Шыңжаңда басшы ауысты: Қазақтар енді қайтпек?

Шыңжаң: Технократ кетіп, идеолог келді...
Ендігі беталыс қалай?
Шілде айының алғашқы күні Шыңжаңның бірінші секретары ауысты. Еліміздің төрт облысымен шектесіп жатқан және қазақ дияспросының екі миллионға таяу тұрғындары өмір сүріп, тіршілік етіп жатқан бұл өңірдің саяси, экономикалық жағыдайындағы өзгерістер мен жаңалықтарға біз ешқашан бей-жай қарай алмаймыз. Үнемі себебі мен салдарына үңіліп отырамыз.
"Комсомалдар тобынан" қанаттанып, сенімге кіріп саясатта өз қарерасын қалыптастырған, Тибеттегі және Шыңжаңдағы қатаң және тегеуріндінді тәсілімен есте қалып, халықаралық қоғамдық пікірдің сөгісіне ұшыраған Чэнь Цюаньго Қытай саяси элитасынан шеттетіліп орнына Қытай Ғарыш агенттігін басқарған кейін Қытайдың ең дамыған өлкесі Гуаңдоңның тізгінін ұстаған, техника ғылымдарының докторы Ма Цинруй мырзаның тұрақтылықты ту еткен саясат пен пандемияның құрсауында қалған өңірдің экономикасын сауықтыру және дамыту тұрғысында еңбектенгені анық. Содан да болар Елімізге арнаулы делагация бастап келді. “Бір белдеу, бір жол” бастамасының өзегі болған Шыңжаңның Қазақстан және Орталық Азия арасындағы қарым-қатынасының маңыздылығы мен мәнін барынша түсінді. Өңірлік индустрия мен туризмнің дамуына айырықша назар аударды. Оның нәтижесі мен жемісін жергілікті тұрғындар көрді. Білді. Сезінді. Осы барыста Шыңжаңға Ішкі Қытайдан келген туристердің жылдық саны 200 жүз миллионға жеткен.
Си Циьнпин билікке келген соң Орталық партия комитетінің атынан Шыңжаң мәселесі туралы үш рет арнаулы қызмет мәжілісін ашып, багыт-багдарды талқылады. Бүкіл Қытай териториясының 4/1-ін ұстайтын Шыңжаң айналасында Қазақстан, Ресей, Пәкістан, Ауғанстан, Моңғолия қатарлы сегіз мемлекетпен шекараласады. Әлемдік мақта өндіруде 20 пайызды, бүкіл Қытайлық мақта өндіруде 92,2 пайызды ұстаса, Қытайлық мұнай-химианың 20, газдың 28, көмірдің 40 пайызы осы өңірдің үлесінде. Бұдан сырт түрлі-түсті металдың 153 түрінің мол қоры анықталған.
Қазір ежелгі өркениет елі мен Батыстың әсіресе АҚШ пен арадағы бәсекелестік пен бақталастық ушығып сауда соғысына ұласып кетті. Кедендік салық өзара еселеп өсуде. Сонымен бірге Шыңжаңдағы кісілік құқық, демократия мәселесі қарсыластарының басты көзірлерінің біріне айналып аталмыш өңір әлемдік геосаясаты мен идеология арасындағы күрес пен талас-тартыстың алғы шебіне айналды. Оның үстіне Шыңжаң ежелден бері көп ұлтты, көп дінді күрделі, сезімтал өңір болып қалыптасқандықтан ішкі-сыртқы қайшылығы да жетіп артылады. Сіріңке тисе от лау ете түскелі тұр. Ол аз десеңіз, Шыңжаңда орталыққа төте бағынып, жергілікті халықпен қатар өмір сүретін Өндіріс -Құрлыс бригадасы деген жартылай әскери, әкімшілік құрылым бар. ҚХР-ы құрылғанда Шыңжаңда жеңілген үкіметтің жүз мыңға жете қабыл армиясы мен отбасы мүшелері болса, жеңген жақтың жүз мың армиясы да осында ірге қалап, қоныс тепкен. Кейін бейбіт заман орнағаннан кейін құрамында Үш аймақтың бір бөлім ұлттық армиясы бар осы қосын асулар мен өткелдерді жағалай қоныстанып тың игерумен, бүкіл аумақтың инфра құрылымдарын салумен айналысты. Аралықта жергілікті үкіметпен біріктірілді, артынан қайтадан оңашаланып кеткен. Олардың тағдыры мен еңбегі ерекше болғандықтан жергілікті автономия заңдарымен санаса бермейтін бірақ соңғы екі-үш жылда саяси комисарынан бастап двизия -полкь командрлары мен саяси жетекшілері арт-артынан жемқорлық бабымен ұстала бастапты. Міне бұл заң бар азаматтарға ортақ қолданылады деген танымның адамдар санасына орнай бастағанынан дерек берсе керек.
Осындай алмағайып күрделі кезеңде тынышы кетіп тұрған аумақтың тізгінін кез-келген көлденең көк аттыға ұстата қоймасы анық. Партияның идеологтары мен мемлекеттің басшылары он ойланып барып, бір кесетін шығар деп ойлаймыз.
Біздің қолымыз жеткен ақпараттарға жүгінсек, жаңа секретары Чэн Сяоцзан 1962 жылы қазіргі Қытай Премер минстрі Ли Цянмен бір өлкеде дүниеге келіп, ғасыр дерті пандемияның ошағы болған Ухань қаласында 1984 жылы Су істері институтында білім алыпты. Еңбек жолын ҚХР-ның Су істері минстрлігіне қарасты газетте қатардағы журналист болып бастаған инженер жігіт он жылда сол газеттің директорына дейін көтеріледі. Сол жылдарда Оңтүстіктің суын Солтүстікке бұру бағыты бойынша бастама көтеріл, Қытай қоғамдында қызу айтыс-тартыс жүріп жатқан. Осы тақырыпта Чэн мырза қаламы өткір сарапшы, шолушы ретінде таныла бастайды. 2003 жылы ҚХР-ның Су істер минстрлігінде лауазымды қызметтер атқарған соң Гансу өлкесіне барып үш жылдай орталықтан алыс аймақта шыңдалады. Одан кейін минстрліктің орталықь аппаратын басқарумен бірге Хуанхэ өзенін қорғау, реттеу комитетінің басшылығын қатар атқарады. Қытайлар Оңтүстіктегі Янцзы, Солтүстіктегі Хуанхэ өзендерін өздерінің тамыр тартып, өсіп-өнген, тіршіліктің нәрін берген Ана-Өзенім деп ардақтап, әспеттейді. Бұл өзендерді қорғап, реттеп отыратын басқару комитетіне мемлекеттік минстрліктің орынбасарымен тең стату беріп, оларға бағытталған қаржыны бюджеттен молырақ бөледі.
2017 жылы Қытай Компартиясының 19 сьезінде Си Цинпін билігінің екінші кезеңі басталып өзінің жапаға толы жастық шағын бірге өткізген тағдырлас досы Ван Цишань орталық саяси бироның тұрақты мүшесі әрі орталық тәртіп тексеру комитетінің секретары ретінде корупцига қарсы соғыс жарияланғанда, біздің кейіпкеріміз сол комитеттің үгіт-насихат бөліміне жауапты болып қозғалыс пен күрестің бағыт-бағдарын анықтап, жалпы халықтық сипат алуы үшін теореялық, заңдық негізін қалады. Жемқорлыққа белшесінен батқан шенеуіктер туралы құжаттық филмдер сериясын жасап орталық теледидардан таратты. Осы аралықта өлке, мистрлік дәрежелі 360 тан астам шортандардың қолына кісен салынды.
2016 жылы қазіргі саяси бироның тұрақты мүшесі, орталық тәртіп тексеру комитетінің бас секретары Ли Си Лияонин өлкесіне бірінші қол болып тұрғанда сол өлкелік парткомның тұрақты мүшесі, тәртіп тексеру комитетінің бас хатшысы болып тағайындалған Чэн Сяоцзан сол өлкенің жемқорлықпен күрес тарихында зілзала тұдрады. Республикалық және жергілікті Парламент сайлауына байланысты жемқорлық пактілері әшкере болып оның ұшқыны 955 адамды шарпып, 35 шенеуік тиісті жазасын алады.
2017 жылы Қытай жоғары Парламентіне (халық уәкілдері құрылтайы) қарасты тексеру комитеті құрылғанда сол құзырлы орынның бірінші орынбасары болады. 2020 жылы Үкіметтің Ұлттық істер комитетіне төраға болып тағайындалады. Бұл мекемеге 1978 жылдан бері бірде-бір Қытай ұлтының өкілі басшы болмаған екен. Бұл саланы әр жылдарда Моңғұл, дүңген, ұйғыр, тибет ұлтының азаматтары басқарып келіпті. Бұл тағайындаулардың артында Цидің Цинхуа университетінде бірге оқыған группаласы әрі жатақтасы болып ұзақ жылдар сол университетте және Жоғары партия мектебінің ректоры, Орталық Партия комитеті қадір ісіне жауапты минстрі қызметін атқарған Чэн Си мен жоғарыда аты аталған ЛиСи сияқты ауыр салмақтағы саяси тұлғалар тұр дейді сарапшылар.
2022 жылы Қытайда әкімшілік құрылымдарды ықшамдау, оңтайландыру басталғанда Ұлттық істер комитеті, дін істер мекемесі қатарлы біраз минстрлік дәрежелі орындар біріктіріліп Біртұтас майдан минстрлігі құрылғанда осы минстрліктің күнделікті жұмысқа жауапты бірінші орынбасары болып тағайындалады.
Биыл наурыз айының соңында саяси бироның жиналысында екі саяси бироның мүшесін әрі орталық партия комитетіне қарасты екі маңызды органның—кадрлар ісіне жауап беретін министрлік пен түп қайнары Жапонға қарсы соғыс кезінен бастау алатын саны аз ұлттар, дін, бұқаралық ұйымдар мен Партия-топтар, шетелдегі Қытай дияспросы және қоғамдық ұйымдар мәселесімен арнайы айналысатын Біртұтас майдан минстрлігінің басшылары өзара портпел ауыстырды. Алпыстан жаңа асқан Цинхуа университетінің түлегі, соңғы он неше жылда саясат сақынасында жарқырап шыққан жұлдыз Ли Ганцзие, жетпіске таяп қалған бар жастық ғұмырын заң ғылымын зерттеуге арнаған, білімі мен білігіне биліктін ұшар басы санасатын оқымысты Ши Тайфэнге орнын берді. Бұл ауыс-түйіс Қытай халқы ғана емес, Қытай саясатын бақылап-зерттеп отырған халықаралық сарапшыларда күтпеген тосын жаңалық болды.
Бұл арада бізді қызықтырганы Компартияның кадр таңдау, тағайындау жүйесінде шешуші тұлға болып отырған Ши Тайфэн мырзаның ұстанған идеялы, шенеуіктік ғұмырындағы басып өткен баспалдақтары болып отыр. 20-ші сьезде толықтай зейнетке шығып артынан жүрек талмасынан қайтыс болған Премьер минстрмен қатар бір универде білім алған Ши мырза бар зейін-зердесін ғылымға арнап Қытай мен әлем заңының тарихын, құрылымын зерттеп жүріп өз абырой-беделін қалыптастырады. Орталық жоғары партия мектебінде ұстаз болады. Саяси танымы мен бағыты: Қытай қоғамы үшін қытайлық ерекшелікке ие социализмнін абзалдығы мен Қытай Компартиясының қатаң басшылығы керек екендігін теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелдеп шығу болыпты. Сондықтан да болар бір кезде Қытай қоғамдық ғылым академиясын басқарып, мемлекеттің идеологиясын бағыттап отыратын санаулы ғұламалардың бірі ретінде аты аталады. Біраз жыл теңіз жағалауындағы дамыған өлкелерде биліктің дәмін татқан оқымысты кейін Ниңция Дүңген автономиялық обылысына бас секретары болғанда радикалдық ислам діні бағытымен күресіп, ислам дінін қытайластыру тұрғысында жасалған жұмыстарын орталық жоғары бағалаған. Одан кейін Ішкі монғол автономиялық облысының екі тізгін, бір шылбырын қолға алғанда Моңғол зиялылары көтерген оқулық дауы мен ана тілі мәселесін өршітпей шеше білген.
Си Цинпін алғаш билікке келгенде Жонхуа ұлттарының қайтадан гүлденуі бағдарламасы жасалып, «қытай арманы» ортаға қойылды. Оның нақты көрінісі «Екі ғасыр» жобасында айқындалды. Нақтырақ айтсақ, ол—Қытай компартиясы дүниеге келгеніне жүз жыл толғанда (1921–2021), одан кейін ҚХР-сы құрылғанына ғасыр толғанда (1949–2049) Қытай елі тілі, діні, териториясы бір тұтастанған, заң салтанат құрған, халқы баяшатты өмір сүретін құдыретті елге айналуы керек деген стратегиялық мақсатты ортаға қойған. Қазір сол мақсатқа жақындап келеді. Соңғы жылдары Қытай әлем назарына «Адамзат тағдырының ортақ қауымдастығы» деген концепцияны ұсынғанда сонымен сабақтастыра «Жоңхуа ұлттары ортақ тағдырының қауымдастығы» деген бағдарламаны айналысқа енгізіп мемлекеттің біртұтастану үдерісінде ұлттар дың өз бет-бейнесін сақтай отырып өз еркімен жетекші ұлт айналасына топтасып, бірігуі заңды құбылыс деп түсіндіріледі. Бұл арада кейін толықтырылған заңдар мен конституция арасындағы қайшылықтар мен сәйкессіздіктер туылып жатса оны шешу жолдары да айтылған. Осы бағдарламалар мен толықтырылған заң тармақтарының бәрінің басында Чэн Сяоцзан мырзаның төте басшысы және әріптесі Ши Тайфэн мырзаның тұрғаны анық.
Қазірге дейін Шыңжаңға орталық жіберген төрт бас хатшы мерзімі толмай келген жағына қатты. Енді судың сырын білетін, идеологиялық жұмыспен айналысқан, корупциямен күрескен кісі келді. Су демекші қазір Янцзы өзенін туннель арқылы Хуанхэ өзеніне қосу инжериясы аяқтауға жақын. Бұл ғасыр жобасы мәресіне жетсе, Батыс солтүстіктегі сегіз өлкеде 400 миллион адам тұтынатын су қоры жиналады да Сайдам, Тұрпан ойпаттары жәзиралы мекенге айналады сонымен Шыңжаң бүкіл Қытайдың астық қамбасы болып шыға келеді. Бұл да жаңа басшыға жүктелген басты миссияның бірі деп ойлаймыз.
Омарәлі Әділбекұлы
Abai.kz