Ел болдық. Енді ел бірлігі керек!
Алматыдағы ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «Ел бірлігі» доктринасын талқылаған алғашқы отырыс болып өтті. Отырста сөз алған сарапшылардың дені «Ел бірлігіне» қатысты жағымды пікірлер айтты.
Мысалы, Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ералы Тоқжанов: «Ел бірлігі - бұл бүгінгі бейбіт өмірдің тірегі және ол тұрақтылық мәселесімен тығыз байланысты. Болашағын ойлаған мемлекеттің сөз жоқ саяси тұрақтылығын сақтау маңызды мәселелердің бірі», -деп біледі.
Тоғажнов мырзаның айтуына қарағанда, доктрина ел ішінен, аймақтағы азаматтардың тарапынан қолдау тауып жатқанға ұқсайды.
- Осыған дейін екі үлкен ғылыми конференция өткізілді. Конференцияға аймақтардан 500 ұсыныс келіп түсті. 200 ұсыныс доктринаның мән мағынасы мен құрылымына байланысты болды. Бұл қуантарлық жағдай, - деді ол.
Осылай дей келіп төрағаның орынбасары доктринаға қатысты сан түрлі көзқарастардың барын да жасырып қала алмады. «Демократиялық қоғамда әрқилы көзқарастардың өмір сүруі заңды. Бұл бізге өте қажет» деді ол талқылау барысында.

- «Ел бірлігі» доктринасына Қазақстан азаматтарының бір біріне деген, бүгіні мен болашағына деген құрметі мен сенімі тұрғысынан қарау керек. Қазақстан өзінің саясатында сайын даламызға тамыр жайған өзге этнос өкілдерінің бірлігін де негізігі мәселе деп қарастырады. Сондықтан, ортақ тарихты өзек ете отырып, этнос өкілдерін қазақ елінің айналасына ұйыстыра біліуіміз керек, - деп ойын сабақтады Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары.
Ал, сенатор Ғарифолла Есім болса «Ел бірлігі» деген сөзден шошымау қажеттігін аңғарта сөйледі.
- Біздің түсінбей жатқан нәрсеміз - ұғымдық мәселеге қатысты болып тұр. Біз ұғымдық мәселеге жете алмай жатырмыз. Біздің басымызда қалыптасқан ұғым - ұлт. Доктринада Ұлттың орнына ел деген ұғым кетіп бара жатар. Шын мағанасында біз ел болдық. Қазақ халқы 91 жылдан кейінгі жылдары елге айналды. Орысымыз бар, басқамыз бар бірге тұрып бірге ел болайық деп таңдау жасадық. Енді бізге керегі елдік сана.
Сенатордың уәжіне тоқталсақ, қазақтарды қырып салайын деп жатқан ешкім жоқ.
- Американдық пен қазақстандық ұлттың екеуі - жер мен көктей . Екеуін салыстыруға мүлде келмейді. Қалай салыстырам десеңізде салыстыра алмайсыз. Американдық ұлт қалай болды? Батыстан барғандар үндістерді езіп-жаншып, резервацияларға қуып тықты да жан жақтан келіп мемлекет құрды. Бізде өз жерінде 67 пайызға жеткен қазақты кім қырып салады? Кім оны қырып салып, жаңадан мемлекет құрамын деп отыр? Сондықтан, бұл мәселені алаулатып-жалаулатудың қажеті жоқ, керісінше оны мәтінін алып талдау керек, - деді сенатор.
Академик Әбділмәлік Нысанбаев төңірегіміздегі қауіпті тенденцияларды ескерте келіп, «Ел бірлігінің» Қазақстанға аса қажет екендігіне, соның үшін алдымен қазақ элитасының бірлігі күшті болу керек екендігіне екпін түсірді.
- Қазақстанның жан жағын қоршаған елдерде тұрақсыздық бар. Қауіп бар үлкен, - деді ол. - Оның бәрі бізге салқынын тигізбей қалуы мүмкін емес. Ресей мен Қытайдың ішінде тұрақсыздық байқалады. Сол себептен біздің ел бірлікте болмай жақсылық боламайды. Қазақстан бірлікте болуы үшін қазақ халқы бірлікте болуы керек. Бірлік бізге ауадай қажет. Қазақ халқы бірлікте болуы үшін элитасы, қаймағы бір болуы керек.
Жалпы жұрт аузында «ұлт жанашырлары» атанып жүрген Шаханов бастаған азаматтар «Ел бірлігі», «қазақстандық халық» деген ұғымдар өз бастауын «американдық ұлт» дегеннен алады» десе, ендігі бір топ «Ел бірлігі» доктринасының саяси мазмұнын жоғарыдағыдай талдап, насихаттауға білек сыбана кіріскен сияқты. Олардың ойынша, қазақ ел болды, енді қазақ жерінде тұрып өмір сүріп жатқан ұлт өкілдерінің елдік бірлігі қажет. ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтында «Ел бірлігі» доктринасын талқылаған алғашқы отырыс барысында айтылған әңгіменің қысқаша сипаты осыған саяды.
«Абай-ақпарат»