Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2678 1 пікір 20 Қазан, 2022 сағат 11:12

Ақиқат алдында атам да дәрменсіз. Мұхтар Мағауин портреті

Пролог:

Прага. 2011 ж.

М.Мағауин шаңырағында.

Зорға СНХ алған қуанышым су сепкендей басылды.

- Мұхтар аға! - дедім жан даусыммен.

Адам емес екесіз ғой!

Мұхаң күліп жіберді:

- Не болды?

- Мына сұхбатыңызды еш ТВ, еш газет Қазақстанда  жарияламайды!

Мен қалай шыдаймын?

- Қалила, мен саған сұхбат бермеймін деп қанша қасарыстым, өзің ғой көнбеген.

Сол Тұрар Рысқұлов (қазақ қырылған коллективизация идеясы үшін М.М.) пен Мұхтар Шахановтың (таможенный союз условиясын тиімді қабылдаттыру талқысы кезінде, паспорттағы ұлтты алдыртпаймыз шоуы үшін М.М.)  қазақ мүддесіне біліп-білмей жасаған "сатқындықтарын" айтпай ақ қояйын деп едім...

Әлхисса.

Мұхаңмен алғаш рет көзбе - көз танысып, сұхбаттасқаным, 2003 жылы продюсер, жастық шақтың жалынды куәгері, жаңақорғандық жерлес досым Әлжан Абдуллаев түсірткізген "Дүкенбай жолы" деректі фильмінде болды.

Алматыдағы Қазақстан Жазушылар Одағы қара шаңырағы.

Мұхтар:

- Дүкенбай туралы айтатын қатар замандастары баршылық. Мен бір өзім білетін тұлғалық қасиетін айқындайтын деталін ғана айтайын.

Алматы. 1960 жылдар.

Оттепельдің ғажап кезеңіне тоймай қанаттанған Әбіш, Дүкенбай бәріміз бірге КазГУдің студентіміз. Жайма шуақ аспанымызда найзағай жарқ етті!

Астанамыз Алматыда жалғыз қазақша мектеп бар. Қазақ тілінің аясы неге тарылуда? - деген анти советтік листовкалар аялдамада жапсырылып, жастар құшырланып оқып, қызу талқыға түсті.

Үш әріп тотальный аңдуға кіріскесін қоя ма?

Ксерокс жоқ. Барлық листовканы қолмен көшіріп жазған ғой. Ол да бір қайтпайтын, жүрек жұтқан кеще ғой деймін. Адамның қол таңбасы да қайталанбайтын саусақ таңбасы сияқты емес пе?

Жасырын подпольный патриот агитатор біздің студенттік жатақханамыздағы бір бөлмедегі досымыз Дүкенбай болып шығыпты. Ендігі мақсаттары ұйымның мүшелерін анықтау.  Саяси идеологиялық процесті әшкерелеп, түп тамырымен жұлу керек қой. Ұйымсыз одиночка патриотты аяды ма? Жарияланса, резонанс туып кетеді деп қорықты ма? Жұлынбадық.

Міне, бір өзі бір рухани майданның жалғыз солдаты болған Дүкенбай досым осындай адам. Тұлғалық қасиет пе? Қасиет.

Құмарым қанбай:

- Ары қарай айта беріңіші Мұха.

Мұхаң майда сөзге қолы тимейтіндігіне кешірім сұрап, кино түсірушілер тобымен қоштасты.

Шынында, басты кейіпкерім жазушы Дүкенбай мен оның өмір сүрген Заманы арасындағы конфликтіні нақты айқындайтын бриллиантты ұстатқан Мұхтар Мағауин золото искательдің өзі екен.

Бұл қасиет пе? Қасиет!

Жас кезімде, Ленинградта оқып жүргенде, әр киносын күтіп жүріп, қанша сағат кассада билетке кезекте тұрғандағы еңбегімді ақтайтын, бір заманда, бір ауаны жұтқанымды бақ санаған гений кинорежиссер Андрей Тарковский болатын.

Қазақстанға келгендегі сондай кумирім, "Жұлдыз" журналының Бас редакторы, жазушы - ғалым, Мұхтар Мағауин болып шықты. Сол кездегі Жұлдыздың әр номерін қалай күтетінмін, қалай аптығып, шашала оқитынмын, қалай "Хабардың" дубляж бөліміндегі Тұрысбек Саукетай бастаған аудармашылар барлығымыз қарама-қайшы позициямен теке тіресіп қызыл кеңірдек айтысып қырқысамыз.

Міне, бұл жалғыз мені ғана емес, сол дискуссия алаңымыздың оппоненттері: Заманбек Әбдеш, Мырзан Кенжебай, Құлтөлеу Мұқаш, Нұрлан Қами және Тұрысбек Саукетай – менің азаматтық көзқарасымды қайраған "Біздің хабардағы қазақ дубляжы" кабинетіндегі мықты қыз-келіншектер жағдайымызды жасап, еркелеткен ток-шоуымыз болды. Арғы-бергі замандағы қазақ мүддесі тұрғысынан ар таразы басына қазақ зиялы қауымын бір - бірлеп салып береді.

Содан талқылаймыз!

Міне, сөйтсек, біздің өзімізді таразы басына салыпты: солай біресе қайнақ, біресе мұздақ суға батырып, аямай шынықтырған сахна сыртындағы ұлы режиссер кім?

Әрине көзі тірі классик Мұхтар Мағауин!

Ар диктатурасына кім шыдайды? Ухит - сухит "Жұлдыздан" қуды. Шет елге кетті. Режиссерсіз қалған сахна есеңгіреді. Замана трибунасы  азғындықтық кайфіне көшті...

Құдекең де қызық қой! Берем десе... Қалиланы өлтірсін бе?! Сонау Прагада сопыланып оңашада ғұмыр кешкен кумиріме қайта жолықтырды.

Бұл 2011 - ші жылдың күзі болатын.

Ұлыбританиялық қазақтың атпал азаматы, Шәкәрім қажының ұрпағы Шыңғыс Медғатұлы қолдауы арқасында, ұлым Мұхтар екеуіміз Лондонды дүбірлетіп, Прагаға қуана - қуана Мұхаңның шаңырағына жеткенім бар болсын, қазы - қартаны жеп қонақ бол, бірақ ешкімге сұхбат бермейтін болғанмын! Саған да бермеймін

Мәссаған безгелдек!

 

Қалила Омаров 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404