Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2414 0 пікір 19 Сәуір, 2012 сағат 11:35

АҚШ пен Қытай бәсекелестігі саяси сипат алып бара жатыр - «Еуразия» сақтандыру компаниясының Басқарма төрағасы

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Таяу  жылдарда қытайлық мемлекеттік-корпоративтік үлгі мен батыстық либералдық демократия арасындағы жекпе-жектің саяси-экономикалық келешегі саясаттанушылар мен тәуекел-менеджерлердің назарын аудартады.

Бұл мәселе бүгін Алматыда өтіп жатқан тәуекел менеджменті жөніндегі 8-халықаралық конференцияда сөз болды.

«БРИКС-ті  әлемдік экономиканың локомотиві деп санайтын болсақ, оның өз ішіндегі локомотиві - Қытай елі. Бүгінде Қытай өзінің БРИКС бойынша серіктестерімен ғана емес, АҚШ-пен де сауда-саттық жүргізіп, қарым-қатынас жасап отыр. Оның үстіне АҚШ пен Қытай бәсекелестігі саяси сипат алып бара жатыр», - деді «Еуразия сақтандыру компаниясы» АҚ-ның Басқарма төрағасы Борис Уманов. Оның айтуынша, АҚШ өзінің демократиялық жүйесін өзіндік мақсат деп қарастырады. Ал Қытай өзінің бүгінгі басқару үлгісін бұдан да жоғары ұлттық мақсаттарға жету, оның ішінде кедейшілікті жою мен өзінің халықаралық ықпалын нығайту құралы ретінде көреді. Қытай экономистері АҚШ пен Қытайдың іргетасы әртүрлі саяси-экономикалық келешектерін бағалай отырып, өздерінің саяси жүйесінің батыстікінен басым екенін ашық жариялап отыр. Ол: «Бүгінде БРИКС-тің барлық елдері кедейшілікті құртып қана қоймай, әлеуметтік-экономикалық басқарудың түрлі үлгілерін пайдалана отырып өркендеуге ұмтылуда. Көпшілігі үшін дәл осы қытайлық үлгі қолайлы болып көрініп отыр. Дэн Сяопин айтқандай, Қытай социализмді емес, мемлекеттік-корпоративтік капитализмнің өте үлкен пирамидасын салады. Бүгінгі Қытай кешегі Кеңестік одақ емес. Оның экономикасы - әлемдік экономиканың ажырамас бөлігі, ал қытай экспорты бүкіл әлемдік нарықты толтырып тастады,-деді. Қытайдың 3 триллион долларлық валюта резерві  оны халықаралық ықпалға қол жеткізіп қана қоймай, басқа дамушы елдерден, оның ішінде БРИКС елдерінен орасан көп мөлшерде жақтастар тартуына мүмкіндік берді. Таяу  жылдарда қытайлық мемлекеттік-корпоративтік үлгі мен батыстық либералдық демократия арасындағы жекпе-жектің саяси-экономикалық келешегі саясаттанушылар мен тәуекел-менеджерлердің назарын аудартары сөзсіз.

АЛМАТЫ. 19 сәуір. ҚазАқпарат - Таяу  жылдарда қытайлық мемлекеттік-корпоративтік үлгі мен батыстық либералдық демократия арасындағы жекпе-жектің саяси-экономикалық келешегі саясаттанушылар мен тәуекел-менеджерлердің назарын аудартады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5392