Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Билік 1642 0 пікір 30 Қараша, 2023 сағат 19:08

Елімізде мүгедек жандар үшін коляска жасау қолға алынсын - Т. Серіков

«Ауыл» партиясының фракция депутаттары Т. Серіков Премьер-министрдің орынбасары Т. Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

 Бүгінгі депутаттық сауалым мүгедектігі бар тұлғалар жайында. Бүгінде бір өңірде ғана емес , еліміз бойынша кәсіби түрде протез жасайтын протезист маманы жоқ. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына сәйкес 2023 ж наурыз айы бойынша елімізде 715 мыңнан аса мүгедектігі бар тұлғалар тұрады. Өңірлерді алсақ, 5 өңірде осы жандардың тең жартысы тұрады екен. Олар: Түркістан облысында 97,1 мың, Қарағанды облысында 66,3 мың, Алматы облысында 64,5 мың, Шығыс Қазақстан обл 50,2 мың және Алматы қаласында 57,1 мың адам тұрады екен. Ауылдық жерлерде 305,5 мың, немесе 42, 7 пайызы.оның ішінде Түркістан обл 76,3 Алматы обл 73,6, Жамбыл облысында 64,7 пайызы тұрады. Сонымен қатар тірек-қимыл аппаратының бұзылуымен 200 мыңнан аса адам бар. Мемлекет 1ші, 2ші, 3ші топ мүгедектеріне тегін протез жасауға кепіл болғанымен ол іс жүзінде өте баяу іске асуда. Бұл нормалар мүгедектерді протезді-ортопедиялық көмек және техникалық көмек құралдарымен қамтамасыз ететін,  Премьер Министрдің орынбасары, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылдың 30 маусымдағы №287 бұйрығымен бекітілген. Және де 3 жылда бір рет протезді ауыстырып, жылына бір рет жөндеу жасалу керек. Ортопедиялық аяқ киім жылына бір рет ауыстырылуы қажет.

Протездік-ортопедиялық бұйымдармен қамтамасыз етудің ағымдағы жүйесі, ең алдымен бюджеттік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік тапсырысты орындау жүйесіне және бұйымдардың төмен құнына бағытталған. Бұл ретте пайдаланушылардың жеке қажеттіліктерін және алушы тұлғалардың оңалту әлеуетімен өмірлік қажеттіліктеріне бағдарлану мүмкіндіктері ескерілмеген.

Елімізде протез жасайтын бар жоғы үш төрт ақ адам ғана бар, олардың өзі мүгедектігі бар, бұлсаланың мамандары емес, ресейге барып айлық курс оқып келіп протез жасап жүр. Амал жоқтықтан. Себебі колледждермен жоғары медициналық оқу орындарында бұндай мамандыққа оқытпайды. Мүлде жоқ. Шет мемлекеттерден протез алу, қалтасы қалың адам үшін де қиындық туғызады, ал қарапайым адам қалай алады? Протез ол адамның дене мүшесінің жасанды түрі, сондықтан бұл мәселеге тианақты түрде қарау керек.

Протезді жылына кемінде екі рет тексеруден өтізіп отыру қажет. Ал балалар протезін әр екі ай сайын жөндеуден өткізуі керек, себебі баланың сүйегі тез өзгереді, денесі өседі, өзгерістер болады. Осы орайда жоғары квалификациялы протезист-ортопед маман болуы керек.  Мысалы, Германия, АҚШ елдерінде, тіпті көршілес Ресейдегі Санкт-Петербург қаласында, 2 оқу орнында «протездік-ортопедиялық және оңалту техникасы» мамандығы бойынша оқытылады.

Олар оқуды тәмамдаған соң: науқастардың жағдайын талдауға, аяқ, қол протездерінің түрін, дизайнын, ортоз түрін тағайындауға, аяққа ортопедиялық аяқ киім мен түзету құралдарын тағайындауға, пациенттің қозғалысын жеңілдететін көмекші құралдарды тағайындауға, төменгі аяқ протездерін жасауға қатыса алады. Және шет елде хирургтар операция жасар алдында протезист маманмен пациентке ота жасау керек пе, немесе қалай жасау керектігін ақылдасады. Себебі дұрыс жасалмаған протез ауруды ушықтыруыда мүмкін. Протезит-ортопед маманның тәжірибесі ампутаттың алдағы сапалы өмір сүруіне ықпалы зор.   Ал біздер медицналық оқу орындарына осы мамандықтарды кіргізе алмай жүрміз. Тіпті Белоруссиядағы ұлттық технологиялық университетінде, Витебск технологиялық университетінде «Биотехникалық және медициналық апарат және жүйе»мамандығы бойынша оқытылады екен.

Технология бір орнында тұрмайды. Әлемде жыл сайын жаңартылған инновациямен түрлі протездер өндіріске енуде. Осы орайда айтарым, «Медикер Интернешл» компаниясымен бірлесе Түрік ағайындар елімізде протезист мамандарын дайындауға дайын екендіктерін білдірген болатын, тек оларға мүмкіндік беру керек. Ең болмағанда еліміздегі колледждерде «Протезді-ортопедиялық және оңалту техникасы» бөлімдерін Астана, Алматы, Қарағанды қалаларында немесе тағы өзге өңірлердегі медициналық оқу орындарында оқытуға мүмкіндіктер берілсе.

 Екіншіден мүгедектікті растау бойынша көптеген мәселелер туындауда. Мысалы бір қолы, бір көзі, бір аяғы жоқ жандарға 3ші топ берілген, аяқ протезі жүру қозғалысы үшін болса, қолдың, көздің функциясы мүлде бөлек. Әлеуметтік жеңілдіктердің көбісі 1 және 2 топқа берілгендіктен көптеген мүгедек жандар осы топқа тіркесе дейді. 3 топта бұндай жеңілдіктер жоқ десе болады.

Оған дәлел ретінде мысал айтар болсам, маған түскен  көп өтініштің бірі «қыз бала бір қолы кемтар туылған, өспей қалған, атқару функциясы жойылған. Бірақ оған 3 ші топ қана берілген. Сол себепті ол адам 50 жыл бойы 3 ші топты қайта-қайта растап жүр. Осыдан ақ әлеуметтік жауапкершіліктің жоқтығын көріп отырмыз. Біз бұдан 1,2 ші топтың ақшасын қарап жүрген жоқпыз, біз бұдан әлеуметтік әділдікті іздейміз. Осыған орай Парламент қабырғасында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен инклюзивті Парламентпен бірге №260 бұйрықты ақылдаса отыра талдау керек.

Енді мүгедек жандар үшін жасалатын арнайы коляска жайлы айтар болсам, бізде коляска шығарылмайды екен. Республика бойынша 720 мыңнан аса мүгедектігі бар тұлғалар бар, оның 203 мыңы қозғалыс аппараты жүйелерімен тіркеуде тұрса, 25 345 адам арбамен жүреді екен. Біздегі коляскаларда тек фирма аты жазыған жазуды тағып береді де, ол біздікі сияқты болып шыға келеді.  Енді осы арбалардың бағасын айтсам, автоколік бағасымен тең боп қалды. Әлеуметтік партал арқылы алынатын сыртта жүруге арналған коляскалардың қолдану мерзімі  5 жыл, үйде жүруге 7 жыл, мобильді  активті түрдегі коляскаға 5 жылға берілген. Бірақ олар көп болса бір екі жылға ғана шыдайды, яғни сапасы жоқ.  Ал сапалы 10 жыл жүріп беретін «Оттобок» компаниясының арбалары 1,5-2 млн теңге шамасында.  Мүгедек арбасы ол жүк таситын қол арба емес. Оның да ерекшеліктері бар. Ол арбамен тасты жолмен де, қисық жолмен де, сыртта да ғимаратта да жүреді. Табалдырықтан бір секірсең доңғалағы қисайып қалатын сапасыздары қаншама. Оны жөндету тіптен қымбат. Отыратын қалың ортопедиялық көрпешесінің өзі кем дегенде 250 мың теңге. Коляска істен шыққан жағдайда, оны жөндейтін орталықтар жоқ. Тек Астанамен Алматыда ғана бар. Оның өзі тағдырлас бауырлардың қаражатымен ашылған орталықтар.

Неге бізде осы арбалардың құрылғы бөлшектерін шет елден алғызып, бізде құрастырмасқа? Осыған не кедергі? Сонда сапалы арба бағасы да біршама арзандап, мүгедек жандар үшін қолжетімді болар еді. Біз осы мәселелер жайлы айтып та ескертіп те жүрміз. «Баяғы жартас, сол жартас», ескертулеріміз ескерусіз қалуда.

Кезінде жырауларымыз, «Құйрығы жоқ жалы жоқ құлан қайтып күн көрер» десе, қазір «коляскісіз, протезсіз мүгедек қайтып күн көрер» дейміз бе?

Осыған орай жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты ұсынамын:

  1. Қазақстанда протез жасайтын протезист мамандарын дайындауды енгізсін.
  2. Елімізде мүгедек жандар үшін коляска жасау қолға алынсын.
  3. Коляскаларды жөндейтін қала орталықтарында инво жөндеу орталықтары ашылсын.
  4. Инклюзивті парламент депутаттар тобының және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, Денсаулық сақтау министрлігінің қатысуымен мүгедектікті растау жөніндегі № 260-шы бұйрық қайта қаралсын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036