Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3040 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:51

Ядролық отын банкін құруға әзірміз

Халықаралық атом энергиясы агенттігі (ХАЭА) Қазақстанның өз аумағында ядролық отын банкін орналастыру жөніндегі ұсынысын қабылдауға дайын. Бұл туралы кеше Астанада басталған радиоактивтік материалдардың қалдықтарынан ластанған аумақтарды қалпына келтіру мәселелеріне арналған халықаралық конференция барысында агенттіктің ядролық отын айналымы және қалдықтарды техникалық реттеу бөлімінің бастығы Ханс Форстрем мәлім етті.
Алғаш рет ядролық отын банкін Қазақстанда орналастыру жөніндегі ресми ұсынысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осы жылдың 6 сәуірінде Астанада Иран президенті Махмұд Ахмадинежадпен жүргізген келіссөздер барысында айтқан болатын. Бүгінде аталмыш мәселемен Энергетика және минералды ресурстар министрлігі шұғылданып жатыр. Жобаны тікелей жүзеге асыру үшін «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы мен Ұлттық ядролық орталық дайындыққа кірісіп те кетіпті.
«ХАЭА байытылған ядролық материалдың халықаралық банкін құру жобасын қарастыруда. Қазақстан ядролық отын банкін өз аумағында орналастыру жөніндегі ұсыныс қарастырылып жатқанын естідік. Алайда Қазақстан агенттікке ресми түрде өтініш жасаған жоқ. Ал егер республикадан осындай ұсыныс түсе қалса, оны ризашылықпен қабылдаймыз деп ойлаймын”, – деді Х.Форстрем.

ХАЭА асығыстық білдіргенмен, біздің тарап «келісіп пішкен тон келте болмас» деген ұстанымда отырған секілді. Жан-жақты талқылап, таразыға салып жатыр. Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикиннің айтуынша, бұл республикамыздың халықаралық деңгейдегі беделін одан әрі көтеретін имидждік жағынан жақсы жоба болғанымен, коммерциялық мақсатты көздемейді. «Бұл жобадан тікелей коммерциялық пайда жоқ. Бұл коммерциялық жоба емес, алайда өнеркәсіпке қайтарымы ауыз толтырып айтарлықтай болады. Бұл жоба бізге ядролық қару-жарақты таратпау режимін нығайтуға қатысуға мүмкіндік береді», – деп атап өтті ол. «Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Ядролық отын банкін Қазақстанда орналастыру мүмкіндігінің техникалық тұстарын қарап жатыр», – деген Атом энергетикасы жөніндегі комитетінің төрағасы Тимур Жантикин бұл жобаның экологиялық маңызына ерекше мән берілетінін баса айтты. «Егер бұл жоба жүзеге асырылатын болса, онда заң бойынша оның қоршаған ортаға әсерін бағалау міндеті туындайды. Егер табиғи ортаға қандай да бір теріс әсерлері болатын болса, онда мұндай жоба жүзеге асырылмайды. Алайда бұл жоба экологияға ешқандай да проблема келтірмейді деп ойлаймыз. Себебі ол қайтадан өңделетін шикізатпен жұмыс істейді. Еліміздегі Үлбі металлургия зауыты осындай материалдармен 50 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біздің комитет қадағалаушы орган болғандықтан, қауіпсіздікке қатысты мәселелерді ерекше назарда ұстаймыз», – деді комитет төрағасы.
P.S. Адамзат тарихындағы сүйекке таңба – атом жарылыстары туралы әңгіме еш уақытта да санадан өшер емес. Өшпейді де! Жасыратыны жоқ, күллі адамзат басындағы зұлмат деп жақауратқанымызбен, атом зарын қазақтан артық тартып келе жатқан ұлт жоқ. Ол – мойындалмаған ақиқат! Төбемізден жай ойнатып, Дегелеңді күлге айналдырған кеңестік солақай саясат салқыны Семей жерінде ажал шашқан 200-ден астам тозақ орнын – атом апандарын қалдырды. 1993 жылдан бері сол ажал ордасының 181-і бітелгенімен, 16 оқпан әлі де үңірейіп ашық жатыр (!). ХАЭА болса, қайдағыны қайдан қоздатады…

Бүркіт НҰРАСЫЛ
«Алаш айнасы» газеті 19 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502