Ұлттық қауіпсіздігіміз үшін халқымыздың саны 20 миллион болуы керек
Ұлттық қауіпсіздігіміз үшін халқымыздың саны 20 миллион болуы керек. Бұл пікірді бүгін елордада «Нұр Отан» ХДП-да өткен «Жаңарудың қазақстандық жолы: демографиялық аспектілері» тақырыбынбағы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда ҚР Парламенті Сенатының депутаты Светлана Жалмағамбетова білдірді.
«Демография мәселесі Қазақстан үшін өте өзекті. Біріншіден, біздің территориямыз өте үлкен, көлемі жағынан 9-шы орында. Ал бірақ халықтың саны бойынша басқа елдерден арттамыз. Жалпы біздің ұлттық қауіпсіздігіміз үшін халықтың саны кемінде 20 миллион болуы керек», - деді ол.
Халық қалаулысының айтуынша, еліміздің бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кіруі, экономикамыздың дамуы үшін жұмысшылардың саны басым болуы керек. Бұл мәселені Франция, Германия мемлекеттері басқа елдерден жұмысшы күшін тарту арқылы, ал Скандинавия елдері өз халқын жұмысқа тарту жолдары арқылы шешіп отыр.
Сонымен қатар халықтың санын өсірудің бірінші тәсілі қазақстандықтардың өмір жасын ұзарту, өлім-жітімді қысқарту екендігін баса айтқан ол: «Екіншіден, туу мәселесін көбейту қажет. Бұл бағытта елімізде бірқатар жұмыс атқарылуда. Мәселен, 2003 жылы 250 мың бала туса, өткен жылы 370 мың бала дүние есігін ашты. Бұл ана мен балаға мемлекет тарапынан зор көңіл бөлудің, жәрдемақыны өсірудің арқасында орын алуда», - деді.
Қазақпарат