Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2828 0 пікір 19 Маусым, 2013 сағат 05:34

Сарайшықты сақтап қалуға болады ма?

Ұлттық тарихымызға ерекше көңіл бөлеміз десек те, әлі де солақай түсініктің  зардабын шегіп отырмыз. Ежелгі Сарайшық қаласының мүшкіл халі туралы баспасөзде қанша уақыттан бері айтылып та, жазылып та келеді. Дегенмен, сол «баяғы жартас – бір жартас» күйінде қалып отыр. Сонау, 50 жылдары Ә.Марғұ­лан, С.П.Толстов, Г.И.Пацевигтер қазба жұмыстарын бастаған көне Сарайшықтың бүгінде небәрі 30 па­йызы ғана қалғаны қынжыл­тар­лық жайт. Жайық өзенінің қатты ағы­сынан жаға бұзылып, жылына  көне қалашықтың 1-2 метр жері су асты­на кетеді. Қалашықтың аумағында көне бейіт бар болатын. Қазір су оны да шайып өтіп, өзен жа­ғасында адам сүйектері де шашылып жатыр. Қазба жұмыстары жүргі­­зілген орын қоршаулы тұрғаны­мен сол жерге кіріп-шығып жүрген балалар өздері тауып алып келген көне жәдігерлерді саяхатшыларға сатып та  жүр. Міне, көне Сарайшық­тың бүгінгі жағдайы осындай. Мәдениетке енжар қарай берсек, енді бір жиырма-отыз жылдан кейін бұл қаланың орны да қалмай, мүлдем суға кетуі ықтимал. 

Біздің ойымызша Сарайшықты сақтап қалудың екі нұсқасы бар. Біріншісі – ұзындығы бір жарым шақырым болатын қорған төсеп,  өзен жағасын бекіту болса, ал екіншісі – Жайықты көне ағысына қайтадан бұру болып табылады. Бірінші нұсқа шамамен 11 млрд. теңгедей қаржы жұмсауды талап етеді. Жағада алып құрылыс жұмыста­ры жүргізілуі тиіс. Және де бұл жұмысты жүргізгенде жағада орналасқан археология­лық маңызы бар құнды жәдігерлерді жо­йып жіберуіміз мүмкін. Ал екінші нұсқа бойынша жұмсалатын қаржы одан екі-үш есе арзан. Әрі, Сарайшықтағы қазба жұмыс­та­рына ешқандай зияны тимейді. Тек бір қолайсыздығы сол жерде орналасқан қазір­гі Сарайшық елді мекенін басқа жерге кө­шіру керек. Себебі, Жайық өзенінің жаңа арнасы елді мекеннен үш-төрт шақырымға алыстап кетеді екен. Бұл мәселені Батыс Қа­зақстан археологиялық экспедиция­сының жетекшісі, профессор Зейнолла Самашев кезінде облыс әкімдігіне ұсынған бо­латын.  Жұмсалатын қаржыны да қарас­­тыр­ған еді. Тек елді мекенді көшіру керек деген мәселеге  әкімшілік  келіспепті. 

Қазір Сарайшық қалашығында қазба жұмыстарын жүргізу үшін біздің облыста жылына бір млн. теңге ғана бөлінеді. Бір қызығы қасымызда орналасқан Ақтөбе қаласында археологиялық қазба жұмыста­рын жүргізу үшін жылына 40 млн. теңге бөлінсе, Батыс Қазақстан облысында                          30 млн. теңге, Маңғыстау облысында 

15 млн. теңге бөлінеді екен. Тіпті дота­циялық облыс болып табылатын, халқының 40 пайызы жұмыссыз отырған Жамбыл облысында археологиялық қазба жұмыс­тарына 27 млн. теңге бөлініпті. Ал, Қазақ­стандағы бай облыстардың бірі болып табылатын Атырау облысында археология­лық қазба жұмыстарына бір млн. теңге бөлінеді деген сөз тіпті күлкілі емес пе? Бір ғана қызық мысал келтірейін. Таразда, ескі қа­ланың орнына сонау 60-шы жылдары ба­зар салған болатын. Марғұлан бастаған бір топ археологтар оған қарсы шығып, маңызы жоғары осы тарихи орынды сақтап қалу үшін көп­теген жұмыстар жүргізген. Бірақ, олардың сөзіне ешкім құлақ аспады Ақыр аяғында сол жерге базар салып тынды. Енді міне, арада елу жыл өткен соң сол базарды басқа жерге көшіріп, бұрынғы ескі қала­­ның орнында қазба жұмыстарын қай­тадан бас­тап жатыр. Бұл сол жердегі бас­шылар­дың мәдениетінің биіктігін білдіреді. Сарай­шық­ты қалпына келтіру үшін бізге осындай жоғары мәдениеттілік жетпей тұр. 

Біз бұл бағытты қолдағанда экология­лық жағдайларды да бағамдап отырмыз. Жалпы, Сарайшық құм балшықпен салын­ған қала ғой. Сол себептен де осы ерекше­лікті ескеріп, қазба жұмыстары жүрген жерлердің үстіне қорғанша жасап, оны жаңбырдан қорғау әдісін қолданған орайлы болады. Ал қазылған үйлердің қабырға­ларын құм балшықпен майлап, ұзақ уақытқа дейін сақтай аламыз. Қазір Отырарды, Сауранды және Сығанақты осылай сақтап отыр. Жалпы археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде оны қорғау жұмыстарын қатар жүргізеді. Өкінішке орай бізде қазір  қаржыны тек қана қазу жұмыстарына ғана бөліп отыр.

Автор: Марат ҚАСЕНОВ, археолог, тарих ғылымдарының кандидаты.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322