Көне күлкінің жаңаша реңкі
Әлемге танымал әзірбайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтің әйгілі “Аршын мал алан” музыкалық комедиясының сонау 1913 жылдан бері сахнада әбден тұ¬рақ¬тап қалғаны өнерсүйер қауымға белгілі. Оның еліміздегі репертуарлық сапары 1934 жылдан басталады. Академиялық драма театрында жақында ғана тұсаукесері өткен спектакль¬дің Алматыда тұңғыш қойылуы. Және бұл – театрдың шын мағынасында көркемдік құбылыс дәрежесіне көтерілген шығармалық табысы. Музыкалық пьесаға өзіндік ой-түсінігімен, сахналық шешімімен, көкірек көрегендігімен, өзіндік стилімен келген қоюшы режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың тынымсыз еңбе¬гінің нәтижесі.
Қойылым оқиғасының өтетін орны мен сыртқы бейнесін су¬ретші Е.Тұяқов режиссермен ой қабыстыра отырып, бейнелі шығарыпты. Сахнаның екі жақ қап¬талына орналасқан бай саудагер үйінің балкондары мен ортадағы оқиға өтетін кеңістік актерлердің әрекет жасауына өте ыңғайлы қа¬растырылған. Сахна түкпіріндегі сол кезеңнің архитектуралық стилін елестететін көне Бакудің көрінісі де қойылым оқиғасына сай жасалынған. Осылай сахна¬лық атмосферада өтетін орындау¬шы¬лар өнері өзінің бар болмы¬сы¬мен спектакльдің көркемдік һәм идеялық мазмұнын айқын¬дай түскен.
Әлемге танымал әзірбайжан классигі Үзейір Ғаджыбековтің әйгілі “Аршын мал алан” музыкалық комедиясының сонау 1913 жылдан бері сахнада әбден тұ¬рақ¬тап қалғаны өнерсүйер қауымға белгілі. Оның еліміздегі репертуарлық сапары 1934 жылдан басталады. Академиялық драма театрында жақында ғана тұсаукесері өткен спектакль¬дің Алматыда тұңғыш қойылуы. Және бұл – театрдың шын мағынасында көркемдік құбылыс дәрежесіне көтерілген шығармалық табысы. Музыкалық пьесаға өзіндік ой-түсінігімен, сахналық шешімімен, көкірек көрегендігімен, өзіндік стилімен келген қоюшы режиссер Тұңғышбай Жаманқұловтың тынымсыз еңбе¬гінің нәтижесі.
Қойылым оқиғасының өтетін орны мен сыртқы бейнесін су¬ретші Е.Тұяқов режиссермен ой қабыстыра отырып, бейнелі шығарыпты. Сахнаның екі жақ қап¬талына орналасқан бай саудагер үйінің балкондары мен ортадағы оқиға өтетін кеңістік актерлердің әрекет жасауына өте ыңғайлы қа¬растырылған. Сахна түкпіріндегі сол кезеңнің архитектуралық стилін елестететін көне Бакудің көрінісі де қойылым оқиғасына сай жасалынған. Осылай сахна¬лық атмосферада өтетін орындау¬шы¬лар өнері өзінің бар болмы¬сы¬мен спектакльдің көркемдік һәм идеялық мазмұнын айқын¬дай түскен.
Еліне әйгілі саудагердің жас мырзасы Әскер 28-ге келгенде үй¬лену ниетімен болашақ жарын көзімен көріп, хас сұлуды таңда¬мақ болуы сан қилы әрекет ар¬қы¬лы тұтасып, спектакльдің жұлыны болып тартылған. Осыған орай әрекетке араласатын сегіз кейіпкер Әскердің төңірегінен өрбитін күлкілі оқиғаларға еріксіз араласып, қойылымның көркем¬дік сипатын ашады. Сол сегіздің бастысы – Әскер ата-баба дәстүрінің бұл ниетіне тұсау боларын іштей сезгендіктен, өз мұратына жететін өзге амалды қарастырады. Оның көңілін аулаған нағашы апасы Жиханның қосқан ақылы мұның көңіл-күй арпалы¬сын тереңдете түседі. Осылай жан күйзелісіне түскен Әскердің рөлін талантты актер Ерлан Біләлов терең түсініп, жас мырзаның ішкі мұңын шеберлікпен ашқан. Актердің ке¬лісті орындаған әні мен қимыл-қозғалысы да көңіл хошы қаш¬қан жанның махаббат күйзе¬лісін тебі¬реніспен қапысыз жеткі¬зеді. Сыр¬лас досы Сүлейман Ар¬шын малшы (көше қыдырып сауда жасайтын адам) кейпіне ене тұруды ұсын¬ған¬да таңданыс пен қуанышқа түсетін сәті еріксіз күлкі тудырады. Сүлей¬ман рөліндегі Ж.Садырбаев¬тың өті¬рік-шыны аралас өткір сөзі Әскерді үйіріп әкетеді.
Сахнадағы тартыстың өрістеп, барлық кейіпкерлердің әрекетке еріксіз араласуына мәжбүр ететін кейіпкер – Сұлтанбек. Сахналық кескін-келбеті молынан пішілген осы бейненің бітім болмысын актер Т.Аралбай толық ашқан. Құдай қос¬қан қосағынан айырылған ол қызы Гүлчахра мен жиені Әсияны құтты жеріне қондырып, ебін тауып өзі де бір жібі түзу әйелге үйленіп алуды ойлайды. Міне, осы ішкі ойына байланысты оның сахналық әрекеті тамаша ойластырылған. Дәу¬летімен атағы шыққан беделді сау¬дагер қызын жас әрі бай көпес Әскерге бермекші, ал Гүлчахраның көңілі Аршын малшыда. Шым-шытырық күлкілі оқиға сахнада комедиялық сипатқа сай режис¬серлік тапқырлықпен шешілген. Орындаушылар режиссер ойын бірден іліп әкетіп, ойнақы импро¬визация әдісімен көрермен ықыла¬сын өзіне аударып әкетеді. Аралбай сомдаған Сұлтанбек адамына қарай қарым-қатынас жасайтын, өзінен төменгілерге паңдана қарап көкіре¬гін керсе, өзімен терезесі тең қалта¬лылармен басқаша қарым-қатынас жасайды. Оқиғаның дамуына қарай оның өзгеріп отыратын мінез ерек¬шелігін актер жан-жақты аша біл¬ген. Қызының маңайына жуыт¬қысы келмейтін Аршын малшыға ашуға мініп, қыр көрсетсе, Жи¬хан¬ды көргенде аузын ашып аңырып, түсім бе, өңім бе дегендей таңғал¬ғанын жасыра алмай қалады. Көп¬тен армандап жүрген адамның өзі¬нің ауласында кезіккен Сұлтанбек одан әрі төтесінен басады. Әйелдің көркі көңілінен шыққан ол, Ар¬шын малшыға жабысып, апасын өзіне күйеуге беріп, туысқан болу¬ды ұсынады. Аршын малшы келіс¬кен ыңғай танытып, сыйға сый, сен Гүлчахраны маған бересің дегенде Сұлтанбек – Аралбай от басып алғандай ыршып түседі. Келісті би мен тамаша ән де осы көріністер¬дің көркемдік мазмұнын толықтыра түседі. Оның үстіне Ғ.Әбдінәбие¬ваның Жиханы жарқылдаған ашық, ән мен бидің, әзіл-оспақтың аста¬ры¬мен Сұлтанбектің ұсынысына іштей кет әрі еместігін аңғартуы қойылымның көркемдігін аша түскен.
Сахнада өтіп жатқан күлкілі оқи¬ғалардың ұйытқысы болған Гүл¬чах¬ра мен Әсияның бейнелері де театрдың жетекші актрисалары Дәрия Жүсіп пен Данагүл Темір¬сұл¬танованың орындауында қойы¬лымның ажарын одан әрі аша тү¬седі. Үнемі бірге әрекет жасайтын, бірінің сырын бірі қас пен қабақтан ұғысатын жандардың бейнелері өне¬рінің өзгешеліктеріне қарай да¬ра көрінеді. Гүлчахра – ұяңдау, сырын аша бермейтін, Аршын малшыны кездестірген тағдырына іштей риза, махаббатының мұрат-мақсатына жету үшін дәстүрлі жол¬ды аттап кетуге дайын жан.
Д.Темірсұлтанова ойнаған Әсия рөлі де – қойылымның актерлік жетістіктерінің бірі. Мұның бой¬жет¬кені маңайында өтіп жатқан өмірлік құбылыстарға өзінше ара¬ласып, ішкі есебін түгендеп жүреді. Келіп-кетіп жүрген ер-азаматтарға сыр алдырмай, өз ойын сездірмей барлауы да сонан. Ол Гүлчахра мен Әскердің махаббатына қызыға да қызғана қарайды. Сүлейманға көз қиығын тастап, қылымсыған қылы¬ғымен арбауы – кімнің болса да еркін еріксіз ерітіп әкететін қыз на¬зы. Сонымен бірге, ол төңірегін¬де¬гілермен өзін қалай ұстауды біле¬тін, жұрттың бәріне иіле бермейтін, бірде жонын беріп, ал кейде тәлім¬си қарауы осы мінезінің көрінісі. Д.Темірсұлтанова – сөз аста¬ры¬на, мән-мағынасына, сонан туын¬¬дайтын әрекетке ерекше мән беретін актриса.
Сахнадағы оқиғаға ерекше тыныс, әрекетке тың бояу беріп желпіп отыратын дарынды ак¬триса Ш.Асқарова орындаған Тел¬ли рөлі де –қойылымның шы¬найы жетістігі. Бұл үй қыз¬мет¬кері болғанмен, Сұлтанбекке келіп-кететін қонақтардың әлеу¬меттік орны мен салмағын осы Теллидің тынымсыз жүгірісі мен есік ашуынан да аңғаруға бола¬ды.
Ү.Ғаджыбековтің музыкалы пье¬сасы ертеректе әзірбайжан сах¬на¬сына қойылған. Сол кездегі музыка мен әннің орындалу тәсі¬лі бүгінгі заманға сай келмейтіні айтпаса да белгілі. Осыған орай шығарманың музы¬касын өңдеп, әрі сүйемелдеуін заманауи леп¬пен өзгерткен та¬лант¬ты жас ком¬позитор Арман Дүйсенов қойы¬лым¬ға тың әуен, көркемдік сипат берген. Спек¬такль¬дің ұлттық һәм жанрлық ерекшеліктерін кәсіби деңгейде ашу мақсатымен режис¬сер әзір¬байжан музыкасы мен әуендеріне Рахим Күлиевті ке¬ңесші етіп ша¬қыртыпты. Вокаль¬дық дайын¬дыққа тартылған әнші Ғафиз Есі¬мовтің, сондай-ақ және балет¬мейстер, концертмейс¬тер¬лердің қолтаңбалары қойылым¬ның ажарын аша түскен.
Спектакльдің тағы бір жаңа¬лығы – кейіпкерлердің сахналық киім-кешегінің шығарма мазмұ¬ны¬на сай тізілуі, орындаушы¬лар¬дың қимыл-қозғалысына ыңғай¬лы келуі. Әрине, мұның бәрі режиссердің көрегендігі мен эс¬те¬тикалық талғам-түсінігінің жо¬ғарылығын аңғартып тұр.
Мұнан бұрын қойылған “То¬мирис”, “Қазақтар” спектак¬льдері Т.Жаманқұловтың белді ак¬тер ғана емес, режиссура сала¬сын¬да да белгілі бір биікке жет¬кенін көрсетеді. Мына қойылым оның режиссура өнеріндегі тың белесі.
Авторы: Бағыбек ҚҰНДАҚБАЙҰЛЫ, өнертану докторы.
“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 26 мамыр 2009 жыл