Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Билік 13054 0 пікір 7 Қараша, 2014 сағат 11:14

Ғылыми жоба- ғаламдық жетістік

Осы аптада  Астана қаласында  Ресейден, АҚШ, Сауд Арабиясы, Нидерландыдан келген  халықаралық  сарапшылар «Технологияны коммерцияландыру»  жобасының  қыр-сыры мен тиімділігін, артықшылықтарын тілге тиек етті.  Технологияларды коммерцияландыру жобасы аясында елімізде әзірге ең үздік 49 ғылыми жоба анықталып отыр.

Жиын  барысында ұсынылған жұмыстар жан-жақты таныстырылды.  Бір жоба екіншісіне ұқсамайды. Бірі  медицина саласында болса, енді бірі ауылшаруашылығы саласын қамтиды. Ендігі мақсат – осы жобаларды әрі қарай дамытып, өндіріске қосу.  Дүниежүзілік банк қоржынынан 13 миллион АҚШ доллары бөлінетін болады. 4 жыл бұрын бұл салаға  33 млрд. теңге бөлінсе, былтыр бұл көрсеткіш 62 млрд.теңгеге жетті.  Қазір елімізде технологияларды коммерцияландыру бойынша маманданған шамамен 100 менеджер бар. Дегенмен, халықаралық тәжірибеге сәйкес олардың саны 600-ден кем болмауы тиіс. Сол себепті Үкімет енді технологияларды коммерцияландыру менеджерлерінің санын арттыруды көздеп отыр. Мәлім болғандай, Халықаралық тәжірибе бойынша әрбір отыз ғалымға бір маманнан келу керектігін жеткізді. «Дәл бүгінгі таңда Қазақстанда 23712 ғылыми қызметкер бар. Демек бізге 790 жоғары білікті коммерцияландыру мамандары керек екен.     Жиналғандарға ұсынылған  үздік   жобалардың бірі «Қазақтың Еділбай және архармериносы тұқымды қойларын цитогенетикалық аттестаттаудан және молекулярлы-генетикалық паспорттаудан өткізу» жобасы. «KazCytoGen» ЖШС  өз жобаларын «Технологияларды коммерцияландыру» жобасы аясында  іске асыруда. Жоба жетекшісі Айжан Мұсаеваның  осынау жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсеткені үшін  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне алғысы шексіз. «KazCytoGen» ЖШС 2012 жылы «Технологияларды коммерцияландыру» Жобасының аясында құрылған.  «Біздің жобамыз Қазақстанның асыл тұқымды қойларының цитогенетикалық және молекулярлы-генетикалық зерттеулерін жүргізуді қарастырады. Біздің зерттеп отырған қойларымыз - қазақтың Еділбай және архармериносы тұқымды қойлары. Ал жобамыздың  мақсатына келетін болсақ, ол – қойлардың генетикалық сипаттамаларын анықтап, олардың тұқымдарының геномдық төлқұжаттарын әзірлеу. Сондай-ақ, олардың геномдарының бағалауларының көрсеткіштерін  жоғары асыл тұқымды мал басын жылдам әрі сапалы түрде көбейту үшін генетикалық-селекциялық жұмыста пайдалану. Жалпы, қой шаруашылығы Қазақстанның ауыл шаруашылығын дамытудың басым бағыттарының бірі. Егер бұған жан-жақты, соның ішінде ғылыми көмек көрсетілсе – онда қой шаруашылығы еліміздің маңызды экономикалық  құрамдас бөлігі болып, келешекте Қазақстан қой етінің әлемдік өндірушісі атанар»,- деді жетекші.

Орталықта коммерцияландыру  бойынша жұмыс істейтін барлық менеджерлер қажетті тәжірибелері бар, экономика мен бизнес бойынша білім алған мамандар. Алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін орталықтың  тобына Ғылым мен коммерцияландырудың халықаралық Кеңесі мен «CRDF Global» кеңесшілері, ғылым мен техниканы дамыту саласында өздерінің халықаралық ынтымақтастығын арнап отырған тәуелсіз, коммерциялық емес ұйымдар көмек  көрсетеді. Форум  Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен   Дүниежүзілік банк қолдауымен «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» ЖШС атсалысуымен  ұйымдастырылды. Форум ғылым мен нарықты өзара ұштастырып дамытуды, отандық және шетелдік инвесторлардың ғылыми-зерттеу жобаларға деген  назарын  аудартуды, ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өндірістік кәсіпорындар үшін технологиялық ұсыныстарын тиімді жасау жолдарын табы мақсатын көздейді.   Аталған форум дәстүрлі түрде жылда ұйымдастырылып, жалғасын таппақ.  «Технологияны коммерцияландыру»  атты Халықаралық Форум  елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылды, әлі де жалғасын таппақ.  Форумға  ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова,   ҚР  Білім және ғылым министрі  Аслан Сәрінжіпов, Дүниежүзілік Банктің Қазақстандағы аймақтық менеджері   Людмила Бутенко,  Ғылым және коммерцияландыру жөніндегі халықаралық кеңес төрағасы  Гленн Швайцер қатысып,  бірегей жобалармен  танысты. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052