Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3501 0 пікір 6 Шілде, 2013 сағат 11:34

Сақ патшасының мүрдесі қайта жерленді

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан өңіріндегі киелі аймақтың бірі – Шілікті жерінде өткен сенбі күні жұртшылық тағы бір тарихи сәтке куәгер болды. Осыдан он жыл бұрын қорымдарға археологиялық зерттеу жүргізу жұмыстарының нәтижесінде «Бәйгетөбе» обасынан республикадағы «Алтын адамның» қатарына қосылған сақ патшасының мүрдесі қазылған. Сақ патшасын қайта жерлеу рәсімін халықаралық әнші-актерлар конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының ұстазы, режиссер С. Акелеев жүргізді. Жәдігерді ғалымдар сақ патшасы деп танып, оның қайтадан қалпына келтірген нұсқасын жасап, ұсынған. Соның нәтижесінде арада өткен он жылдан кейін сақ патшасының мәйіті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан алынып, орнынан қайта аруланып жерлеуге берілген. Бұл істі жүзеге асыруға «Нұр-Төре» қоғамдық орталығының директоры, Шілікті өңірінің тумасы А.Егеубаев, Өнер академиясының ұстазы С.Акелеев көп еңбек сіңірген. Тарихи мұра ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс және аудан әкімдерінің қолдауымен қалпына келтірілді. Осы істің ғылыми негізделіп, тиянақты шешім табуына белгілі жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Зайсан ауданының құрметті азаматы», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, профессор, М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик Совет-Хан Ғаббасов өз үлесін қосқан.

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан өңіріндегі киелі аймақтың бірі – Шілікті жерінде өткен сенбі күні жұртшылық тағы бір тарихи сәтке куәгер болды. Осыдан он жыл бұрын қорымдарға археологиялық зерттеу жүргізу жұмыстарының нәтижесінде «Бәйгетөбе» обасынан республикадағы «Алтын адамның» қатарына қосылған сақ патшасының мүрдесі қазылған. Сақ патшасын қайта жерлеу рәсімін халықаралық әнші-актерлар конкурсының лауреаты, Ұлттық Өнер академиясының ұстазы, режиссер С. Акелеев жүргізді. Жәдігерді ғалымдар сақ патшасы деп танып, оның қайтадан қалпына келтірген нұсқасын жасап, ұсынған. Соның нәтижесінде арада өткен он жылдан кейін сақ патшасының мәйіті Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтынан алынып, орнынан қайта аруланып жерлеуге берілген. Бұл істі жүзеге асыруға «Нұр-Төре» қоғамдық орталығының директоры, Шілікті өңірінің тумасы А.Егеубаев, Өнер академиясының ұстазы С.Акелеев көп еңбек сіңірген. Тарихи мұра ретінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің, облыс және аудан әкімдерінің қолдауымен қалпына келтірілді. Осы істің ғылыми негізделіп, тиянақты шешім табуына белгілі жазушы, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, КСРО «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Зайсан ауданының құрметті азаматы», ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Махамбет сыйлығының лауреаты, профессор, М.Нострадамус атындағы академияның толық мүшесі, академик Совет-Хан Ғаббасов өз үлесін қосқан. Мүрдені қайта жерлеу рәсіміне академик С.Ғаббасов, профессор, археолог, этнолог, өнертану ғылымдарының докторы Ә.Төлеубаев, аудан әкімі А.Оңдақанов, «Нұр-Төре» қоғамдық қорының директоры А.Егеубаев, белгілі кәсіпкерлер С.Тыштыбаев, С.Пазылов қатысты. Ғалым жерлесіміз Совет-Хан Ғаббасовтың басқаруымен Алматыдан әкелінген мүрдені қайтадан жерлеу рәсімі жасалды. Одан кейін ауылдық мәдениет үйінің алдында осы іс-шара өз жалғасын тапты. Сөз кезегін алған аудан әкімі А.Оңдақанов сауапты істің басы-қасында жүрген азаматтарға алғыс айтып, «Алғыс хат» тапсырды. Қазақы дәстүрмен иықтарына шапан жапты. Осындай сыйлықты жерлестерінің атынан Шілікті ауыл округі әкімінің міндетін атқарушы Қ.Сағиев та тарту етті. Мектепті бітіргендеріне 30 және 20 жыл болған түлектердің қолдауымен «Туған жерге тағзым» акциясы аясында ауыл өмірінде ел көңіліне қуаныш ұялатқан игілікті істер атқарылған. Ауылдағы мәдениет үйінің алдына орнатылған «Алтын адам» мүсіні, Қазақстан футболының 100 жылдығы құрметіне арналған шағын футбол алаңы ауылға үлкен тарту екені сөзсіз. Сонымен бірге осы түлектер Шілікті орта мектебін жаңа жиһаздармен қамтамасыз етіп, осы күні ауылдың шетінде ұйымдастырылған бәйге жарысының бас жүлдесіне «Жигули» автокөлігін сыйға тартты. Бұл күні «Алтын адам» мүсінінің ашылу салтанатында жерлесіміз С.Ғаббасов пен аудан әкімі А.Оңдақанов лента қию рәсімін жасады.

Дереккөзі: http://zaysan.vko.gov.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1538
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3321
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6040