Дағдарысқа қарсы шаралары ретінде экономиканы фискальдық ынталандыру оны одан да терең дағдарысқа душар етеді – сарапшы
Алматы. 14 сәуір. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. Бірқатар мемлекеттердің дағдарысқа қарсы шаралар ретінде экономиканы фискальды ынталандыру оны одан да терең дағдарысқа душар етеді. Ресейдің «Экономикалық сараптама институты» қорының президенті, Катон институтының аға ғылыми қызметкері Андрей Илларионов осындай пікір білдірді.
«Соңғы екі жылда бірқатар елдердің үкіметтері экономикаларын дағдарыстан шығару мақсатында өздері маңызды және қажет деп тапқан шаралар қабылдады. Ол шаралар экономиканы қазына қаражатымен ынталандыру болды. Бұл үшін бюджет арқылы ең алдымен өндірістік секторлар қосымша қаржыландырылды», - деді ол сәрсенбі күні Алматыда өтіп жатқан тәуекел-менеджмент жөніндегі алтыншы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде.
Сарапшы осының нәтижесінде шығын елеулі ұлғайып, кейбір жағдайда бюджеттің кіріс бөлігі қысқарып, мемлекет бюджетінің тапшылығының көлемі күрт өскенін айтады. Кейбір мемлекеттер ынталандыруды валюталық резервтердің көмегімен іске асырып, өздерінің резервтерінің айтарлықтай бөлігін банк жүйесі мен нақты секторды қолдауға жұмсаған.
«Мұның барлығы экономиканың өсуі мен өндірістің күрт құлдырамауы, экономикалық рецессияның кезеңін қысқарту мен экономикалық қалпына келтіру үдерісін тездету қамы үшін жасалды», - деді А. Илларионов.

Дағдарысқа қарсы фискальдық ынталандыру шараларының нәтижесін талдау үшін оның жұмыс тобының қызметкерлері индекс құрып, ал ол индекс мемлекеттік шаралардың доллардағы ІЖӨ-ге теріс әсерін нақты көрсетіп берген.
«Біз фискальдық ынталандырудың арнайы индексін жасадық. Ол ІЖӨ-нің пайызы түріндегі фискальдық ынталандырудың жиынтық көлемі мен ІЖӨ-нің пайызы түріндегі валюталық резервтің шығындары түрінде болды... Біздің талдама көрсеткендей, фискальдық қолдау мейлінше көп болған мемлекеттерде ІЖӨ-нің құлдырауы да көп болған. Ал ынталандыру аз болған немесе, тіпті болмаған елдерде долларлық ІЖӨ-нің құлдырауы аз болған, немесе тіпті болмаған», - деді сарапшы.
Оның бағалауынша, «басқаша айтсақ, соңғы екі жылдың ішінде бірқатар елдердің басшылары, оның ішінде ең алдымен АҚШ, Еуропа мен Ресей экономиканы ынталандыру деген бағдарламаны жүзеге асырып, соның нәтижесінде олардың экономикалары одан да төмен құлдырауға душар болды». «Егер ол шаралар іске асырылмағанда, ІЖӨ құлдырау масштабы елеулі төмен болар еді. Сөйтіп, әдебиетте айтылып жүрген – мемлекет өзінің интервенционизм, экономикалық тіршілікке араласу масштабын арттырғанда, оның нәтижесінде экономикалық өсудің қарқыны артпайды, керісінше, экономикалық дағдарыс тереңдей түседі деген заңдылық тағы қуатталды», - деп атап көрсетті А. Илларионов.
Өзінің сөзін қорытындылай келіп, ол, жұмыс тобымен ұсынған нұсқа «елде экономикалық дағдарыс жасаудың үлгісі» болып табылатынын атап өтті.
«Басқаша айтқанда, біздің үлгіміз экономикалық құлдыраудың ең көп шамасына қалай қол жеткізуге болатындығы және экономикалық дағдарысты қалай тудыруға болатыдығы жөнінде нақты ұсыныстар береді. Ол үшін мемлекеттік қолдауды ұлғайтып, фискальдық ынталандыруды арттыру керек. Және ол үшін сіздердің валюталық резервтеріңізді нақты секторды қолдауға жұмсау керек. Бұл қаншалықты деңгейде көп болса, соншалықты деңгейде экономикалық дағдарысқа қол жеткізесіз», - деп мысқылдады, «Экономикалық сараптама институты» қорының президенті.
Фискальдық саясат – мемлекеттің бюджет пен салық салу саласындағы халықты жұмыспен қамтамасыз ету мен ұлттық экономикадағы циклдық тежеуілден шығуға бағытталған үкімет саясаты. Фискальдық саясаттың жарияланған мақсаты салық пен мемлекет бюджетінің шығындарына әкімшілдік басқару жүргізу арқылы орындалады. Фискальдық ынталандыру шаралары салықтардың төмендеуі және/немесе экономиканың рецессиядан тезірек шығару мақсатында мемлекеттік шығындардың артуын қарастырады.