, 2012 сағат 09:48

Ақ Жайық Аралдың күнін кешпесе игі...

Қос құрлықты жалғап жатқан Жайық өзенінің Атырау облысы үшін әлеуметтік те, экономикалық та маңызы ерекше. Өйткені жергілікті жұрттың 70 пайызы күнделікті тұтынатын ауызсуын осы өзеннен алады. Әрі жағаға жақын орналасқан ел үшін Жайық - күнкөріс көзі. Бұрынғыдай «Балығы тайдай тулап, бақасы қойдай шуламаса» да, әйтеуір, жан амалдауларына жетіп-артылады. Өткен жылдың көктеміндегі өзеннен балық аулауға тыйым салған мораторийдің атыраулықтардың көңіл күйін түсіріп жібергені де сондықтан. Шыны керек, қысы-жазы өзен қойнауынан балық аулап, сонымен күнелтіп отырған отбасылар да аз емес. Әлгіндей мораторий әсіресе солардың қолайына келе қоймады. Отбасындағы жалғыз табыс көзінен айырылған ел амалсыздан заңсыз балық аулауға барды. Әрі жергілікті бюджет те бағалы балықтан келетін пайданың пайызынан қағылды. Осы ретте облыс әкімі Бергей Рысқалиев құзырлы орындар алдына балық аулаудың нақты уақыты мен орындарын белгілеу жөнінде мәселе қойған-ды. Әйтпесе КСРО кезінде қара уылдырықтың 40 пайызын, бекіре балықтың үштен бірін берген өзеннің қазіргі ахуалы адам аяғандай.

БАЛЫҚТЫҢ АЗАЮЫНА ӨЗЕННІҢ ТАЙЫЗДАУЫ СЕБЕП

Бұрынырақта Каспийге құятын өзендердің ішінде Жайықта ғана бекіре тұқымдас балықтардың уылдырық шашатын орындары көп болып еді. Қазір ол да азайды. Суқоймасының түбі лайланды, жағалау белдеуі де өзгерістерге ұшырады. Соның кесі-рінен өзендегі бағалы балықтар 30 есеге азайып кетті. Балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ихтиолог маманы Елена Бокова да мұны растайды. «Бекіре ба-лықтың азайып кетуіне браконьерліктің келтіріп жатқан зияны көп, - дейді ол. - Сонымен қатар өзен суының лайлануы да - басты себептің бірі. Бірақ, біздің ойымызша, балық са-нының күрт кеміп кетуіне өзен суының аздығы әсер етіп отыр. Жайықтың тайыздап кеткенінің кесірінен бекіре тұқымдас балықтар еркін көбейе алмауда».

Біздің көңілімізді күпті қылатыны - бағалы бекіре балықтың жыл санап азайып бара жатқаны ғана емес, Жайықтың жер бетінен жоғалып кету қаупі бары. Жайықта су ағысы көлемінің соңғы жылдары төмендеп кеткені осылай деуімізге себеп болып отыр. Жайықтың ағысы өз бастауын Ресей елінің Орынбор облысына қарасты Ерік суқоймасынан алады. Бұл жерде бір атап өтер жайт - жауын-шашын түсімінің аздығынан кейінгі кездері Еріктің өзі қажетті су қорына жарымай отыр. Ал су көлемінің елу пайыздан астамы Башқұртстанның иелігіне жататын Сақмар өзенінен келіп түседі. Алайда Башқұрт елін Жайықтың проблемасы толғандырмайтынға ұқсайды. 2006 жылы Сақмарда суқоймасын салып алған Башқұртстан осындай бірнеше жасанды суқоймаларын салуды жоспарлаған еді. Бірақ біздің елдің тарапынан болған ұсыныстар мен келіссөздер әзірге ешқандай нәтиже берген жоқ.

СУДЫ ТАЗАРТУ ҮШІН КӨП АҚША ҚАЖЕТ

Әзірге көп талқыға түсіп, Жайықты аман сақтап қалудағы маңызды шара ретінде танылып жүргені - өзен түбін тереңдетіп қазу және тазарту жұмыстарын жүргізу. Жайықтың түбін тереңдету бойынша күрделі жұмыстар 40 жылдан бері жүргізілмеген. Бұл туралы вице-премьер Серік Ахметовтің Атырауға келген сапарында да жан-жақты айтылып еді. Тереңдету жұмыстарына жыл сайын қазынадан 300 млн теңге бөлініп келе жатқанымен, бұл қаржы Атырау қаласындағы Жайықтың бөлігінен Каспий теңізіне дейінгі аумақты толық қамту үшін жеткіліксіз болып тұр. Облыс әкімінің орынбасары Серік Айдарбековтің айтуынша, өзенді тереңдету жұмыстары соңғы жылдары жүргізілмеген, соның салдарынан су тайыздап кеткен. Өзеннің теңізге қосылар тұсындағы тереңдігі 1 метрге әзер жетеді, кейбір жерлерінде одан да аз. Көлік және коммуникация министрлі-гінің қорындағы ұзындығы 56 км-ді құрайтын жер Жайық-Каспий кеме жүретін арнасы болып табылады. Арнаның әбден ластанып, тайыздап кеткенінің салдарынан ТШО, Аджип секілді негізгі жер пайдаланушылар қажетті жабдықтарын су бетімен жеткізе алмай отыр. Тереңдігі 35 км-ді құрайтын Яиц арнасын да тереңдету қажеттігі күн тәртібіндегі мәселенің бірі. Мұнда қалпына келтіру жұмыстары бұдан жарты ғасыр бұрын ғана жүргізілген. 2008 жылдары жасалған жұмыстар ешқандай нәтиже бере алмады. Жайық-Каспий арнасы арқылы кеме жүрісін қауіпсіздендіріп, жүк айналымын жақсарту үшін атыраулықтар вице-премьерден жыл сайын тереңдету жұмыстарына жоқ дегенде 1,5 млрд теңге қаралуын сұраған болатын. «Қай мәселе де ақшаның күшімен шешіледі» дегеннің бұл да бір мысалы болса керек.

Р.S.

«Кеңес үкіметі кезінде теңіз маңындағы Дамбы ауылында Жайық-Каспий арнасы деп аталатын арнайы мекеме жұмыс жасады. Осы мекеме жыл сайын суды тазартып, кемелердің жүруін қамтамасыз етіп отырды. Одан соң бұл қызметті орындау балық саласына жүктелді. Әр көктемде арна тазаланып отырды. Бірақ кейін бұл жұмыстардың бәрі далада қалды. Міне, енді өзен жыл санап тайызданып, ластанып, көз алдымызда құрып барады. Сондай-ақ Ерік суқоймасынан су жіберу көлемін көбейтіп, өзен түбін тереңдету жұмыстары құнтталып жүргізілмесе, енді бір он жылдан кейін Жайық жер бетінен жоғалып кетуі мүмкін», - дейді Жайық-Каспий облысаралық балық инспекциясының маманы Бостан Сүлейменов. Ол күнге жеткізбесін деп тілегенімізбен, адамзаттың көз алдында құрып кеткен табиғаттың ғажап сыйы - Арал теңізі мен мұнайлы мекеннің өзіндегі Ембі, Ойыл өзендерінің құрғап қалған табандары көз алдыңа келіп, денең түршігеді...

Бақытгүл БАБАШ, Атырау

«Алаш айнасы» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5318