Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2692 0 пікір 28 Мамыр, 2009 сағат 20:07

3,5 миллион гектар жердi кiм иеленедi?

Территориясы жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетiн Қазақстан үшiн ұлан-байтақ даланы игеру де үлкен проблема туғызып жатқан сыңайлы. Сарапшылардың пiкiрiнше, бұл аумақты игеру үшiн халықтың саны кем дегенде 60 миллионды құрауы керек екен. Сол себептi де, небәрi 16 миллионның о жақ, бұ жағында ғана халқы бар елiмiздiң бос жатқан жерлерiне көз алартушылар жеткiлiктi.

 

 

“ЖЕР КОДЕКСI” ШЕТЕЛДIКТЕРДIҢ ЖЕРДI ЖЕКЕМЕНШIГIНЕ АЛУЫНА МҮМКIНДIК БЕРЕ МЕ?

 

 

Территориясы жағынан әлемде 9-шы орынды иеленетiн Қазақстан үшiн ұлан-байтақ даланы игеру де үлкен проблема туғызып жатқан сыңайлы. Сарапшылардың пiкiрiнше, бұл аумақты игеру үшiн халықтың саны кем дегенде 60 миллионды құрауы керек екен. Сол себептi де, небәрi 16 миллионның о жақ, бұ жағында ғана халқы бар елiмiздiң бос жатқан жерлерiне көз алартушылар жеткiлiктi.

 

 

“ЖЕР КОДЕКСI” ШЕТЕЛДIКТЕРДIҢ ЖЕРДI ЖЕКЕМЕНШIГIНЕ АЛУЫНА МҮМКIНДIК БЕРЕ МЕ?

 

 

Өзге емес, iргемiздегi Қытай мен оған көршi Үндiстан сыймай жатқан фермерлерiн Қазақстанға қаптатуға құмар-ақ. Ал, Қазақстан кең-байтақ мекенiн өзгелерге еш қиындықсыз бере салуға заңдық база жасап та қойыпты. Ұзақ мерзiмгi талас-тартыспен 2005 жылы қабылданған “Жер кодексi” бойынша жер шетелдiктерге жеке меншiк нысанға берiлмейдi делiнген.
Алайда, өткен аптада Астанада болған Қазақстан-Сауд Аравиясы бизнес-форумында Ауылшаруашылығы министрiнiң орынбасары Арман Евниев шетелдiк инвесторларға 3,5 миллион гектар жердi беруге дайын екендiктерiн мәлiм еткен. Вице-министр осы аптаның басында “Азаттық” радиосына берген сұхбатында: “Ауыл шаруашылығы министрлiгi былтыр жер төңiрегiндегi ахуалды талқыға салып, шетелдiк инвесторларға жеке кәсiпорынын немесе бiрлескен кәсiпорын ашуы үшiн, не болмаса жер игеру мақсатында жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынға қаражат салу үшiн жер беруге бүгiн даяр нақты жер пайдаланушыларды анықтаған” дейдi. Демек, былтырғы жылдан бастап ауылшаруашылығы нысанындағы жерлердi шетелдiк фермерлерге беру көзделген. Аталған жиында Арман Евниев шетелдiк компаниялардың Қазақстан жерiн жекеменшiк ретiнде пайдалана алатын заңдық базаның барлығын айтқан. “Бiздiң заңымыз бойынша, Қазақстан Республикасының резидентi, яғни заңды тұлғасы ретiнде тiркелген шетелдiк компанияларға қазақстандық заңды тұлғалармен бiрдей деңгейде құқыққа ие болуына мүмкiндiк жасалған” деген ол, өзiнiң бұл сөзiн “Азаттық” радиосына берген сұхбатында жоққа шығарады: “Арман Евниев сондай-ақ кейбiр қазақтың ақпараттық агенттiктерiнiң “Қазақстанның Жер кодексi шетелдiктерге Қазақстан азаматтарымен, заңды тұлғаларымен және азаматтығы жоқ тұлғалармен тең дәрежеде жерге деген жекеменшiк құқығын бередi” деген хабарларын “түсiнбестiкке” балады.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiндегi шенеунiктiң айтуы бойынша, шетелдiктерге 10 жылға жалға алу құқығы мерзiмдi ұзарту мүмкiндiгiмен қоса берiледi. Бiрақ, Арман Евниевтiң келесi сөздерi арқылы өзiне қарсы шығады: “Өзiнiң белгiлi бiр қатыстылығымен Қазақстанда жаңадан заңды тұлға құрған шетелдiк компания iс жүзiнде Қазақстанның резидентiне айналады да өзге де резиденттер сияқты барлық құқықтарды пайдалана алады”. (Сұлтан Хан АҚҚҰЛҰЛЫ “Астананың инвесторларға сататын жер көлемi Голландияның аумағына тең болады”, “Азаттық” радиосы, 26.05.2009 жыл).
Яғни, шенеунiктiң өз сөзiн өзi жоққа шығара отырып, жоғарыдағы мәлiмдемесiн қайтадан нақтылауы — бiздiң заңдық құжаттарымызда ата-бабаларымыздың найзаның ұшы, бiлектiң күшiмен қорғаған ата мекенiн шетелдiктерге оп-оңай саудалауға мүмкiндiк берген заңдық базаның барлығын танытады.

 

 

ЖЕРДI ҚЫТАЙ АЛА МА, ҮНДIС АЛА МА?

 

Мамырдың 18-iнде “Қазақстан-бүгiн” ақпараттық агенттiгi таратып, барлық шетелдiк басылымдар iлiп әкеткен аталған ақпаратқа Қазақстанның өзiнде батыл талқылаулар мен тұжырымдар болмағанымен, бұл ақпарат шетел баспасөзiн қатты қызықтырғанға ұқсайды. Шетелдiк, соның iшiнде батыстық басылымдар Қазақстанның ауылшаруашылығы нысанындағы жерлерге Қытай фермерлерiнен өзге ешкiм келе қоюы неғайбыл деген болжам жасауда. Тағы да сол “Азаттық” радиосының мәлiметiне сүйенсек, француздық “Ле Монд” газетiнiң 2009 жылдың 21-сәуiрiндегi материалда: “Мәселе 2003 жылдан берi пiкiрталас тудыруда: көршiлес Қазақстанның егiстiк жерлерiн Қытайдың жалға алуы туралы “Чайна Дейли” газетi таратқан ақпарат Қазақстандағы билiктi алғашында мұны жоққа шығаруға мәжбүр еттi.
Мұндай жоба бәрiбiр iске қосылды: 7 гектардан астам жер қытай-қазақ бiрлескен акционерлiк қоғамына жазылды, ал 3 мыңнан аса қытайлық шаруалар Қытаймен шекаралас Алакөл ауданына өз егiсiн егуге бет түзедi” делiнген.
Ал, бұдан бiр жыл бұрын, дәлiрек айтсақ, 2008 жылдың 16-сәуiрiнде Үндiстанның “CALCUTTA TELEGRAPH” басылымында “Жер жетпей ме, Қазақстан шақырады” атты мақала жарияланған. Онда Үндiстанның вице-президентi Хамид Ансаридiң Қазақстанға сапары жайында айтыла келiп, “Қазақстан тарапы, олардың мемлекетi жердi игеру үшiн шетелiк инвесторларға 10 жылға жалға беретiн саясатты жүзеге асырғандығын айтты. Бұл тек қана емеурiн. Ендi нақты ұсыныс түспей тұрып, нақты жоба жасауға кiрiсуiмiз керек” делiнген аталған мақалада. Бұл мақала “Экономика” газетiнiң шетел баспасөзiне шолу айдарында 2008 жылдың қараша айында басылған едi. Дәл осы мақаламен бiрге Қайрат Әмiреевтiң “Индийцы получают у нас земли, а что, Казахстан уже не принадлежит казахстанцам?!” атты мақаласы жарық көрдi. Онда “Қыркүйек айында (2008 жыл - Е. К.) Үндiстанның “Commodity Online” атты электронды басылымында “’India is worlds behind China’” (“Үндiстан Қытайдан қалып қойды”) атты Қытай мен Үндiстан арасындағы ежелден берi келе жатқан бәсекелестiк туралы Джон Роджерстiң мақаласы жарық көрдi. Ондағы бiздi елең еткiзгенi мына бiр жолдар едi: “Үндiстандықтар – ауылшаруашылығы өнiмдерiн өндiру жағынан АҚШ фермерлерiмен ғана бәсекелесе алады. Бiрақ, үкiмет бiр адамға 18 акр жерден артық пайдалануға рұқсат етпейдi. Бұл көптеген мол өнiм ала бiлетiн фермерлердi ығыстырып жатыр. Пенджаб фермерлерi Қазақстаннан iрi егiстiк жерлердi сатып ала бастады” делiнген. 1 акр – 0,4 гектарға тең. Үндiстан өз фермерлерiнiң жердi иеленуiн шектеп қана қоймайды, сондай-ақ, шетелдiктердiң жеке меншiгiне беруге де барын салып тосқауыл қойып келедi. Қазақстанның үндiстандық фермерлерге жер беру туралы ұсынысын алғаш естiгенде үндiстандық билiк иелерi қатты таңқалған екен. Қазiр Үндiстанның барлық билiк салаларында осы мәселе қызу талқыланып жатыр. Ал Қазақстанда бұл мәселеге ешкiм көңiл бөлмей отыр. Ал, қоғамның назары бұған ауғанда тым кеш қалып жүрмесек игi” деп аяқтаған мақаласын.
Түйiн: Демек, “Жер кодексiнде” шетелдiктерге жерге иелiк ету құқығын беретiн арнайы бап болмаса да, былтырдан берi Қазақстанның бос жатқан егiстiк жерлерiн Қытай мен үндi фермерлерiне жалға берiп, заңды тұлға ретiнде тiркелгеннен кейiн, жерге толық иелiк етуiне мүмкiндiк беретiн арнайы заңдық құжат қабылданған болып отыр. Бiрақ, билiктiң ресми өкiлi Арман Евниев бiресе оны жоққа шығарады, екiншi сөзiнде қайта растайды. Яғни, Қазақстанның стратегиялық маңызы бар обьектiлерiнiң - жер қойнауындағы байлықтардың барлығы сатылып кеткенiмен қоймай, ата-бабамыздан қалған аманат - жер де жаттың қолына оңай өтiп кетуi бек мүмкiн.

 

Есенгүл Кәпқызы
«Түркістан» газеті 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343