Бейсенбі, 25 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 69 0 пікір 25 Қыркүйек, 2025 сағат 14:17

Жеңілдетілген салық режимі: Кімдерге мүмкіндік берілмек?

Сурет: Ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің жаңартылған тізімі 26 қыркүйекте жариялануы мүмкіндігін айтты.

Айтуынша, жаңа тізімге сәйкес, 2026 жылдан бастап қай қызмет түрлеріне арнайы салық режимін жеңілдетілген декларация негізінде қолдануға рұқсат етілетіні немесе тыйым салынатыны белгілі болады.

Жұма күні, яғни 26 қыркүйекте күні біз оны legalacts.egov.kz порталында жариялауға тырысамыз. Ресми баспасөз хабарламасы болады. «Ашық НҚА» порталында кез келген азамат өз пікірін, ұсынысын қалдыра алады немесе «тізімді көрсетіңіздер» деп сұрай алады. Бұдан бөлек, бұл тізімді Ұлттық экономика министрлігінің сайтында да орналастырамыз. Яғни ертең немесе келесі аптаның басында жарияланады, – деп түсіндірді Азамат Әмрин Сенаттың кулуарында өткен баспасөз брифингінде.

Сонымен қатар вице-министр журналистердің «Қандай қызмет түрлері тізімге еніп, қайсысына тыйым салынады?» деген сауалына нақты жауап бере алмады.

Қазір бұл жөнінде нақты айта алмаймын, тізім дайын болғанын күтейік, – деді вице-министр.

Бұған дейін вице-министр ҚҚС өсімі бағаға қалай әсер ететінін түсіндірген еді.

Abai.kz

0 пікір