Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2056 0 пікір 12 Ақпан, 2013 сағат 12:00

Жылына – 24 000 жұмысшы. Елімізге ағылған қытай мен түрікті кім тоқтатады?

Өткен жылы елімізге шетелден 24 мыңдай жұмыс күші келіпті. Қазақстандағы жұмыссыздықтың 5,2 пайыз көлемінде екенін ескерсек, бұл аз ба, көп пе? Бір таңданарлығы, жерімізге ағылған жатжұрттық жұмысшылардың ішінде қытайлықтар бірінші орынға шықты. Түрлі саясаткерлер мен зиялылардың жалпы саны бір жарым миллиардқа жақындаған көршілерімізге қарап, үнемі алаңдаушылық білдіруі де негізсіз емес сияқты. Себебі несібесін қазақ елінен теруге келгендердің 19,5 пайызын, яғни 5 мыңға жуығын қытайлықтар құрайды. Бұл - тек бір жылғы ғана көрсеткіш. Дүйсенбі сайын Астанадағы «Қазмедиа» орталығындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген дәстүрлі брифингтің алдымен ресми шараларына тоқталайық.

Кешегі аптаның барысында Елбасы Н.Назарбаевтың Ресейге сапарлап, В.Путинмен кездесуі елеулі оқиға ретінде аталды. Іргелес жатқан екі мемлекет өзара байланыс жайында бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, алдағы күз айында Екатеринбургте аймақаралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға уағдаласты. Сондай-ақ біршама уақыттан бері қызу талқыға ұласқан Байқоңыр ғарыш кешеніне де қатысты өзара келісімді қарым-қатынас жалғасын таба береді. Қос тарап та қоғамның назарын аударған салаға қатысты тағы да талқылаулар жүргізетін болады.

Өткен жылы елімізге шетелден 24 мыңдай жұмыс күші келіпті. Қазақстандағы жұмыссыздықтың 5,2 пайыз көлемінде екенін ескерсек, бұл аз ба, көп пе? Бір таңданарлығы, жерімізге ағылған жатжұрттық жұмысшылардың ішінде қытайлықтар бірінші орынға шықты. Түрлі саясаткерлер мен зиялылардың жалпы саны бір жарым миллиардқа жақындаған көршілерімізге қарап, үнемі алаңдаушылық білдіруі де негізсіз емес сияқты. Себебі несібесін қазақ елінен теруге келгендердің 19,5 пайызын, яғни 5 мыңға жуығын қытайлықтар құрайды. Бұл - тек бір жылғы ғана көрсеткіш. Дүйсенбі сайын Астанадағы «Қазмедиа» орталығындағы Орталық коммуникациялар қызметі өткізген дәстүрлі брифингтің алдымен ресми шараларына тоқталайық.

Кешегі аптаның барысында Елбасы Н.Назарбаевтың Ресейге сапарлап, В.Путинмен кездесуі елеулі оқиға ретінде аталды. Іргелес жатқан екі мемлекет өзара байланыс жайында бірқатар өзекті мәселелерді талқылап, алдағы күз айында Екатеринбургте аймақаралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға уағдаласты. Сондай-ақ біршама уақыттан бері қызу талқыға ұласқан Байқоңыр ғарыш кешеніне де қатысты өзара келісімді қарым-қатынас жалғасын таба береді. Қос тарап та қоғамның назарын аударған салаға қатысты тағы да талқылаулар жүргізетін болады.

Бүгін Премьер-министр Серік Ахметов Үкіметтің кезекті отырысында 2013-2020 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағдарламасын қарастырады. Президенттің ауыл шаруашылығы саласына берген тапсырмаларының орындалу нәтижелерін екшейді. Сонымен бірге экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның кезекті отырысын өткізу де осы аптаның еншісінде тұр. Сәрсенбіде Үкімет басшысының бірінші орынбасары - Өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев Ақмола облысына сапарға шығады.

Негізгі мақсаты - 2011-2014 жылдарға арналған Астана қаласына іргелес жатқан елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді Жоспарының іске асу барысымен танысады.

«Жақында Мемлекет басшысы қоғамдағы кез келген қылмысқа төзбеушілік сипатын қа­лыптастыруды құқық қорғау органдарына тапсырған еді. Апта бейсенбісінде ҚР Жоғарғы Сотының аталмыш мәселелерге қатысты ке­ңейтілген отырысы өтетінін хабарлаймын. Оты­рысқа Жоғарғы сот Төрағасы Бектас Бек­назаров, сот алқасын бақылау қазылары мен төрағалары, құрылымдық бөлімшелердің мең­ге­рушілері және басшылары қатысады. Ал

13 ақпанда «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек Қара­ғанды облысына барады» дейді ОКҚ ресми өкілі Алтай Әбибуллаев.

Брифингтің кезекті қонағы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов құрылымдағы бірқатар жаңалықтар мен же­тістіктерді бөлісті. Негізгі міндетіне сәйкес ве­домство жұмыспен қамту саясатын жетіл­діру үшін алты қадамды белгілеп отыр. Бірін­шіден, қолдағы еңбек ресурстарын пайдала­нудың тиімділігін арттыру. Ол үшін «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына өзгерістер ен­гізілген. Енді мүгедектер мен кемтар бала тәр­биелеп отырған ата-анаға, бала күтіміндегі әйелдерге, жұмыспен қамтудың ерекше шар­тына мұқтаж жандарға арнап, еңбек өнімділі­гінің қолжетімділігін арттыру көзделеді. Екін­ші қадам - еңбек нарығын реттеу тетіктерін жетілдіру арқылы аймақтар арасындағы жұ­мыспен қамтудағы ала-құлалықты азайтып, ауыл тұрғындарының еңбекке тартылуына мүмкіндік туғызу. Мұны жүзеге асыру мақ­сатында «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа заңның жобасы әзірленбек. Олай ет­песек, тағы болмайтын түрі бар. Өйткені ресми мәліметке сәйкес қазақстандықтардың үштен бірі өзін-өзі жұмыспен қамтығандар қатарында. Оның ішінде өзіне-өзі жұмыс тауып беріп отырғандардың 69 пайызы, яғни басым бөлгі елді мекендерде тұрады. Есесіне ауылдықтар атқарушы билік орындарының есебінде өздерін «жұмыспен қамтылған» деп санайтындықтарына іштей наразы. Ми­нистр­лік заң қабылдау арқылы осы түйінді тарқатуды ойлайды.

Қарапайым қисынға салсақ былай; қа­зақстандықтардың еңбекке жарамдысы 9 мил­лионға жетеғабыл. Үкімет соның үштен бірін, нақты айтқанда, 2,7 миллион адамды «өзін-өзі кәсіппен қамтамасыз еткендер» деп санайды. Осының өзінде де ауылдағы қорасында күнде­лікті мал ұстап, меншігіндегі шағын бақша­лыққа көкөніс өсіретін 1,2 миллион тұрғынға «өнімсіз еңбек етуде» деген ресми атау берген. Министрдің ойынша, енді «өнімсіз еңбек етіп» жүргендердің шаруашылық серіктестік­теріне несие ұсына отырып, таратылған қар­жының қайтарылымына сай ауылдағы ағайын­ды «өнім­­ді еңбек ететіндерге» айналдыру ке­рек.

Үшінші қадам - өнімділікті арттырудың алғышарты ретінде жұмысшыға қолайлы жағ­дай жасау. Елдің құқықтық сауатын арттыру үшін 1ақпаннан бастап еңбек заңнамасын оқыту бағдарламасы қолға алынған. Демек, әрбір жұмысшы өзін оқыс оқиғадан сақтан­дыруға тиісті. Бұлай етпеске тағы да жол жоқ. 2012 жылы инспекторлар кәсіпорындарға тек­серу жүргізгенде 54 500-ден астам еңбек заң­бұзушылықтары анықталған. Қауіпсіздікті сақтамаудың салдарынан 2011 жылы 2247 адам өндірістік жарақатқа ұшырап, оның 332-сі ажал құшқан. Өткен жылы да 2241 қазақ­стан­дық жұмыс басында күтпеген жайттарға тап болып, соның салдарынан 278-і қайғылы оқи­ғамен аяқталған.

Төртінші қадам - жалақы диспропор­ция­сын реттеу және жою. Қазіргі кезде өңірлік жалақы айырмашылығы мен жұмыспен қам­ту­шылықта ескеретін тұстар жеткілікті. Соған сәйкес ми­нистрлік еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін дайындап, ол жоба Үкімет деңгейінде қаралуда. Бесінші қадам ретінде жұмыспен қамтылған тұлғаны әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін саналы түрде ұйымдастыру бекітіліп отыр. Оны іске асыру үшін Ұлттық банкпен бірге бірыңғай зейнетақы жүйесін қалып­тас­тыру шарттары жасалуда. Алтыншы қадам - әлеу­меттік көмек көрсету жүйесін модерни­зациялау. Иә, мәртебесі заңмен бекітілген әлеу­меттік әлжуаз топтарға қажетті көмек тоқ­тамайды. Атаулы әлеуметтік көмек беру ептеп өзгеріске ұшырайды. Мәселен, 2012 жылы атаулы әлеуметтік көмек 97 300 адамға беріл­генімен, бұл арғы жылмен салыстырғанда 30 пайызға азайған. Министрліктің жоспарына сай ке­лесіде көмек мұқтаждығына қарай бері­ліп, «өзара жауапкершілік» жүйесі енгізілмек­ші.

Енді жоғарыдағы мәліметтерге оралайық. «Батысың мен шығыстың шаңын қаққан дағ­дарыс заманында шетелден жұмыс күшін ша­қыру керек пе?» деген сауалды бүгінде екі­нің бірі қоятыны анық. Министрліктің есе­бі­не сәйкес шетелдік жұмыс күшіне арнал­ған квота экономикалық белсенді халықтың 1 пайыз мөл­шерінде, яғни 90 мың бірлік. Елі­мізде «шақырылмаған қонақтарды» жарыл­қауға құмбыл 2792 мекеме тіркеліпті. Аталған кә­сіпорындар ағымдағы жылы тағы да өзге елдің 21 712 азаматын жұмысқа тартуға рұқсат алған. Жоғары санаттылар ретінде бағаланған олар­дың 62 пайызы құрылыс пен тау-кен өндіру саласында тер төкпекші. Айтпақшы, Қазақ­станға ағылған қытайлықтардан кейінгі екінші орын түркиялықтарға тиесілі. Жалпы, жұмыс­шы­лардың 11,5 пайызына жететін түбі бір туысқан елдің өкілдері де жыл сайын нә­па­қасын Қазақстаннан іздеуге құмартып отыр. Егер сирек кәсіп иелері болса бірсәрі, қара­пайым құрылысшыларды да көршілерден құрметпен шақыратындай не көрінді? Өзгесін айтпағанның өзінде, әлгі бес мың қытайлық пен шамамен екі мың түрікті шын мәнінде, ең қат маман иелері дегенге сенесіз бе? Оған еш­кім де сенбейді...

Бейсенбай ДӘУЛЕТҰЛЫ

Астана қаласы

«Айқын» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408