Жексенбі, 24 Қараша 2024
Одақтастың ойы 3552 4 пікір 20 Желтоқсан, 2023 сағат 12:33

Батька бұра тартуда. Қазақстан қайтпек?

Қазақстанның Германияға мұнай экспортына кедергі келтіріп отырған Беларусьтің әрекетіне тиісті жауап ойластырыла бастады. Бұл туралы Министрлер кабинетіндегі жағдаймен таныс DALA INSIDE дереккөзі хабарлады.

Қазақстан, Германия және Ресей биыл «Дружба» құбыр жүйесі арқылы Германияның «Шведт» мұнай айыру зауытына жылына 1,2 миллион тонна қазақ мұнайын жіберуге келіскен еді. Құбыр Ресей, Беларусь, Польша арқылы Германияға барады. Енді күтпеген жерден Минск өзі арқылы өтетін учаске тарифын тоннасына 455,94 рубльден 653,8 рубльге дейін, яғни 43,4 пайызға көтереміз деп қиғылық салуда. Егер тарифтер күрт өссе Қазақстан тарапы қосымша 1 миллиард теңгеден астам шығынға ұшырайтын болады.

Беларусь президенті Александр Лукашенконың Қазақстанға деген көзқарасы соңғы кездері оңды болып жүрген жоқ. Бірақ Батька не істесе де, Қазақстанның оны жазалайтын қуатты рычагы болмай тұр. Минскті тек беларусь азық-түлік импортын шектеу арқылы сәл ренжітуге болады.

Үкімет үйіндегілер тарифті орнында қалдыру үшін барын жасап көрмек. Германияға мұнай экспортын үзуге болмайды. Себебі, келісімдерге қол қойылған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1494
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3263
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5590