Оралхан Бөкей мектебінің төбесінен су ағып тұр...
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарының дүмпуімен осыдан бірнеше жыл бұрын Глубокое ауданының орталығы Глубокое селосында қазақ орта мектебі ашылып, оған қазақтың көрнекті жазушысы Оралхан Бөкейдің аты берілген еді. Ол кезде дені орыс халқының өкілдерінен тұратын аудан орталығында қазақ мектебінің ашылуы жаңалық болғаны анық. Ал шынтуайтына келгенде, 240 орындық аталмыш мектеп бұрынғы балабақша ғимаратына қосымша жай қосылып салынған болатын. Айтар ауызға ғана болмаса бұл ғимараттың «мектеп» деген аты ғана бар. Облыстың оңтүстік аудандарынан сол жылдары жапатармағай көшіп, көбісі осы ауданның ауыл-селоларына қоныстанған қаракөз ағайындардың «қазақ мектебі ашылса» деген тілегін қанағаттандырған түрлері. Мектеп содан бері балаларды оқытып жатқанымен, оны мемлекеттік комиссия келіп қабылдап алмаған, тіпті оның құрылысы да аяқталмаған. Бұл жағдайды бұрын осы ауданның әкімі болған қазіргі сенатор Сергей Плотников, одан кейін ауданды басқарып, кейін облыс әкімінің орынбасары қызметінен республика жұртшылығына мәлім айқай-шумен кеткен Дәурен Бейсембаев біледі. Бірақ олардан мектептің құрылысын аяқтату орайында кейін ешқандай көмек болмаған.

Облыстың Тарбағатай, Марқакөл, Күршім, Зайсан секілді қазақтар көп қоныстанған өңірлерінен, Қытайдан, Моңғолиядан, Ђзбекстаннан қоныс аударып келген оралмандар барған сайын көбейіп, бүгінгі күні аталмыш мектептің оқушылары екі есеге таяу өсіп, мектепте 407 бала оқып жатыр. Оқушылардың 25-30 пайызы аудан орталығының өзінде тұрады, қалған балалар ауданның басқа ауылдарында қазақ мектебі болмағандықтан, осында келіп оқиды.
«Нұрлы көш» бағдарламасына сәйкес осы ауданға Моңғолия мен Қытайдан тағы да 350 отбасы көшіріліп әкелінгелі отыр. Әр үйде үш-төрт, әйтпесе бес-алты баладан бар. Сонда орыс тілін білмейтін олар қайда барып оқымақ? «Шетелдегі қандастарымызды көшіріп әкелген дұрыс қой, дегенмен ертеңгі күні олар қайда тұрады, қайда жұмыс істейді, олардың балалары оқитын қазақ мектебі бар ма?» деген сауалдарды ойластырып, осы мәселелерді шешіп алған дұрыс емес пе. Әйтпесе атамекенім, бабамның кіндік қаны тамған жер деп көшіп келген қаншама отбасының жағдайы келмей, өздері жұмыс таппай, балалары оқитын мектеп болмай кері көшіп кеткен жағдайлары да болған.
Осыдан он шақты жыл бұрын «осыған да тәубе» деп есігін ашқан қазақ мектебі бала саны көбейгендіктен, енді таршылық етіп отыр. Сондықтан Оралхан Бөкей атындағы қазақ орта мектебінің жаңа оқу жылында кішкентай қаракөз бүлдіршіндерді бірінші сыныпқа қабылдауға мүмкіндігі жоқ. 1972 жылы салынған интернаттың төбесінен су ағып тұр.
Былтыр ғана осы мектептің жылу жүйесін жөндеуге 1 миллион 400 мың теңге қаражат бөлінген. Бірақ жұмысты жүргізген ұйым ескі құбыр, ескі батареяларды орнатып, жұмыс бітті деп тайып отырған. «Мынау неге бұлай?» деген ешкім болмаған.
Сынып-кабинеттерінің жеткіліксіздігінен мектептің кейбір мүліктері далада, жаңбырдың астында жатыр. Оларды кіргізіп сақтауға қоятын қойма да жоқ. Ұл балаларды еңбекке баулу сабағын жүргізетін оқу шеберханалары жоқ, құрап-сұрап алған станоктар жұмыс істемейді. Қыздарды іс тігуге, киім пішуге және басқа мамандықтарға үйрететін ешқандай құрал-жабдық, әртүрлі іс-шараларды өткізетін мәжіліс залы да жоқ. Мұнда балалар концерттер қойғанда фойеге шымылдық құрып әуре болып жүргендері. Ђрт сөндірушілер «мынау өрт қауіпсіздігі талаптарына қайшы келеді» деп, шымылдықтарын алдырып тастайды екен.
Спорт алаңы да салынбаған. Мектептің өзі сайда орналасқан. Кезінде аудан әкімдігі әперген «Газель» автомобилі де қоятын гараж жоқтықтан далада тұр.
Канализация құдықтары алаң-ашық жатыр. Оның қақпақтары қайда кеткені белгісіз. Жаман айтпай, жақсы жоқ, ойнап жүріп балалар құлап кетіп, мерт болса, оған кім жауап береді? Кезінде «қазақ мектебін аштық» деп жоғары жаққа баяндап, сонысымен абырой-бедел алып, облыс әкімінің орынбасарлығына көтеріліп, қазір сенаторлық қызметте отырған Сергей Плотников па, басқа ма?
Осы кемшіліктердің барлығы былтыр қазан айында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері келгенде, облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қызметке тағайындалып, аудан активімен кездесу өткізгенде айтылған екен. Бірақ әзір жаңа мектеп саламыз деген сөз ешкімінің аузынан шықпаған. Егер жақсы ғимарат салынып, пайдалануға берілсе, мектептің педагогикалық ұжымы өз ісін білетін адамдар. Қазіргі білім сапасы 60 пайызды көрсетіп отыр. Мектепте алты интерактивтік тақта орнатылған.
Демеушілер есебінен 1-4-сынып оқушылары тегін тамақтандырылып келеді. Сол секілді оралман отбасылардың балаларына да тамақ тегін. Мектеп директоры балалардың ас мәзірін, тамақ сапасын күн сайын өзі тексеріп тұрады.
Мектеп оқушылары Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан кезде де жақсы көрсеткіштерге жетуде. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетіндегі тестілеуге қатысқан оқушылардың алған орташа балы – 70. Биыл мектептің 1-сыныбында 23 бала оқыса, 24 оқушы 11-сыныпты бітіргелі отыр. Жетеуі – оралман отбасылардың балалары. Сөз реті келген соң айта кетейік, балалардың 30-35 пайызы – оралман балалар. Және де Қытайдан қоныс аударып келген отбасылардың балалары қазақ тілін жақсы білмейді екен. Жаңа оқу жылында бала- бақшаға 50 бала келеді, егер дұрыс жағдай туғызылса, орыс отбасылары да балаларын қазақ мектебіне беруге талпынып отыр.
Мектеп оқушылары Өскемендегі қазақ-түрік лицейінде облыстың түкпір-түкпірінен келіп оқып жатқан өз құрбы-құрдастарына жасалған жағдай туралы естіп, ауыздарының суы құриды. Олар да кең, жарық сынып бөлмелерін, неше түрлі қазіргі заманғы аспаптарға толы кабинеттерді айтпағанда, әдемі мәжіліс залдары, оқу шеберханалары, жүзу бассейні, спорт залдары, кітапханалары, яғни керек-жарақтың бәрі бар. Глубокоелік қазақ балалары біздің солардан қай жеріміз кем деп ойлағанда, көздері мұңға толады. Оқушыларға барлық жағдай жасалған жерде жұмыста нәтиже де бар: қазақ-түрік лицейінің балалары облыста спартакиада, олимпиадаларда ешқашан алдына қара салып көрген емес. Тіпті республикалық, халықаралық жарыстарда жүлде салып жүр. Осыдан жергілікті ұлт, яғни қазақ халқы неге үлгі алмайды? Ұлттың ертеңі – қаракөздер. Ендеше, солардың ел қатарлы білім мен тәрбие алуына неге жағдай жасалмайды? Мектеп директоры Сәуле Досқалиева осы мәселені айтып, табалдырық тоздырып жүр.
Ұлттың болашағына деген қамқорлық пен қолдау тек сөз жүзінде ғана қалмау керек. Көмекке зәру болып отырған мектеп ұжымы мен оқушылардың жанайқайына әкім-қаралар құлақ асуы тиіс.
Мира БЕРІКБОЛОВА Шығыс Қазақстан облысы
«Айқын» газеті 19 мамыр 2009 жыл