Сенбі, 23 Қараша 2024
Жанайқай 5444 0 пікір 3 Желтоқсан, 2014 сағат 09:16

ЖЕТІМДІ ЖЕКЕ ТӘРБИЕЛЕУ КЕРЕК ПЕ?

Білім және ғылым министрлігінің деректеріне қарағанда, Балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан әрбір балаға мемлекет жыл сайын 1,5 млн. теңге төлейді екен. Аз емес. Алайда сол ақша толығымен баланың өсіп-өнуіне жұмсалмайтындығын түрлі тексерістер анықтап отыр. БАҚ-тарда Балалар үйі директорларының ұрлық қылғандығы туралы талай рет жазылды. Олардың кейбірі бала асырап алушыларға да түрлі кедергілер жасайды екен, өйткені жетімдерді шетелдіктерге асырудың өздері үшін тиімді жолдарын тауып алыпты. Бас прокуратураның деректеріне сүйенсек, Балалар үйі мен қамқорлыққа алу органдарындағы лауазымды адамдардың кесірінен 1858 жетімек ата-аналы болу құқығынан айрылып қалған. Ал балалар құқығын қорғау жөніндегі халықаралық ЮНИСЕВ ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің сауалнамасында Балалар үйіндегі жеткіншектердің 50 пайыздан артығы түрлі зорлық-зомбылықтарға ұшырайтындықтары айтылады. Зорлық-зомбылықтың  көбі балаларға балалардың тарапынан  емес, тәрбиешілер тарапынан болады екен. Осындай келеңсіздіктердің салдарынан Балалар үйінен шыққандардың тек 10-15 пайызы ғана өмірде өз орындарын табады. Қалғандары қылмыс жолына түседі, соның ішінде қыздардың 40 пайыздан артығы жезөкшелікпен айналысады. Түлектердің 60 пайыздан артығы тіпті Балалар үйінен шыққан жылы-ақ қылмыскерлер қатарына қосылады екен. Сонда, Балалар үйінде кімдерді тәрбиелеп, кімдерді өсіріп жатырмыз? Ал онда бүгінгі күні 34 мыңға жуық тәрбиеленуші бар. Олардың саны жыл сайын 1,5 мың тәрбиеленушіге артып отырады.  

Міне, осындай фактілерді айта келіп, Мәжіліс депутаты Тұрсынбек Өмірзақов (суретте) премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына сауал жолдады. Онда жетімдерді Балалар үйінде тәрбиелегенше отбасылық патронаттық үйлерді көбейту мәселесін көтерді. АҚШ, Ұлыбритания, Израиль секілді дамыған елдердің бәрінде Балалар үйі деген болмайды екен. Біздің халқымыздың ділінде де жетім балаларды жеке тәрбиелеу деген жоқ. Ендеше, кеңестік тиімсіз практикадан кетіп, патронаттық үйлерді неге көбейтпейміз? Бүгінгі күні патронаттық тәрбиемен айналысушылар бізде өте аз. Бар-жоғы 1900 бала ғана осындай үйлерге алынған. Ал асырап алуға тек 3 мыңнан артық бала ғана алынады. Бала асырап алғысы келетін отбасыларға мемлекет тарапынан бөлінетін қолдау да шамалы. Бар болғаны әрбір бала үшін 18 мың теңге ғана. Салыстыру үшін айтар болсақ, АҚШ-та бала асырап алғысы келген әрбір адамға 10 мың доллар бірден және ай сайын 900 доллар, Испанияда 2500 еуро бірден және ай сайын 600 еуро төлейді.

Сондықтан ондай жандарды мемлекет тарапынан материалдық қолдауды жақсартып, отбасылық балалар үйлерін көбейтудің жолдарын қарастыруды ұсынамын делінген сауалда.

 Марина КАКИМАКИ,  журналист

Abai.kz  

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379