Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4696 0 пікір 29 Мамыр, 2009 сағат 04:37

Қазақ ғалымы жер сілкінісін алдын ала болжаудың жолын тапты

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі Физика кафедрасының доценті Әбдуәлі Файзоллаевтың ашқан техникалық жаңалығы құйынды электр тоғын өлшеу әдісі арқылы жерасты тербелістерінің эпиорталығын нақты анықтауға және жер сілкінісінен бұрын 6 сағаттан 115 сағатқа дейін алдын ала болжауға болады екен. Сондай-ақ түрлі-түсті бағалы металдардың құрамын дәл анықтауға, ең бастысы, қан тамырларындағы ұйып қалған қан түйіршіктерін хирургияның араласуынсыз ерітіп, ыдыратуға болады екен.
– Әбдуәлі Файзоллаұлы, құйынды электр токтарды зерттеуге не себеп болды?

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетіндегі Физика кафедрасының доценті Әбдуәлі Файзоллаевтың ашқан техникалық жаңалығы құйынды электр тоғын өлшеу әдісі арқылы жерасты тербелістерінің эпиорталығын нақты анықтауға және жер сілкінісінен бұрын 6 сағаттан 115 сағатқа дейін алдын ала болжауға болады екен. Сондай-ақ түрлі-түсті бағалы металдардың құрамын дәл анықтауға, ең бастысы, қан тамырларындағы ұйып қалған қан түйіршіктерін хирургияның араласуынсыз ерітіп, ыдыратуға болады екен.
– Әбдуәлі Файзоллаұлы, құйынды электр токтарды зерттеуге не себеп болды?
– Құйынды токтардың тіке¬лей физикалық әсерлері ғана өнеркәсіптерде, электр¬омагнит¬тік деффектоскопиялық қон¬дыр¬ғыларда қатты денелердің шытынап, жарылған жерлерін, ақауларын, қатты денелердің қалыңдықтарын өлшеу мен құрылымдық сараптамаларын анықтауда пайдаланылған. Жо¬ғарыда келтірілген өнер¬кәсіп технологияларының ең жетік мамандарының бірі, ака¬демик А.Л.Дорофеевтің «Ви¬хревые токи» деген еңбегіндегі «...Құйынды токтардың басқа токтардан өзгешелігі – оларды амперметр немесе гальвано¬метр көмегімен өлшеу мүмкін емес» деген амбициялық тұр¬ғыдағы үзілді-кесілді тұжыры¬мы¬ның көмескілігі, айтылған ойдың ұшқарылығы мені көп ойландырды. Сөйтіп, Дорофеев сияқты үлкен академик-ға¬лым¬ның тұжырымдауынан ағаттық кеткенін дәлелдеу үшін, әріптес физиктермен бірлесіп осы саланы тереңірек зерттеуге кірістік. Құйынды токтарды өлшеп, олардың электр ағынын жақсы өткізетін қатты денелерден өтетін жол¬да¬рының траекториясын анық¬тауды мақсат тұттық. Сөйтіп, құ¬йынды токтарды өлшеп және оның нұсқасын анықтау проблемасы екі патент төңі¬ре¬гінде (FG4A №9465, FG4A №13196), (51) МПК7 G09B 23/18 және (51) МПК7 G09B 23/18) зерттеліп, халықаралық па¬тенттер сыныптамасымен ай¬қындалды. Өнеркәсіп меншігі ресми бюллетенінде жарияла¬нып, құқықтары қорғалды. Зерт¬теу жолдары жоғарыда көр¬сетілген соңғы екі патент¬тері¬мізде толық сипатталған. Ал бұл проблеманың айна¬ла¬сындағы зерттеулер шын мә¬нінде, екі ғасырға жуық уақыт жүргізілді. «Наука+техника» журналында жарияланған «Ошибка Ньютона и отбой¬ный молоток» деп аталатын мақалада «Ньютон ошибся. В самой простой классической формуле, описывающей меха¬ни¬ку удара твердых тел, две сотни лет скрывалась принци¬пиальная ошибка. И сотни лет ее не замечали ученые» деген сөздер бар. Менің ашқан жа¬ңа¬лығымнан осыған жауап табуға болады. Қатты дене¬лер¬дің соғылысу механикасымен ерте кездері ғылым ғұлама¬лары – Ньютон, Гюйгенс және Герцтер айналысып, ақ-қа¬расын ашқан болатын. ХХІ ғасырда сол проблема қайта жаңғырып, дұрыс-бұрыстығы қайта тексеріліп жатыр.
– Сіздің қол жеткізген жа¬ңалығыңыздың бастамасы бұ¬дан екі ғасыр бұрын қолға алынған екен. Физика ғылы¬мы¬ның шарықтап дамыған ХХ ғасырда сіздің қазіргі ашып отырған техникалық жа¬ңалығыңыз неге ескеріл¬мей, зерттеусіз қалған?
– Құйынды электр ағыны теориясы 1820 жылдары ма¬ңызды бастау алды. Оларды алғаш 1824 жылы қолға алып, зерттеген Араго деген физик болатын. Ол мыс дөңгелекті магнит стрелкасының маңа¬йын¬да айналдырғанда стрел¬ка¬ның дөңгелекке тартылаты¬нын аңғарған. Бұл құбылысты Фарадей құйынды токтардың индукциясы деп түсіндірген. Кейін бұл құбылысты жете зерт¬теген ғалым Фуконың аты¬мен «Фуко тогы» деп аталады. Құйынды токтар электрқоз¬ғалт¬қыштардың, машиналар¬дың және басқа да қондыр¬ғы¬лардың магнит өрісінде қоз¬ғалған кез келген детальдарын қыздырып, істен шығарады, трансформатордың индук¬тив¬тілігін арттыру мақсатында катушка қуысына ендірілген өзекшелерді қыздырады. ПӘК төмендеткеннен басқа пайдасы болмағанын аңғарған маман¬дар оларға «паразиттік ток¬тар» деп ат қойған. Пайдасы¬нан залалы көп деп табылған бұл токтар зерттеусіз қала бергенінің бірден-бір себебі де сол болатын. «Құйынды ток¬тар¬дың» қазіргі анықтамасын былай беруге болады: электр ағынын жақсы өткізетін дене тұрақты магнит өрісінде қоз¬ғалса немесе сол ток өткізгіш дененің өн бойын айнымалы магнит ағыны периодты түрде тесіп өтіп тұрса, денеде электр тогы пайда болады. Ол токты «құйынды электр тогы» деп атайды. Сонымен, құйынды ток¬тардың пайда болуына екі түрлі себеп бар екеніне көз жеткіздік. Бірі – қатты дене тұрақты магнит өрісінде қоз¬ғал¬ғанда, екіншісі – сол дене¬нің тыныштық қалпында маг¬нит ағыны периодты түрде тесіп өткенде пайда болатын, дөңгелек формадағы токтың түрін айтамыз.
– Екі патенттің екеуі де құйынды токтардың күшін және бағытын өлшеуге негіз¬делген құралдар екен, олар¬дың қандай айырмашылық¬тары бар?
– Бұл екі аспаптың екеуінің де құрылғылары өте ұқсас. Бірінші патент – құйынды ток¬тар¬ды өлшейтін аспап деп атал¬ғанмен, негізі қатты денелердегі құйынды токтарды зерттеуге арналған болатын. Ол кездері құйынды токтар¬дың өлшенуі мүмкін деген ақ¬парат Халықаралық библио¬гра¬фия¬лық патенттер фон¬дында болмай шықты. Зерт¬те¬луіміздің орындалуымен оның «маңыздылығын анықтау са¬рабына» (экспертиза по су¬щес¬тву) Париж конвенциясына қатысушы мемлекет ретінде Ресейге жіберілді. Содан Мәс¬кеуде үш жарым жыл жатып, «Алғашқылығы айқындалды» (приоритет установлен) деген шешіммен оралды. Әрине, біз бұған қатты қуандық. Екін¬ші¬сін біз «Сұйық өткізгіштегі құйынды токтарды өлшейтін аспап» деп, батыл түрде анық¬тадық. Себебі бізден басқа құ¬йынды токты өлшеуден жаңа¬лық ашып жатқандар жоқ екенін білдік. Бойында электр зарядтары бар кез келген зат¬ты (қатты, сұйық, газ) магнит ағыны қиып өткенде заттың бойында құйынды электр тогы пайда болады деген тұжырым жасадық. Бұл соңғы патент болды. Бүгінге дейін, құйынды токтың сұйық өткізгіштерде пайда болатынын әлемде біз¬ден басқа ешбір ғалым дәлел¬деген жоқ. Бұған дейін барлық оқулықтарда «құйынды электр тогы тек қатты денелерде ғана болады» деп келген. Физиктер арасында қалыптасып қалған осы көзқарасты өзгерту керек болады. Сөйтіп, батыс ғылы¬мы¬на «төр менікі» деуге әбден құқымыз бар деп ойлаймыз. Осыны біз өз елімізде бүгін бастамасақ, ертең ақшалы ел¬дер мұны да өздеріне таңып алады да, біз «далада» қала¬мыз. Онсыз да «радионы ойлап тап¬қан А.Попов, Венера пла¬нетасын ашқан М.Ломоносов» деген пікірде жүрміз.
– Бұл өнертабысыңыз ке¬лешекте қандай бағытта кең қолданыс табады деп ой¬лай¬сыз?
– Бұл аспаптарды Сейс¬мо¬логия саласында кеңінен пай¬далануға болады. Құйынды электр тоғының көмегімен электр өрісін өлшеу арқылы жерасты тербелістеріне зерт¬теу жүргізуге, нақты орнын, болатын уақытын анықтауға болады. Егер осы патенттерді басшылыққа ала отырып, ар¬найы құрал жасап шығарса, ме¬дицина саласына да көп көмегін тигізер еді. Құйынды электр ағындары арқылы қан тамырларына ұйыған түйір¬лер¬ді тромболиттік препарат¬тар немесе хирургиялық жол¬дарсыз ыдыратуға болады. Қолданысқа түссе, әрі қарай жетілдіре беретін едік. Идеялар көп, қаржы жоқ.

 

 

Қайыржан ТӨРЕЖАНОВ
«Айқын» газеті, 28 мамыр 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3219
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5274