Дүйсенбі, 26 Қаңтар 2026
46 - сөз 132 0 пікір 26 Қаңтар, 2026 сағат 14:32

Өмір дегеніміз не нәрсе?

Сурет: e-history.kz сайтынан алынды.

Абайдың бірінші қара сөзінің философиялық мағынасы

Өмірді ойламайтын адам бар ма, бұл дүниеде? Сірә да жоқ болар...

Абай былай дейді:

"Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын".

Мұнда Абай "жалықтық" дейді... Десе, де "Қалған өмірді "Өмір деген не?" деген сұраққа жауап табумен өткізермін" деген шешімге келеді...

Ол оны "ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ...кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі..." деген оймен тиянақтайды.

Абай өмірді "Жанның тамағы" түсінігімен ұштастырады, яғни, "өмірді тану" (ғылым мен білім) Адам өмірінің басты мәні.

Сондықтан, кемелдікке ұмтылу ("толық адам болу", басқаша айтсақ, "адами тұрғыда толысқан  жан болу")  -  адамның өмірлік бағыты, басты жолы..

Кемел адам (толысқан жан)  "ғылым таппай мақтанба" деп өмір сүрмек...

Ақиқатта "жан тамағына қажеттілік" өмір барда, тіршілік барда, тыныс барда тоқтамақ емес.

Ендеше, адам ешқашан  "өмірдің жұмбағын" басы бүтін шештім деп тоқсына да алмақ  емес...

Ендеше, адам жаны кемелденген сайын -  "өмір жұмбағы"  көбеймесе, азаймайды...

Ал, бұл жұмбақты шеше алудың жалғыз жолы  -  ӨМІР СҮРУ!

Яғни, бір күндік жарық дүние, яғни, ӨМІР  - адам үшін ең басты құндылық!

Осылай, Абай сияқты Өмірдің әр сәтін бағалай білген адамға "өлім" аса бір қорқынышты елес емес...

Абай сынды адамдар "Өлім - өмірдің соңы" деп емес,

олар  "ӨЛІМ - ӨМІРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ" деп өмір сүреді, өмірден өтеді...

Ондай адамдар өмірден өтерде "Бұл өмір жалған" деп, өмірге ренжіп аттанбайды.

Олар мәңгілікке "ӨМІР МЕН САҒАН РИЗАМЫН" деген  Ұлы қанағаттық сезіммен  аттанады.

Ондай адам - Абайдың "ТОЛЫҚ АДАМЫ"!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

0 пікір