Бейсенбі, 16 Қазан 2025
Анық-қанығы 278 0 пікір 16 Қазан, 2025 сағат 14:35

Нобель сыйлығынан шыққан от...

Сурет: Aikyn.kz сайтынан алынды.

Өткен аптада биылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының Венесуэла оппозиция өкілі Мария Корина Мачадо ханымға берілгені мәлім болды.

Көптеген елдердің басшылары (ішінде Ресей президенті Путин де бар) "билікке келген 9 айда 9 соғысты тоқтатты" деп бір ауыздан ұсынған АҚШ президенті Трамп жүлдесіз қалды. Ақ үй баспасөз хатшысы Нобель сыйлығы комитетін " саясатты бейбітшіліктен жоғары қойды" деп айыптады. 2024 жылы Мачадо ханымды сыйлыққа ұсынған АҚШ саясаткерлерінің арасында сол кездегі сенатор бүгінгі АҚШ Мемлекет істер хатшысы Марко Рубионың да болғанын атап өткен жөн.

Венесуэла билігі де қарап жатпай Норвегиямен дипломатиялық байланысты үзетінін, елшілігін жабатынын мәлімдеді. Екі оттың ортасында қалған Нобель сыйлығы комитеті ақталуға мәжбүр болды. Олардың келтірген уәжінше, Нобель сыйлығы әскер санын қысқартқан, бейбіт келіссөзді ұстанатын, демократия мен адамдық құқықты қорғайтын, әлемдік тәртіпті ілгерілететін басшыларға беріледі екен.

Олардың шартына Трамптың о бастан толмайтыны айдан анық еді. Трамп Ақ үйге келе сала заңсыз көші-қонға қарсы соғыс ашты. Тәртіп орнату үшін кей қалаларға мұздай қаруланған әскер кіргізді. USAID ұйымын жауып, әлемдік деңгейде демратияны қаржылық қолдауды тоқтатты.

Сарапшылар Швейцария аумағынан тыс жерде орналасқан Нобель бейбітшілік сыйлығы ұйымын әсіре солшылдық бағытты ұстанады деп сын тезіне алып келеді. Бұл жолғы дауда да ол анық көрінді.

Трамптан бұрын Американың 4 президенті Нобель бейбітшілік сыйлығын алған. Президенттік мерзімі кезінде сыйлық алған Барак Обама тілшілерге өзіне сыйлықтың не үшін берілгенін білмейтінін айтқан еді. Жоғарыда айтқанымыздай солшыл бағытты ұстанатын аталмыш ұйым Обаманың АҚШ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ҚАРА НӘСІЛДІ ПРЕЗИДЕНТ БОЛҒАНЫ ҮШІН ҒАНА БҰЛ СЫЙЛЫҚТЫ БЕРГЕН СИЯҚТЫ. Осы тұрғыдан алғанда Трампқа келесі жылы да сыйлық бұйырмайтын тәрізді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 910
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10131