Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2131 0 пікір 14 Сәуір, 2010 сағат 16:30

Экономиканың шикізаттық даму үлгісі ғаламдық дағдарысқа бейімделу мүмкіндігінің төмендігін көрсетті – Аханов

Алматы. 14 сәуір. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. Қазақстан экономикасының шикізаттық даму үлгісі ғаламдық дағдарысқа бейімделу мүмкіндігінің төмендігін көрсетті. Мұндай пікірді Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Серік Аханов білдірді.

«Біз өзіміздің экономикамыздың жоғары технологиялық тауарлар мен жабдықтардың импортына тәуелді екендігіне тағы көз жеткізіп отырмыз. Біз экономиканың басқа бөлігінің сыртқы капиталға өте тәуелді екенін, шикізаттық сектордың дамуына көңіл бөлінген экономиканың құрылымы қыңыр болатынын көріп отырмыз. Егер «қауіптерге» назар аударсақ, онда дағдарыс, экономиканың шикізаттық даму үлгісінің ғаламдық дағдарысқа бейімделу мүмкіндігінің өте төмен екендігін көрсетті», - деді ол сәрсенбі күні, Алматыда тәуекел-менеджметке арналған алтыншы халықаралық конференцияда сөйлеген сөзінде. 

Бұл ретте ол, «Қазақстан экономикасының дамуының жетілмеген үлгісі оның қаржылық секторына да әсер етті», - деп есептейді.

Қазақстанның қаржы секторының күшті тұстары ретінде ол несиелік, пайыздық, депозиттік және инвестициялық саясатын; активтер мен міндеттердің мерзімдер бойынша салыстырмалы түрдегі теңгермелілігін және мүмкін боларлық проблемаларға резервтік қамтамасыз етілудің жоғарылығын атап өтті. Ал оның бағалауынша, проблемалы болып табылатындары – қаржылық компаниялардың ғаламдану үдерісіне бейімделуінің төмендігі, сондай-ақ нақты сектордың қарызгерлерінің төлем қабілетінің макро- және микроэкономикалық жағдайға тәуелдігі екен.

Ең проблемалық фактор, оның айтуынша, орта және ұзақ мерзімдік ресурстардың шектеулігі. Оның мәліметтерінше, Ұлттық банк шоттарындағы өтімділіктің артықтығына қарамай, ол ақшаларың негізгі массасы қысқа мерзімдік айналымдағы 6-9 айлық ақша болып отыр.

«Егер екі «атақты» банктің нәтижелерін алып тастасақ, онда біздің көрсеткіштеріміз орташа нормативті. Ол Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне тән көрсеткіш. Және жалпы айтқанда, қаржылық нәтижелер, екі банкіні алып тастасақ, оң болып отыр», - деді ол конференциядағы өзінің баяндамасында.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1486
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5517