Ел саясаты: «Жастарға - барлық жерде орын бар!»
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің даму стратегиясында жастарға басты назар аударылатынын атап өтті.
Жастарды қолдау әрқашан президенттің назарында жете ұсталынып келеді. Дұрыс бағдарларды қалыптастыру, сондай-ақ жастардың патерналистік және қамқоршылық көңіл-күйін төмендету жөніндегі шараларды күшейту туралы айта келе, Президент: «Біз қалаларда жайластырылмаған жастармен нақты жұмыс істеуіміз керек. Жастар арасында сенімге ие, пайдалы қоғамдық қызметпен айналысуға дайын көшбасшыларды тарту. Мемлекет жастарды жұмыспен қамту, білім беру және оқыту саласында бірқатар маңызды жобаларды іске асыруда. Бірақ, әлеуметтік сауалнама нәтижесі көрсеткендей, жастардың көпшілігі олар туралы ештеңе білмейді. Мұндай жағдайды батыл өзгерту керек», - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстандағы жастарға уақытпен қатар адымдайтын қандай саясаты қажет?
Жастар саясаты үнемі өзгерістерге мұқтаж екендігі ешкімге ешқашан дау тудырған емес. Қазіргі қазақ қоғамына еліміздегі жастардың әлемдік трендтерін ескеруге тура келіп отырғаны да жасырын емес, қайта өмір шындығы. Бұл туралы отандық сарапшылар түрлі қисындағы ойларын жұрт талқысына салудан тайынған жоқ.
Психологтар жастардың санасына әсер ететін әлемдік маңызды трендтердің бірі - отбасы институтының әлсіреуі деп санайды. Статистика бірінші баланың тууы және некеге тұру жасының айтарлықтай төмендегенін алдымызға тарта бастады. Бұл урбанизация мен жас әйелдердің мансап құруға деген құлшынысы енді отбасы институтына әсер ететінін көрсетеді. Бәлкім, неке қию мәселесіне адамдар саналы түрде қарайтын шығар.
Бұны зардапты да, теріс тренд деп санауға болмайды. Бізге бұл ұнайды, өйткені отбасы құрудың алдында мықты қаржылық іргетас қалаушылыққа талпыну мақтауға тұрарлық. Бұдан басқа, қоғам, әсiресе қалаларда дәстүрлi емес отбасыларға неғұрлым төзiмдi бола түсуде. Жалғыз ғана ата-анасы бар отбасылар көбейе бастады. Айта кетерлік жайт, бала туудан саналы түрде бас тартқан кезде орын алатын жайт: child-free қазақи санадағы адамдарды таң қалдырады. Сондай-ақ, саналы жалғыз өмірге негізделген сологамияны таңдаған адамдар да бар. Батыстан біздегі орыс тілді әлеуметтік ортада енді-енді белең ала бастаған child-free пен сологамия үрдісі өзіне назар аудартып, жастарды бұл қатерлі үрдістен арылту үшін билік пен үкімет тарапынан ұлттық құндылықтарға негізделген тәлім-тәрбие бағдарламалары жасалуға тиіс. Жалпы, Қазақстандағы мұндай трендтер халықтың қартаюына алып келуі мүмкін, бұған қоғам да, билік те дайын болуы тиіс. - дейді отандық психологтар.
Сарапшы сондай-ақ жастардың тамақ ішу мәдениеті өзгергенін проблема ретінде дабыл қағып, ұлттық қатер ретінде алға тарта бастады. Қалалық жерлердегі отбасылық басқосуларда олар үнемі жеңіл тамақтануды артық көріп, тапсырыспен тамақ алдырып ауқаттануды хош көреді. Жалпы, жастар өздерінің әке-шешелері сияқты емес, жеделдетілген батыстық форматта өмір сүреді. Бір сөзбен айтқанда олардың әлемі смартфондардағы суреттер сияқты жылдам өзгеріске түседі. Жастар жалпақ табанды ыңғайлы аяқ киім киіп, спортпен шұғылданады және барлық нәрседе әмбебаптылыққа ұмтылады.
Атап айтар болсақ, қазақ дәстүрінде тамақтану әрқашан үлкен мәнге ие. Жәнеде ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиелік бағыт-бағдарға арқа сүйейді. Алысқа бармай, мысал үшін айтар болсақ, отбасы мүшелері барлық үй иелерінің жиналуын әрқашан күткен. Тамаққа тек отбасының үлкені немесе әкесі қол салғаннан кейін ғана кірісуге болады. Біз бұл арада асылған еттің кәделі мүшелерін туысқандар арасында бөлу дәстүрі туралы айтпаймыз. Қазір жастар үшін уақыт тым тапшы. Сол себепті олардың арқаны кеңге салып, ұзақ түскі асқа, шай ішуге уақыттары мүлдем жоққа тән. Олар кез келген жерде тамақ ішіп, интернет арқылы тамақ жеткізуге тапсырыс бере алады. Бұл жаңадан өмір салтымызға енген ғадетті жаман деп есептеуге болмайды. Өйткені, бұл уақыт талабы шығар. Бірақ бірыңғай дастрахан отбасын біріктіру, туыстық байланыстар мен дәстүрлерді нығайту тәсілі ретінде кейбір отбасыларда өз маңыздылығын біртіндеп жоғалтып бара жатқаны қынжылтады. Сондықтан аға буын жастарды өткенге күл шапшауға үнемі үндеп отыруы керек. және бұл мемлекеттік жастар саясатының өзекті саласына айналғаны да теріс болмйады. Ұлттық тамақтану дәстүрін жадыдан ұлт та, билік те шығармауы қажет.
Экономистерде мемлекеттің жастарға қатысты ұстануға тиіс саясаттарына қатысты өз пкірлері мен ойларын жария ете бастады. Жастар арасында стартаптарды құру мен фриланс-қызметтер нарығының өсу тренді бұл орайда көп нәрсеге көзімізді ашады. Кішкентай кезінен желіде «өмір сүруге» үйренген жас ұрпақ өзін жаһандық әлемнің бір бөлігі ретінде сезінеді және өзін-өзі іске асырудың шекарасының шектеулші еместігін жан-тәнімен сезінеді. Осы өзін жаһандық әлемнің бір бөлігі ретінде сезінетін һәм өзін-өзі іске асырудың шекарасының шектеулші еместігін жан-тәнімен сезінтін жастарды мемлекет тарапынан түрлінше қолдау жасау күн тәртібінде тұр.
Қазіргі жастар барлық жағынан да бостандықты бағалайды. Бұл орайда Қазақстандағы 2 млн өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың басым бөлігі – жастар екенін есте ұстауға тиіспіз. Олар үнемі өз бетімен үйрену барысында игеретін кәсіптері мен қызмет саласына қызығушылықтары өте тез өзгертеді. Әке-шешелері сияқы жағдайына қарамай, қарызға белшесінен батып, пәтер сатып алмайды. Қаржылық жағдайын байыптап, мемлекет ұсынып отырған ипотекалық бағдарламаларға еш қызығушылық танытпайды. Көрпесіне қарай көсіліп, тек жалға алынған тұрғын үйде өмір сүруді жөн көреді. Әрі бұл қадамға өз отаны Қазақстанда емес, көп жағдайда өзге дамыған елде баруды құп санайды. Бұл мәселенің бір жағы болса, екінші жағынан, жастар арасын дендеп жайлаған салық төлемейтін көлеңкелі табыс мәселесін мемлекет тарапынан шешу маңызды дегенді экономистер орынды сөз етіп келеді. Бұл жастарымыздың адал еңбек етуге деген Батыстық бизнестік өмір салтының бізде де орнығуына негіз болады.
Әлеуметтанушыларымызда жастар саясатына қатысты өз пкірлерін жұрт арасына кеңінен тарата бастады. Бұл ұлт болып құлақ түрерлік дүние. Жастар үшін онлайн-орта кәдімгі өмір салты болып табылады. Сондықтан олардың басым көпшілігі бағдарламалау тілдерін, бейне-контент жасау тәсілдерін, әлеуметтік желілерді жүргізуді жете меңгеруге тырысады. Бұл оларды өзіне тәнті етеді. Жастар үшін диджитализация - үйреншікті ғадет. Сондықтан, бүкіл қоғам болып, аттандап, жастардың смартфондарын алып қою немесе интернетте аз уақыт өткізуді талап ету пайдасыз да, бекершілік дүние. Онда тек ойын-сауық қана емес, құрдастарымен қарым-қатынас, білім, кәсібиліктің өсуі және жалпы алғанда әлемдік прогресті анықтайтын барлық нәрсе бар екендігін жастар саясатымен айналасушылар үнемі естеріне ұстап, соған ыңғайланып бейімделуге тиіс.
Жоғарыда сөз еткеніміздей, қазақстандық жастар әртүрлі және бір-бірінен түбегейлі ерекшеленетін түрлі топтардан тұрады. Енді елімізде тек бірыңғай батыс мәдениеті ғана емес, сонымен қатар кәріс, жапон және қытай мәдениеті де танымалдылыққа ие болу үстінде. Мұның себебі - бүкіл әлемде к-рор, аниме-сериалдар, манга комикстерінің таралуынан туындап отыр. Бұл орайда, әсіресе, Оңтүстік Кореяның креативті экономика өнімдерінің танымалдығы кореялық өнеркәсіптік тауарларға - косметикаға, киімге, тамақ өнімдеріне, жуу құралдарына және гигиена құралдарына қызығушылық тудыратыны да рас. Бұл жастар саясатында үкімет пен билік ескеруге тиіс бір дүние дегіміз келеді.
Екінші жағынан, Қазақстанда исламдану үрдісі қарышты қадаммен өсіп келеді. Ораза ұстау, мешітке бару, қайырымдылық ұйымдарын ұйымдастыру, сондай-ақ мектептерде хиджаб киіп жүру қозғалысының артуы исламдануға деген ұмытылыстың нәтижесін көрсетеді. Дамыған елдерде діндарлық төмендеп келеді және осы тұрғыдан алғанда біз осы әлемдік трендтен артта қаламыз. Өмір сүру деңгейі төмендеген жерде діндарлық өседі деп есептеледі. Қазіргі таңда Орталық Азия елдерінде жастар арасында дінге деген қызығушылықтың артқанын көріп отырмыз, онда мешіттер салынып жатыр, көптеген азаматтардың қатысуымен діни мерекелер аталып өтілуде. Бұл трендті елемеуге болмайды деп ойлаймын. Бір жағынан, дінге сенушілердің құқықтары мен бостандықтарын бұзуға жол беруге болмайды, екінші жағынан - мемлекетіміздің зайырлығы, толеранттылық, барлық діндер мен конфессияларды құрметтеу қағидаттарын сақтау керек, - дейді социологтарымыз өз зерттеулері мен талдауларында.
Abai.kz