Ассамблея жай ғана мекеме емес, тірі организм...
Елімізде Қазақстан халқы Ассамблеясының мақсатын іске асырып отырған этномәдени бірлестіктер бар. Әр ұлттан құралған мәдени бірлестіктер бүгінде жемісті жұмыс істеп келеді. Біз Алматыдағы Қазақстан халқы Ассамюлеясына қарасты «Стругураш» молдаван этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Тамара Елгелдиевамен бірлестіктің атқарып жатқан жұмысы жайында әңгіме өрбіттік.
- Тамара ханым, Ассамблеяға қалай келдіңіз, қызметіңіз неден басталды?
- Мен ең алдымен бір істі бастамас бұрын, белгілі бір мәселені жүйелеп зерттеп аламын. Ассамблея саласына келуіме басқа халықтардың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері қызықтырды деп сеніммен айта аламын. Жас кезімізде ол туралы көп ойланбаймыз. Біз Кеңес Одағында өстік, менің айналамда әртүрлі ұлттың қыздары болды. Біздің жер тың өлке болғандықтан, әрине, басқа республикалардан келушілер көп болды. Біз бір-бірімізге қонаққа барғанда, мен әрқашан әлем халықтарының аспаздық ләззаттарының рецепттеріне қатты қызығатынмын. Украин достарым пампушка қосылған борщ, шие қосылған тұшпара пісіреді. Өзге ұлттардың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпын зерттеуге деген қызығушылық осыдан басталды.
- Қазақстан халқы Ассамблеясы сіз үшін нені білдіреді?
- Ассамблеяның аясы, мен әрқашан айтамын, шексіздік, өйткені мұнда сіз жұмыс істей аласыз, жасай аласыз, қиялдай аласыз, сіз шексіз оқып, жаңа нәрсені түсіне аласыз, өзіңізге қызықты нәрсе таба аласыз. Сіз бір нәрсені зерттей аласыз, бір нәрсені біле аласыз, соған қарамастан, жаңа көкжиектерге тап боласыз.
Қазіргі заманғы шындықта ҚХА әлемде теңдесі жоқ бірегей мекеме деп айтамыз. Мен үшін бұл жай ғана мекеме емес, тірі организм сияқты. Біздің қоғамдағы әртүрліліктің синтезі туралы айтатын болсақ, бұл шын мәнінде өмір сүретін тірі ағза сияқты сезіледі. Бұла әсірелеуімнің де өзіндік себебі бар. Себебі мен үшін Ассамблеяның орны ерекше.
- Сіз жұмыс істеген уақытта этномәдени бірлестіктің, ассамблеяның жұмысы қаншалықты өзгерді?
- Мен бастаған кезде ассамблеяның рөлі енді енді қалыптасып келе жатты. 2005 жылы әкімдер аппараттарында облыстық ҚХА хатшылықтары құрылды. Алғашында олар шағын ассамблея деп аталды, кейін бұл саладағы кәсіби терминология айтарлықтай өзгерді: ұлттық-мәдени орталықтар этномәдени бірлестіктер деп атала бастады, аймақтарда Достық үйлері ашыла бастады, облыстық ассамблеялар шағын деп аталмай қалды.
Жергілікті құрылым құрыла бастады, бұл құрылған тетіктер мен құралдар арқылы этномәдени бірлестіктердің әлеуетін айқынырақ ашып, этносаралық саясатты мақсатты түрде жүргізуге мүмкіндік берді. Этномәдени бірлестіктер енді бастапқы кездегі қоғамдық бірлестіктер ғана емес. Көп жағдайда бұл ұлттық бағытта құрылған стихиялық бірлестіктер болды.
Қазір көптеген мәдениет ошақтары өзін-өзі қамтамасыз ететін, берік орныққандығы сонша, олар тек жексенбілік мектептердегі концерттер мен шаралармен ғана шектелмейді. Олар өз халқының тарихында атаулы даталары бар тарихи тұлғаларды – өз этносының өкілдерін жұртшылықпен таныстыра отырып, әдеби-сазды, поэтикалық кештер ұйымдастырады.
Бұл ретте ғылыми-сараптамалық топтың жұмысын атап өтуге болмайды, өйткені олардың көмегімен біз өзіміз де, жұртшылық та этностардың тарихын, халық шығармашылығын ғылым мен аналитика арқылы түсінуге мүмкіндік алдық.
- Мәдениет бірлестіктердің қызметіндегі бағыттарды айтсаңыз?
- Олардың барлығының жарғыларда белгіленген жалпы бағыттары бірдей, бірақ олардың әрқайсысы белгілі бір салада күшті. Жұмысымызды ұйымдастырғанда осыны ескеруге тырысамыз. Қайырымдылық туралы айтатын болсақ, біз орталықтандырылған түрде жылына бірнеше қайырымдылық шараларын өткіземіз. Өткен жылдары бұл нақты балаларды емдеуге қаражат жинауға бағытталған іс-шаралар болды.
Үлкен концерт ұйымдастырылып, сахнада жиналған қаражатты баланың анасына табыс еттік. Ол өз тарапынан бізге шығындар туралы хабардар етіп, барлығы баланың емделуіне бағытталғанын айтты. Егжей-тегжейлерін қалдырсақ, бала жүріп, сөйлей бастады. Соңғы рет біз оны Достық үйінде кішкентай жұлдыздарымызға арналған қайырымдылық жаңа жылдық кешінде көрдік. Жыл сайынғы «Қазақстан халқы Ассамблеясының дамуындағы жастардың әлеуеті» студенттік конференциясы, жексенбілік мектеп оқушылары арасында мемлекеттік тілді білуге арналған байқаулар, «Менің елім – Қазақстан» сурет байқауы жастар аудиториясына бағытталған. Биылғы жұмысты жоспарлағанда «Жаңғыру жолы» штабымен ақылдастық. Меніңше еліміздегі этномәдени бірлестіктерді татулықты нығайтуға деген күш біріктіреді. Ең бастысы заманымыз тыныш. Бейбіт аспанның астында тату- тәтті өмір сүру ол біздегі халықтың асқақ арманы. Ал бұл арман барлығымызды біріктіреді әрі күшті ете түседі.
Abai.kz