«Ақ жол»: Офшордағы ақшалар кімдерге тиесілі?
«Ақ жол» Қазақстаннан офшорға қаражатты кімдердің шығарғанын жариялауды талап етті. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Мақсат Раманқұлов «Ақ жол» фракциясының депутаттық сауалында мәлімдеді.
ҚР Қаржы мониторинг агенттігіне
Президент Қ.Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне арналған кешегі кеңесте бұл дерт еліміздің дамуына елеулі қиындықтар туғызатынын айтты. Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықты жою жөнінде тапсырмалар берді.
«Ақ жол» Демократиялық партиясынын саяси бағдарламасында сыбайлас жемқорлық мемлекеттігімізге негізгі үш қатердің бірі ретінде көрсетілген.
Бүгінгі таңда Казақстан халқының ұрланған қыруар қаражаттын елге қайтаруды маңызды мәселе деп санаймыз.
Біздің фракция сонғы жылдары, «Панама тізімі», «Райское досье» және, Швейцария банктерінің Қазақстандықтырдың шоттарына қатысты депутаттық сауалдарымызда осы мәселелерді бірнеше рет көтерген болатынбыз.
«Tax Justice network» халықаралық ұйымының мәліметі бойынша, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллары шығарылған, бұл бүкіл елдің жылдық ішкі жалпы өнімі мен оның сыртқы қарызына тең.
Кейбір мәліметтерге сәйкес, соңғы бес жылда Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары қаражатты шетелге заңсыз шығару фактілері бойынша екі жүзден астам іс қозғаған.
Алайда, нақты нәтижелері туралы ештеңе белгісіз.
Сонымен қатар, қаңтар қасіретінді кейбір олигархтар Қазақстаннан жеке ұшақтармен кетіп қана қоймай, қыруар қаржыны шетелдегі есепшоттарға аударғаны туралы ресми емес ақпарат бар.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы Қаржы мониторингі агенттігінен келесі сұрақтарға жауап беруді талап етеді:
1) Агенттік құрылғаннан бері Қазақстан экономикасына оффшорлық аймақтардан нақты қанша қаражат қайтарылған туралы ақпарат беру.
2) Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде Қазақстаннан шетелге қандай ірі қаражат шағарылды (миллион АҚШ доллардан көп суммалар), оны кімдер шығарды, кімдердің шоттарына түсті.
Сол күрделі күндерде көлеңкелі капиталдар шығарылды, деген күмәніміз бар. Ол адамдар тағдырын елімізбен байланыстырмаса, қалаған жерде қала берсін. Бірақ шығарылғын қаражат халықтан ұрланған болса, елімізге қайтарылып, экономикаға жұмыс істесін.
3) Сондықтан бұндай фактілер болған жағдайда, салық органдарынан мұндай қаржының шығуының заңдылығын, және олардың тиісті салықтарды төлегенін тексеруін сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Abai.kz