Мұхтар Шаханов: «Мұндай хатқа біз қол қойған жоқпыз»
Интернетте «Ел болашағына алаңдаймыз» деген тақырыпта арандатушы ашық хат пайда болды. Хатта ел Тәуелсіздігіне қауіп төндіріп отырған Кедендік одақ, АЭС, Мемлекеттік тіл, көші-қон, жемқорлық мәселелері дей келіп, «Бұл - келесі президенттің кім болатынына байланысты өте маңызды мәселе» деп көрсетіп, билік ауысқан жағдайда Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің Президент болуына халықты жан-жақты қолдау көрсетуге шақырған. Хаттың соңына Мұхтар Шаханов бастаған зиялылардың рушылдыққа, латына әліпбиіне қарсы жазылған ашық хаттарда қойылған қолдарды көшіріп бере салған.
Біздің білуімізше, арандатушы ашық хат биліктегі азаматтарға да күтпеген жағдай болғанға ұқсайды. Дәл қазір ол жақтағы адамдар хаттың тегін тектеп, қайдан шыққаны, кімдер жазғаны туралы зерттеп жатқанға ұқсайды.
Ал, біз осы мәселеге орай Мұхтар Шахановтың пікірін беріп отырмыз.
Мұхтар Шаханов:
- Ел болашағына алаңдаймыз деген ашық хат жарияланыпты. Бұл хатта біздің әркезде айтып, биліктің алдына қойып жүрген мәселелеріміз көрініс тауыпты. Жалпы көтеріп отырған пробелмалары негізінен дұрыс. Бірақ мұндағы әділетсіздік мынада: Иманғали Тасмағамбетовті Президенттік ұсынады. Мұндай хатқа біз қол қойған жоқпыз. Тіпті мұндай әңгіме болған да емес.

Біз рушылдыққа қарсы бір топ адам хат жазғанбыз. Сол хатқа үн қатқан адамдардың қолын бірінен соң, бірін көшіріп бере салыпты. Осындай әділетсіздікке бару - барып тұрған зиянкестік.
Интернет деген жақсы. Ал, жаман жағы осындай өсектерге жол беретіндігі. Рушылдық мәселесінде қаншама адам бізді қолдап қол қойды. Одан кейін латын әліпбиіне қарсы да бас көтердік. Өйткен себебі, бүгінгі таңда қазақ халқының 60 пайызы өз ана тілінде оқи алмайды, жаза алмайды. Оның сыртында қазақтың көп бөлігі ауылдан қалаға келіп, базарда арба сүйретіп, машинасымен әрі-бері адам тасып, күзетші болып күн көріп жүр. Сонда латын әліпбиіне көшкенде олар бала-шағаларын асырай ма, жоқ латын әліпбиін үйрене ме? Міне, содан келіп қазақтың үлкен бөлігі кириллицада қалып қояды. Соған қарсы біз үн қаттық.
Бірақ, бір мәселеге түсінбеймін, біз қай кезеңде болмасын елдік, ұлттық мүддеге жанымызды саламыз. Ал, енді осы мәселе төңірегінде менің естімеген сөзім қалмады. Ешкім мені бұлай балағаттаған емес. Тіпті біреу балама, немере, шөберелеріме олардың ұрпағына Шахановтың жырларын оқытпаймын депті. Небір балағат сөздер жазылған. Мысалы, мен Қонаевтың кезінде істі болыппын-мыс. Бәрі шылғи өтірік. Мен ешуақытта руға бөлінбеген адаммын.
Сондықтан, менің ұғымымша,ғаламторда егер біреу ой айтатын болса, ар жағында кімнің жазғаны көрініп тұруы керек. Осындай қадамға баруымыз керек. Әйтпесе, небір былапыт сөздерді, төбе шашың тік тұратын өсектерді естіп жатырмыз.
Ал мына ашық хатты кім ұйымдастырды? Бұл не деген сұмдық! Біз осындай адамдарды табатындай жағдайға келуіміз керек. Әркім аузына келгенін айтып, біреудің сыртынан ғайбаттап жатады.
Шешімін таппай жатқан ұлттық мәселелер жетерлік. Мәселен, мемлекеттік тіл күні бүгінге дейін өрістемей келе жатыр. Барлық мемлекеттерде мемлекеттік тіл туралы заң бар, бізде ғана жоқ. Тіптен үлкен билік басындағылар «қазақ тілі басқа тілдерді басып озып кетпеуі керек» деген пікір айтты. Бұл барып тұрған сауатсыздық. Басқада ұлттық мүдделерге кереғар шаралар жүріп жатыр. Соның бәрін дұрыс көтеру керек. Бірақ, хаттың негізінде біреуді қызметінен ығыстырып, оның орнына қой дегенді біз айтқан жоқпыз. Мұны кім жазды? Әлде біздің елдік, ұлттық мүдде төңірегіндегі пікірлерімізді күлкіге айналдырғысы келіп, соны алға тартып, содан жирендіргісі келіп жазды ма?
P.S.
Мұхтар ағамен жоғарыдағы ашық хат турасында әңгімелесіп отырғанымызда редакциямызға қоңырау шалып хабарласқан ақын Бақытжан Тобяқов та қатты кейіген үнмен «мынау не деген масқара? Мен мұндай хатқа қол қоятын адам емеспін. Бұл нағыз арандату ғой» деді.
Abai.kz