Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2580 0 пікір 19 Наурыз, 2013 сағат 12:16

Зейнетақы зары немесе Үкіметтің бесік базынасынан кейінгі әйелдерге кезекті «сыйы»

Егер Мәжіліс  «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды, әсіресе, әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту жөніндегі өзгерісті  мақұлдайтын болса, онда бұл - зор қателік болмақшы. Біріншіден, ел ішінде зейнетақы жасын ұлғайтуға ешқандай шынайы негіз жоқ. Екіншіден, күні кешеге дейін  Ұлттық банк төрағасы Г­ригорий Марченконың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің  осы мәселеге қатысты айтып келген пікірі, ұстанымы қисынға келмейді. Мен бұл туралы бір емес, бірнеше рет айттым.

Енді осынау өзекті әлеуметтік мәселеге демографиялық жағынан қарайтын болсақ, мынаны айтқым келеді: 8 наурыз мейрамы қарсаңында мемлекет басшысы қыз-келіншектермен  кездескен кезінде  Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 6 млн бөбектің  дүние есігін ашқанын зор қуаныш, үлкен мейірім-мереймен жеткізгенінің куәсі болдық.  Енді қараңыздар, біздің елімізде еңбекке қабілетті шамамен 8 млн халық болса, оның  1-1,5 миллионы зейнеткер. Сонда бір зейнеткерге үш жұмысшыдан келеді. Бұдан мынадай қорытынды шығады: биліктегілердің  жыл озған сайын «тұрғындар қартайып, оларға төленетін зейнетақы бюджетке ауыртпашылық түсіріп отыр» деген уәжі негізсіз екенін айғақтайды.

Егер Мәжіліс  «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заң жобасына енгізіліп отырған өзгерістер мен толықтыруларды, әсіресе, әйелдердің зейнетке шығу жасын ұлғайту жөніндегі өзгерісті  мақұлдайтын болса, онда бұл - зор қателік болмақшы. Біріншіден, ел ішінде зейнетақы жасын ұлғайтуға ешқандай шынайы негіз жоқ. Екіншіден, күні кешеге дейін  Ұлттық банк төрағасы Г­ригорий Марченконың, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденовтің  осы мәселеге қатысты айтып келген пікірі, ұстанымы қисынға келмейді. Мен бұл туралы бір емес, бірнеше рет айттым.

Енді осынау өзекті әлеуметтік мәселеге демографиялық жағынан қарайтын болсақ, мынаны айтқым келеді: 8 наурыз мейрамы қарсаңында мемлекет басшысы қыз-келіншектермен  кездескен кезінде  Тәуелсіздік алған жылдары елімізде 6 млн бөбектің  дүние есігін ашқанын зор қуаныш, үлкен мейірім-мереймен жеткізгенінің куәсі болдық.  Енді қараңыздар, біздің елімізде еңбекке қабілетті шамамен 8 млн халық болса, оның  1-1,5 миллионы зейнеткер. Сонда бір зейнеткерге үш жұмысшыдан келеді. Бұдан мынадай қорытынды шығады: биліктегілердің  жыл озған сайын «тұрғындар қартайып, оларға төленетін зейнетақы бюджетке ауыртпашылық түсіріп отыр» деген уәжі негізсіз екенін айғақтайды.

Шамамен 2,7 млн халық өзін-өзі жұмыспен қамтып отырғандар санатынан екенін ескерсек, осынау түйткілді зейнеткерлік жасты  ұлғайту амалымен  емес, жұмыс орнын көбейту, өндірісті дамыту, ауыл-аймақты өркендету және толып жатқан басқа игі іс-қарекетпен  шешуге міндеттіміз.  Бір сөзбен айтқанда, қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік түйінді, әсіресе, халықты жұмыспен қамту мәселесін  шешуге  жаңаша көзқарас, жаңа әлеуметтік саясат қажет. Бұл енді өз алдына бөлек әңгіме. Тақырыптан ауытқымайық, осы зейнетақы реформасы туралы айтыла бастағанда, Марченко, Келімбетов те болуы мүмкін, «біздің елімізде әйелдер зейнеткерлікке ерте шығады, ерлерге қарағанда 5 жыл бұрын шығып, өздеріне лайықты зейнетақы жинай алмай қалады.  Оның үстіне, алатын жалақысы да төмен», - деп мәлімдегені бар еді.  Бұған менің айтарым мынау: дамыған, өркениетті елдерде жалдамалы жұмысшылардың үлесі - 60-65 пайыз, ал біздің елдегі көрсеткіш - 32 пайыз. Демек, екі есе кем. Осыған орай, түйткілді  зейнеткерлік жасты ұлғайту айла-амалымен емес, ішкі жалпы өнімдегі жалақы үлесін өсіру арқылы шешкен жөн.  Мұндай жағдайда, жалдамалы жұмысшылардың жалақысы екі есеге өсіп шығатыны өзінен-өзі түсінікті. Екі есе жоғары жалақы алған жұмысшының аударатын жарнасы да, одан жиналған жинағы да жоғары болады. Бұған қоса, осы жерде мынаны айтқым келеді, біздің елімізде әйелдердің көбі бюджеттік мекемеде, білім мен денсаулық, мәдениет саласында жұмыс істейді. Олардың ерен еңбегін біздің қоғам дұрыс бағаламайды. Бюджеттік ұйымдарда жұмыс істеп, қызмет ететін әйелдердің жалақысын екі есе, мүмкін одан да жоғары мөлшерге көтеруге тиіспіз.  Сөйтіп, Үкімет қоғамдағы әлеуметтік мәселемен бетпе-бет келген тұста, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын ұзарту амалымен-ақ бар түйткілді жылы жауып қойғысы келеді. «Мысықтың құйрығын бір-ақ рет кесудің орнына», олар мұны он жылға созбақшы. Сонда «мысықтың құйрығын он рет кеспекші». Мұны айтып отырған себебім, «әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасын бірден ұзартпаймыз, бір жылда жарты жылдан қосып отырамыз», - деген былжырақ уәжін көлденең тартып отыр. Ал меніңше, біз міндетті зейнетақы жинақ жүйесінен бас тартып, ынтымақты жүйені енгізуіміз керек. Әлгі жинақ жүйесін ерікті түрге ауыстырған абзал. Себебі бұған біздің еліміздің мүмкіндігі жетерлік.  Тағы бір сөзінде Марченко: «Әйелдер 30-40 жыл ішінде өзінің қарттығын толық қамтамасыз ететіндей зейнетақы жинап алады», - деген-тұғын. Бұл да бос сандырақ. Жылына 10 пайыз міндетті жарна аударып отырған бюджеттік мекемеде қызмет істейтін әйел мұндай мерзімде небәрі 3-4 жылдық жалақысын ғана жинай алады. Инвестициялық табысын қосқанда, мейлі 5-6 жылдық жалақысы болсын. Бұл көрсеткішті шотқа салып кеп жібергенде, оның 7-10 жылға ғана жететініне көз жеткіземіз.  Ал қалған жасында бейнетқор әйел не істемек? Бұл жағын ешкім дөп басып айта алмайды.

Орташа қуатты халқы аз мемлекетте міндетті зейнетақы жинағы туралы айтудың өзі ауыр. Қоғамда орташа қуатты халық көбеймейінше, біз бұл мәселені жылы жауып қоюымыз керек.  Сондықтан,  бірыңғай зейнетақы қорын құру туралы бастама да жөнсіз. Меніңше, елімізде ұлттық мемлекеттік   зейнетақы қоры  құрылуы керек.  Норвегияда зейнетақы жинағының активін Ұлттық қор басқарады. Ал бізде Ұлттық қор қаржысын болашақ ұрпақтың еншісі деген желеумен шетелдік түсініксіз, белгісіз, табысы төмен құнды қағаздарға салады. Бұлай болмауы тиіс. Ұлттық мемлекеттік зейнетақы қоры мен осы Ұлттық қор бірігіп, ағымдағы зейнетақыны төлеу түйткілін шешуі тиіс. Жалпы, зейнетақы жүйесінің бір бөлігінің түйткілін бүкіл жүйені қозғамай, сылап-сипай өте шығамыз деу бекершілік. Сондықтан бізге түбегейлі реформа қажет. Және реформаның басты міндеті - әлеуметтік салаға тікелей қатысы бар заң атаулыны қайтадан қарау, қайтадан електен өткізу қажет.  Бүгінгі күннің талабы осы. Бұл - бір. Екіншіден,  еліміздің әлеуметтік саясатын қайтадан қарайтын уақыт келіп жетті.

Қанат Берентаев

сарапшы

«Жас» зейнетақы жүйесі

Бүгінгі таңда елімізде активі 3 трлн теңгеден асатын 10 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді. Бұл жөнінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Әбденов Парламентте мәлімдеді.
«Бұл бір қарағанда, қомақты сома екені рас. Алайда 15 жылдық тарихы бар жинақтаушы зейнетақының жиынтық төлем  бойынша үлесі небәрі 3-4 пайыз ғана.  Бұл, бір жағынан,  жүйенің «жастығын» білдірсе, екінші жағынан, зейнетақы активтерінің инвестициялық табысы төмен екенін көрсетеді. Зейнетақы жүйесінің кемшілігі - оның дамымағанында ғана емес, көбіне елдегі макроэкономикалық жағдайға қатысты. Бұған инфляция, инвестициялық құралдардың шектеулілігі, қор нарығының дамымағаны, халықтың басым бөлігінің төмен жалақысы әсер етеді», - деді министр.
Сөйтіп, елдегі бар зейнетақы қорын «бірыңғай қорға айналдырамыз» деген бастама жүзеге аспайтын болды. Жинақтаушы зейнетақы қорлары: «Біздің құры­лы­мы­мыз­да ондаған мың адам жұмыс істейді. Егер қор атаулыны біріктіретін болсақ, жұмыссыздар легі көбейіп, оның арты әлеуметтік наразылыққа ұласуы ықтимал», - деген уәж айтқан. Сөйтіп, ұзақ-сонар айқау-шу, дау-дамайдан кейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры коммерциялық емес ұйым ретінде  акционерлік қоғам болып құрылатыны анықталды. Осыған орай Парламентте жаңа заң жобасының таныстырылымы өтті. 
Заң жобасына сәйкес, қордың негізгі қызметтік міндеті - зейнетақы салымын, ерікті кәсіби зейнетақы салымы мен ерікті зейнетақы салымын тарту болып айқындалды. Ал  қордың зейнетақы активтерін сақтау міндетін Ұлттық банкі жүзеге асыратын боп шешілді.

"Жас қазақ" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383