БАСТАЛҒАН ДАҒДАРЫС ҚУАТ ТАПШЫЛЫҒЫНЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІН БӘСЕҢДЕТТІ
Қанат БОЗУМБАЕВ, KEGOC басшысы:
Алматы. 21 мая. КазТАГ – Ақжол Сәдешов. Экономикалық өсу қарқынының төмендегеніне, және оның салдарынан республикадағы қуат пайдаланудың қысқарғанына қарамай, Қазақстан үшін энергия тапшылығы әлі өзекті болып қалып отыр. Дағдарыс «Х сағатын» үш жылға кейінге ысырды. Сондықтан пайда болған тыныстау мүмкіншілігін пайдаланып, ел, алдағы электр қуатын пайдаланудың өсуіне электрэнергетикасының ескірген нысандарын жетілдіріп, жаңаларын іске қосып дайындалуы керек. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне «KEGOC» АҚ президенті Қанат Бозумбаев әңгімелеп берді.
- Қазақстан экономикасында дағдарыс басталмай тұрып қуат тапшылығы өзекті болды, бірақ экономикалық даму қарқынының төмендеуі оның өзектілігін бәсеңдетті. Сіздіңше, елде қуат тұтыну өскенінің алғашқы белгілерін қай жылы байқауға болады және ол кезеңді отандық электрэнергетика саласы қалай қарсы алады?
Қанат БОЗУМБАЕВ, KEGOC басшысы:
Алматы. 21 мая. КазТАГ – Ақжол Сәдешов. Экономикалық өсу қарқынының төмендегеніне, және оның салдарынан республикадағы қуат пайдаланудың қысқарғанына қарамай, Қазақстан үшін энергия тапшылығы әлі өзекті болып қалып отыр. Дағдарыс «Х сағатын» үш жылға кейінге ысырды. Сондықтан пайда болған тыныстау мүмкіншілігін пайдаланып, ел, алдағы электр қуатын пайдаланудың өсуіне электрэнергетикасының ескірген нысандарын жетілдіріп, жаңаларын іске қосып дайындалуы керек. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне «KEGOC» АҚ президенті Қанат Бозумбаев әңгімелеп берді.
- Қазақстан экономикасында дағдарыс басталмай тұрып қуат тапшылығы өзекті болды, бірақ экономикалық даму қарқынының төмендеуі оның өзектілігін бәсеңдетті. Сіздіңше, елде қуат тұтыну өскенінің алғашқы белгілерін қай жылы байқауға болады және ол кезеңді отандық электрэнергетика саласы қалай қарсы алады?
- Қазіргі уақытта электрэнергетика саласы экономиканың ағымдағы электр тұтыну деңгейін қамтамасыз етуде. Бірақ былтырдың өзінде республикадағы электрэнергиясын тұтыну 80,6 млрд кВт/сағ. болып, ал оны өндіру - 80,1 млрд кВт/сағ. болды. Яғни біздер жарты миллиард кВт/сағ-ты импорттадық. Егер, мысалы, біздің барлық электр станцияларымыз үздксіз электр шығарып отырса, онда олардың шығаратын қуатының ең көп жылдық көлемі шамамен 80 млрд кВт/сағ болады. Олар 2008 жылы өндірген қуаты олардың шыңы, электрстанциялар бұдан артық қуат өндіре алмайды.
Мен 2006 жылдан бастап елімізді қуат тапшылығы күтіп тұр деп ескерткенмін. Және өткен қыста ол нақты көрініс табуы тиіс еді. Сонымен қатар, басталған дағдарыс бұл проблеманың республика үшін өзектілігін бәсеңсітіп, бірінші кезекте Қазақстанның оңтүстігіне қысқы айларды қиналмай өтуіне көмектесті. Әрине апаттар, электр энергиясын жеткізуді шектеу және т.б. болып жатыр. Олар негізінен көршілердің кінасынан және аймақтық бөлгіш желілердің тозығы жеткендігінен орын алуда.
Біз 2009 жылы электр қуатын тұтыну 73,5 млрд кВт/с деңгейінде болады деп болжаймыз, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,8% аз. Тиісінше, биылғы жылы электр қуатының өндірісі 73,6 млрд кВт/с деңгейінде күтіліп отыр. Алайда біздің болжамдарымыз бойынша, 2010 жылдан бастап электр қуатын тұтыну бір пайызға жуық өсіп, 74,2 млрд кВт-с құрайды. Ал 2011 жылдан бастап тағы да дағдарысқа дейінгі деңгей – жылына 6-7% шығады. 2012 жылдың басына қарай біз тағы да электр қуатының жетіспеушілігін сезінетін боламыз.
Басқаша айтқанда, ел 3 жылға жуық уақытқа демалыс алды.
Бірақ бұған қанағаттануға болмайды. Соңғы жылдары біз қоғамның электр энергетикаға деген оң қатынасын қалыптастырдық, халық елде электр қуатының жетіспеушілігін болдырмау үшін саланы дамытуға инвестиция құю керек екендігін түсіне бастады.
Қуат өндіру саласында 2011 жылға қарай Мойнақ ГЭС-і салынады, биылғы жылы Балқаш ЖЭО бойынша жұмыстар басталады. Оның қуатын ҰЭЖ-ге беру үшін «Алма» кіші станциясымен байланыстырылған 500 кВ желілерді салуды жоспарлап отырмыз, осылайша, оңтүстікте энергетикалық шеңбер құрылады.
Биылғы жылға келсек, біз жоғары вольтты желілердің құрылысын аяқтап қалдық, 4-ші тоқсанда «Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі» екінші транзитін іске қосамыз. Бұл солтүстік аймақтардан тасымалданатын электр қуатының көлемін екі есеге арттырып, оңтүстік өңір үшін аса қажет 700-800 МВт қуат береді. Бұдан басқа, қаңтар айынан бері Ақтөбе облысы солтүстік қуат көздерімен байланыстырылды, бұл республикада өндірілетін электр қуатын тиімді үйлестіруге мүмкіндік береді.
- Айтпақшы, «Жасыл құтқару» экологиялық қоғамы KEGOC-тың «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру сұлбасы» жобасын жүзеге асыру ерекше қорғалатын аумақтар туралы заңды бұзуға алып келеді деп мәлімдеді. Олар жоғары вольтты желілерді «Шарын» және «Алтын-Емел» ұлттық табиғи бақтарының аумағынан тыс жерге орналастыруды талап етуде. Бұл мәлімдемеге қандай түсініктеме бересіз?
- Олардың наразылықтарын түсінбеймін … Қазір дауласатын нысан да жоқ. Жолдың жобасы да жасалған жоқ, оның қай жерден өтетінін де білмейміз. Мүмкін олар білетін шығар?
Біз жалдаған мамандандырылған компания қазіргі уақытта электр желілері өтуі мүмкін орындарды зерттеумен айналысуда. Жоғары вольтты электр желілерінің жолын анықтау бойынша жоба бір айдың ішінде дайын болады. Оның нақты қай жерден өтетіні сол кезде ғана белгілі болады. Алайда KEGOC экологиялық менеджмент жүйелерінің сертификаттарына ие ұлттық компания ретінде табиғат қорғау заңдарын сақтауды мақсат етеді.
- Бизнестің іскерлік белсенділігі мен халықтың кірісі төмендеген жағдайда электр қуатының тарифтерін өсіруге не себеп? Салаға қосымша қаржы тартудың жеңіл жолы – тарифтерді өсіруден басқа механизмдер неге пайдаланылмайды?
-Егер көмірмен жұмыс істейтін электр станциялардың тарифтеріне қарасақ, экономикалық құлдырауға байланысты олардың бағалары біршама төмендеп отыр. Дағдарысқа дейін көтерме нарықта Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2 сияқты электр станцияларындағы тариф 4 теңгеге дейін барса, қазір олар 3 теңгеге әрең жетеді. Тарифтердің мұндай көлемі біршама көмектеседі, бірақ оларға даму және инвестиция тарту үшін мүмкіндік бермейді. Электр энергетика саласын жаңарту бағдарламасында ГРЭС-1-де алдағы жылдарда бір блокты іске қосып, екеуін қайта жөндеу керек деп нақты жазылған. Екібастұздың ГРЭС-2 бойынша 2011-2012 жылдары үшінші энергия блогын салу қажет.
Бұл мақсаттар үшін электр станциялардың иелері несиелік ресурстар тартатыны түсінікті. Бірақ бәрібір де бұл займдар болашақ ақша ағындарына алынады, ал олар электр энергиясын сатудан ғана көбейеді. Бұл жерде тарифтердің көлемі маңызды мәнге ие. Бүгінгі шындық осындай, салаға инвестиция тарту үшін, несие бойынша пайыздарды төлеу үшін тарифтер өсу керек.
Қосымша айта кетейін, негізгі қорларының тозуы және инвестицияларды тарту бойынша ең үлкен қиындықтар Қазақстанның аймақтық электр энергетикалық компанияларында туындап отыр. Оларға «инвестициялық» тарифтер, түрлі преференциялар беру керек, яғни, қазір реттеуші органдар жасап жатқандай, популистік әдістермен ұстап қалуға тырыспай, оларға жағдай жасау қажет.
- Бұл орайда сіз Алматының электр энергетика кешенінің жағдайына қандай баға берер едіңіз, соның ішінде қалада жарықтың апатты өшуінің жиілеп кетуне қатысты не дейсіз?
- Алматыда болған апаттар республиканың көптеген қалаларында қайталануы мүмкін. Өйткені аймақтық электр энергетикалық компаниялардың негізгі қорларының 80 пайызының тозығы жеткен. Оңтүстік астанада кіші станциялардың орташа жасы 40-50 жыл. Соңғы 10-15 жылда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген де жоқ, өйткені бұл мақсатқа ешкім қаржы бөлген жоқ. АПК-ның, қазіргі «Алатау жарық компаниясы» АҚ-ның нысандарын дамытуға қаржы жұмсалған жоқ. Мәселе менеджерлерде емес, электр энергетикалық инфрақұрылымның ескіргендігінде. Бұл үшін қаланың энергия кешеніне жыл сайын ондаған миллиард теңге салып отыру қажет.
- Егер жоғары тарифтердің көмегімен қуат үнемдеуді арттыруға қол жеткізілсе, нарық субъектілері энергетикалық инфрақұрылым нысандарын жаңарту және қайта жөндеу жұмыстарын қаржыландыру көздерін қандай механизмдер арқылы іздейді? Тарифтерді үнемі өсіріп отыру мүмкін емес қой.
- Дұрыс, тарифтерді үнемі өсіріп отыруға болмайды. Электр энергетикалық компанияларға қаржы тартудың өзге механизмдерін іздеу қажет, бұл – жекешелендіру, ұзақ займдар, кепілдемелер, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау түріндегі мемлекеттік қолдау. Егер қор нарығы қайта жанданса, биржаға акция, инфрақұрылымдық облигациялар орналастыру және т.б.
Айтпақшы, инфрақұрылымдық облигацияларға келсек. Қазақстанда республиканың электр энергетикалық саласына инвестиция тартудың табысты мысалы бар. Мемлекет-жеке меншік әріптестік арқылы «Батыс транзит» АҚ энергияға бай Солтүстік Қазақстанды Ақтөбе облысымен байланыстыратын 500 шақырым электр желілерін (500 кВ) салды. Инвестор 20 млрд теңгеден астам қаржы құйды, ал мемлекет бұл көлемді жобаға бір тиын да жұмсаған жоқ. Қажет қаржыны тарту үшін компания қор нарығына инфрақұрылымдық облигацияларды шығарды. Қазір «Батыс транзит» алғашқы купондық төлемдерді жауып, биыл тағы 3 млрд теңгеден астам қаржыны төлеп үлгерді.
- Дағдарыс «KEGOC» АҚ-ның қызметінен қалай көрініс тапты, биылғы жылдың қорытындысы бойынша компанияның кірістілігі бойынша болжамыңыз қандай?
- Дағдарыс, салқыны бәріне тиді, энергетиктерге де. Былтырғы жылды KEGOC 33 млрд теңге кіріспен жапты, ал табыс 7,5 млрд теңгені құрады. Бірақ 2009 жылы экономикадағы дағдарыстық құбылыстарға байланысты біз кірістің 20 пайызын жоғалтып отырмыз. Бұған қоса, ұлттық валютаның девальвациясы нәтижесінде бағамдағы айырмашылық салдарынан компания тағы 25-30% жоғалтады. Еске сала кетейін, бұған дейінгі жылдары инвестициялық белсенділікті ұстап тұру үшін біз еуро және доллар түрінде займдар тартатынбыз. Нәтижесінде, барлық болжамдар бойынша, биылғы жыл компания үшін шығынды болады.
- Ел басшылығы жария еткен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның құрылымына кіретін компаниялар қызметкерлерінің санын қысқарту жөніндегі шаралары аясында сіздің компанияда қанша және қандай санаттардағы қызметкерлерді қысқарту жоспарланып отыр?
- Жақын уақытта KEGOC-тың 305 қызметкерінің 33-і қысқартылады. Біз көмекші қызметкерлерді аутсорсингке енгізіп жатырмыз, бұл – канцелярия, ауармашылар және т.б. Сондай-ақ, әкімшілік қызметкерлерді де қысқартамыз. Техникалық қызметкерлерге тиіспейміз. Жалақыны да азайтпаймыз, өйткені KEGOC-та басқа ұлттық компаниялармен салыстырғанда жалақының деңгейі жоғары емес. Сонымен қатар, дағдарыс салдарынан, орталық кеңседе сыйақыларды, бонустарды және т.б. төлеуден бас тартық.
- Компанияның биылғы жылға көздеген инвестициялық жоспарлары туралы айтып кетсеңіз. Олар қандай қаржы көздерінен қаржыландырылмақ? Қайта қарау жоспарланып отырған жобалар бар ма?
- KEGOC –тың дағдарысқа дейін жоспарлаған барлық жобаларды табысты жүзеге асырып жатқанын ерекше атап өткім келеді.
Олардың орындалуы республиканың ұлттық электр желісінің сенімді, үзіліссіз және қауіпсіз қызметі үшін қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп бергендей, дағдарыс кезеңінде электр желілерін дамыту жөніндегі жобалар да кіретін ірі инфрақұрылымдық жобаларды бастау және жүзеге асыру, мультипликативтік экономикалық нәтиже береді. Компанияның барлық жобалары «дағдарысқа қарсы» жұмыс істеп, одан шығуды жеделдетіп, экономиканың дағдарыстан кейінгі жұмысы үшін технологиялық негіз қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Биылғы жылы KEGOC ҰЭЖ жаңарту жөніндегі бағдарламаның бірінші кезеңін аяқтайды. Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 74 кіші станцияның 43-індегі жабдықтарды толығымен жаңарттық.
Бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыру үшін компания өткен жылы Еуропалық қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) $400 млн –ға несиелік келісімге қол қойды. Бұл -теңдессіз келісім, өйткені банк бізге заемды кепілдік қамтамасыз етусіз беріп отыр.
Қазір осы жоба бойынша техникалық құжаттар дайындалып жатыр. Келесі жылдан бастап біз қалған кіші станцияларды жаңартуға және онда соңғы еуропалық жабдықтарды орнатуға кірісеміз. Ол жабдықтар күрделі жөндеусіз кем дегенде 20-30 жыл жұмыс істейді, бұл бізге пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.
«Қазақстанның Солтүстік-Оңтүстігі» транзитінің 500 кВт электр жеткізетін екінші желісінің құрылысы – құны 43 млрд теңгеден асатын біздің ең көлемді жобамыз. Былтыр күзде біз «ҚОГРЭС-Шу» учаскесін пайдалануға бердік, бұл оңтүстік облыстарға қысқы маусымды қиындықсыз өткізуге мүмкіндік берді. Келесі аптада премьер-министрдің қатысуымен «Ағадыр-ҚОГРЭС» екінші учаскесін салтанатты түрде іске қосамыз және күздің соңына қарай үшінші учаскені пайдалануға береміз.
Биылғы жылы KEGOC-қа екі ірі жобаны жүзеге асыру үшін несиелік ресурстар қажет. Біріншісі – «Алма» кіші станциясының және оған 500 кВ электр желілерінің құрылысы. Бұл мақсаттарға $250 млн қажет.
Екінші жоба – «Мойнақ ГЭС-інің қуатын беру сұлбасы» (220 кВ-тан екі электр желісінің және кіші станцияның құрылысы). Бұл жұмыстарға $70 млн қажет. Біз осы жазда несиелік келісімдерге қол қоямыз деп ойлаймыз. Үкімет KEGOC-қа мемлекеттік кепілдемелер бермек, бұған қоса, біз акционерлеріміз компанияның капитализациясын аздап арттыруы үшін жұмыс істеп жатырмыз. 2009 жылы біз Батыстағы бір банктен, мүмкін бірнеше банктен тікелей қарыз алмақпыз.