Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2466 0 пікір 6 Сәуір, 2012 сағат 14:14

Польшада Мұстафа Шоқайдың француз тіліндегі мақалалары табылды

Польшаның Познань қаласында  Мұстафа Шоқайдың француз тіліндегі 1932-39 жылдары жарық көрген 50 саяси мақаласы табылды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлтық университетінің доценті, филология ғылымының кандидаты Аманқос Мектептегі зерттеу жұмысы кезінде М.Шоқайдың  бұрын беймәлім болып келген 3 бүркеншік атын тапқан.

Аманқос Мектептегі Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы, Халел Досмұхамедұлы, Мұхамеджан Тынышбайұлы, Елдес Омарұлы, Телжан Шопанұлы, Смахан Бөкейхан сияқты Алаш арыстарының мұрасын баспасөз беттерінде алғашқы насихаттаушылардың бірі болып табылады. Зерттеуші ғалым «Болашақ» бағдарламасы бойынша Польшада болған кезінде Еуропаның бірқатар елдерін аралап қайтқан.

«Картотеканы қарадым, бұрын оларды бірде-бір адам қарамапты. Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы саяси додаға белсене қатысқан М.Шоқай мақалаларының кейбірін өз атымен, кейбірін бүркеншік атпен жариялаған. Оған шетелдік басылымдарда  бұрын-соңды  қазақ азаматтарының саяси пікірталасқа қатыспағандығынан баруы мүмкін. Онда ол кейбір саясаткерлердің болжамына соққы беріп, Кеңес үкіметінде болып жатқан бассыздықтарды және  мемлекеттің елдің ары болған азаматтарды асып-атып жатқан қан-қасап қылмысын әшкерелеген», - дейді Аманқос Құлтанұлы.

А. Мектептегінің айтуынша, М. Шоқай күштінің әлсізге күш көрсетіп, кіші  халықтарды жоюын тоқтату үшін әлемдік саяси күштерді біріктіру керек деген мәселені қозғайды. Сондай-ақ әлемдік саясат аясында Түркістанның саяси ахуалы туралы ойларға өз көзқарасын білдіреді.

ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364