Жексенбі, 15 Маусым 2025
Дат 421 0 пікір 14 Маусым, 2025 сағат 15:53

Мәселе көшеде емес, Парламентте шешілуі керек!

Сурет: Автордың мұрағатынан алынды.

Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісінің Төрағасы
Е.Ж. Қошанов мырзаға!

Қазақстан Республикасы
Парламенті Мәжілісі Аппаратының
Басшысы Р.Қ. Айтаев мырзаға!

 

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті Ренат Құрметжанұлы! 

Алдымен, менің Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімовтің ықпалымен 2013 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының күшін жойып, қолданыстағы барлық заңдар мен нормативтік құжаттарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан залалсыздандыру туралы Мәжіліс Төрағасы мен бір топ депутаттың атына жолдаған «Ашық Хатым» мен өтінішім өзім діттеген депутаттардың бәрінің атына толық тіркеліпті.

Бұл – мен ұсынған ұсыныстың саяи және стратегиялы мәнін бірден терең түсінгендіктің және нағыз мемлекетшілдіктің белгісі деп бағалаймын.

Сол үшін, Мәжілісі Аппаратының Басшысы Ренат Айтаев мырзаға шын жүректен рахмет айтамын!

Құдай тілеуіңізді берсін, Ренат Құрметжанұлы!

Өркенің қаулап өссін, бауырым!

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Биыл 19 наурызда Өзіңіз де айттыңыз, «Отыз жыл бойы Қазақстанда суперпрезиденттік басқару формасы қолданылды. Алайда, уақыт өте келе, ұзақ жылдар бойы жұмыс істеген модель үлкен саяси дағдарысқа алып келді. Бұған негізінен мемлекетімізге бір ғана адам үстемдік етіп, елдің бар байлығын санаулы адам иеленуі себеп болды. Бұл жайт қоғамның ашу-ызасын туғызды және елдің дамуын тежеді...», - деп.

Сол Сіз айтып отырған мемлекетті үлкен саяси дағдарысқа алып келген, мемлекетімізге бір ғана адам үстемдік етіп, елдің бар байлығын санаулы адам иеленуіне апарып соқтырған, қоғамның ашу-ызасын туғызған және елдің дамуын тежегенбасқа емес, осы «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы!

Ол аз десеңіз, 2011 жылғы «Жаңаөзен» оқиғасының, 2021 жылғы «Қасыретті қаңтар қырғынының туылуына, 17 және 238-адамның қанының төгілуіне де апарып соқтырған да – осы  «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы!

Егер, бұл заңның күші жойылып, қолданыстағы заңдар мен нормативтік құжаттар Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан залалсыздандырылмаса, мұның арты одан үлкен трагедияға апарып соқтыруы әбден мүмкін!

Сондықтан, аталған Заңды тездетіп жоюдың сәті мен сағаты пысып жетілді. Енді кешіксе, арты жақсылыққа апармайтыны белгілі! 

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Өзіңіз өте жақсы білесіз, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің қоғамды мазалаған негізгі мәселелер көшелерде емес, азаматтық диалог аясында Парламентте шешілуі тиіс. Депутаттар өзінің заңды құқығын пайдаланып, Үкіметке өзекті мәселелер туралы сауал жолдап, одан нақты шараларды қабылдауды талап етуі керек!», - деп еді ғой.

Сондықтан, мен тынбай көтеріп келе жатқан Қазақстанның Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімовтің ықпалымен 2013 жылы 04 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңы арқылы УЗУРПАЦИЯЛАНҒАН мемлекет екені туралы бұл аса күрделі мәселе, Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, көшеде емес, Парламентте шешілуі керек!

Сол үшін де мен Президентіміздің сол тарихи сөзін ескере отырып, Сізге және бірбөлім Мәжіліс депуттарына арнайы ұсыныс жасап отырмын.

Есіңізде болсын, УЗУРПАЦИЯНЫҢ дәл өзін айтпағанмен, нақты белгілерін бірінші болып ашық ортаға қойған – Қасым-Жомарт Кемелұлы!

Бұл туралы реті келгенде, алдағы уақытта айтатын боламын...

Құрметті Ерлан Жақанұлы!

Құрметті Ренат Құрметжанұлы!

Қысқасы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы туралы» заңының күшін жойып, қолданыстағы заңдар мен нормативтік құжаттарды Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан залалсыздандыру – кезек күттірмейтін аса маңызды мәселе.

Мен Елімізді ондаған жылдар бойы орасан зор дағдарысқа ұшыратқан осынау күрделі саяси мәселенің «Жаңа Қазақстанның» немесе «Әділетті Қазақстанның» бірінші шақырылым депутаттарының – Сіздердің қолдарыңызбен шешілуін қалаймын!

Сол үшін, Елімізді ондаған жылдар бойы орасан зор дағдарысқа ұшыратқан осынау күрделі саяси алғашқы адамда мен өтініш жасаған депутаттармен маған кездесу ұйымдастырып берулеріңізді сұраймын.

Ескерту: 1 парақ кездескім келетін депутаттардың тізімі қоса тіркелді. 

Құрметпен, Ауыт Мұқибек,

«Құрмет» орденінің иегері

ДЕПУТАТТАР ТІЗІМІ

  1. Ерлан Қошанов (Төраға);
  2. Бақтықожа Ізмұхамбетов;
  3. Нұртай Сабильянов;
  4. Еділ Жаңбыршин;
  5. Самат Мұсабаев;
  6. Марат Башимов;
  7. Ерболат Сатыбалдин;
  8. Қазыбек Иса;
  9. Мұрат Әбенов;
  10. Бақытжан Базарбек;
  11. Абзал Құспан;
  12. Ерлан Саиров;
  13. Әділ Жұбанов;
  14. Елнұр Бейсембаев;
  15. Аманжол Әлтай;
  16. Асхат Аймағамбетов;
  17. Ринат Зайыт;
  18. Болат Керімбек;
  19. Анас Баққожаев;
  20. Жанарбек Әшімжанов;
  21. Мақсат Толықбай;
  22. Нартай Сәрсенғалиев;
  23. Батырхан Онбаев (жаңадан қостым);
  24. Болатбек Нажметдинұлы (жаңдан қостым);
  25. Жұлдыз Сүлейменова (жаңадан қостым);
  26. Үнзила Шапақ (жаңадан қостым)...

Abai.kz

0 пікір