ҚҰДАЙБЕРЛІ-АТЫҒАЙ ЖӘПЕК БАТЫР
ЖӘПЕК батыр (т.ж. шам. 1711 – қ. ж. белгісіз) қыт. дерек. Япек, орыс дерект. Джапек. Құдайберлі Жәпек батыр, Орта жүздің арғын тайпасының атығай–қарауыл руының бас батыры, Абылай ханның сенімді серігі, әрі оның таңдаулы әскерінің қолбасшысы. Бөгенбай, Малайсары, Қабанбай батырлармен және қарауыл Қанай бимен жолдас, үзеңгілес болған. Бәсентиін Малайсары батырдың қарындасы Кежекке үйленген. Одан бес жауынгер батыр ұлдары: Сейтен, Жауқай, Жортушы, Жарты, Сарықазақ туған. Бәйбішесінен жалғыз ұлы – Қарасай батыр туған. 1741 ж. «екінші ақтабан шұбырынды» кезінде Абылай ханмен бірге жоңғар қонтайшысы Қалдан Серенде тұтқында болған. Абылай хан босатылғанда Ж. баласы Сарықазақ аманатқа берілген. Ж. б. Абылай ханның Түркістанды азат ету жорығына (1745) қатынасқан және Абылайдың жоңғарлармен жүргізген Шаған соғысында жоңғар ноянының бірін жекпе-жекте өлтірген. Ерлігіне риза болған Абылай жоңғар ноянының қызы Шағанды әйелдікке берген. «Жәпек – Шаған» оқиғасының желісімен Иранғайып ақын 2002 ж. «Жәпек – Шаған» поэмасын әрі драмалық шығ. жазды. 1758 ж. Абылай хан шақырған әскери кеңесте Малайсары мен бірге циндік Қытайға әскери тойтарыс беру керек деген пікірді қолдады. Ж. қонысы қазіргі Қызылжар қаласы орналасқан жер мен Есілдің бір саласы Иманборлық өз. бойы. Ж. б. Шоқан Уәлихановтың «ХVІІІ ғ. қазақ батырлары туралы тарихи аңыздарында» айтылады. Ж. б -ды Бұқар жырау, Шал Құлекеұлы жырлаған. Атығайдан шыққан Шал ақын (Тілеуке) өзінің бір өлеңінде әкесі Құлекенің және сол кезеңдегі арғынның атығай руынан шыққан атақты батырлардың кімдер болғанын былайша жырлайды:
Құдай жақсы жаратқан Нұрекені айт,
Елде жақсы бар болса бір-екіні айт.
Атығайда төрт қасқа батыр өткен
Жантелі, Жәпек, Тілеке, Құлекені айт! – деп атап өткен[Бес ғасыр жырлдайды Алматы, 1989. 136 бет]
Жәпек есімі Абылай ханға байланысты алғаш шежіре дерегінде Абылайдың елге алғаш танылуы оқиғасына байланысты кездеседі: «Майдан даласында қалмақтың Шарыш деген батыры қазақтың екі батырын бірінен соң бірін өлтіріп, қазақ дағдарып тұр екен. Абылай астында тұлпары, қолында қылышы бар, келе қалмаққа қарсы шауып, Шарышты аттан түсіреді. Сол жерде Атығай Жәпек батыр бар екен, Абылайдың астына ақ кигіз төсеп қарсы алады».Құдайберлі-атығай Жәпек батырға қатысты екінші елеулі шежіре дерегі: «Қалмақ ханы Қалдан-Серен қапысын тауып Абылай ханды қолға түсіргенде атығай руынан шыққан Жәпек батыр да бірге тұтқындалыпты. Абылай ханның қолға түскенін естісімен Қалдан-Серен оны өзінің хан шатырына алып келуді әмір етеді. Жанында Жәпек батыры бар Абылай шатырға кіргенде Қалдан-Серен жолбарыс терісін жапқан алтын тақта отыр екен дейді. Кекке булығып жүрген қалмақ ханы Абылайды көрген бетте көзі шатынап, қаны басына теуіп: «Шарышымды өлтірген сенбісің?!» – ақырса керек. Біреудің алдында түрегеп тұрып жауап беруді ар санаған Абылай хан үнсіз қалады. Сол кезде Жәпек батыр: «Қалдан қалмақтың ханы болса, сен қазақтың ханысың, Абылай! Төмендеме, хан ием, менің үстіме отыр!» – деп, Абылайдың алдына тізерлей етпеттеп жата кетіп еді дейді. Сонда ғана, өзін ашуға жеңдіріп отырғанын сезген Қалдан-Серен нөкерлеріне қарап иек қағады. Нөкерлері дереу төрге күлте жал жарғақ бөстек төсейді. Абылай хан бөстекке тізе бүгіп жайғасқан соң, еңсесін тіктеп: «Шарышты, ұзында өшім, қысқада кегім болған соң өлтіргенім жоқ. Мен халқымның айтқанын орындаушы ғанамын. Міне, бұрынғыдан қалған кәрі құлақтардың сөзі осы. (Дерек беруші Ахмет Әбдікұлы (1881-1976), даңғайыр шежіреші, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы; Мұсатай Ғалым. Алтынның сынығы. – Қарағанды, 2004. 157-170-беттер). Кейін осы деректі елімізге танымал тарихшы Жамбыл Артықбаев Халық тарих толқынында жариялағанған еңбегінде пайдаланды. «Абылай хан: аңыз бен ақиқат» Ғылыми серия: мақалалар жинағы. Т. 1. Құраст. Т. Шаңбай, А. Ибраева. – Астана: Фолиант, 193бет. 2013. Тарихшылардың Ұлттық Конгресі материалдары.
Абылай заманының айтулы батыры Бөгенбай, Қабанбай,Малайсары сияқты батырлармен үзеңгілес серік болған Шоқан Уәлиханов «әйгілі Құдайбелі- атығай руының батыры» (знаменитый батыр из рода кудайберди-атыгай Жапек батыр) деп әспеттеген Жәпек батыр. [Ч. Валиханов, сбор.сочин. в пяти томах. Т. 1. 1984 г. стр. 216-222. ] Батырдың туған жылы шам. 1711 – қатыс болған уақыты нақты белгісіз. Қытай деректерінде. Япек, «Атығайдың мың шаңырағының басшысы деп көрсетілген» [Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелері. Т. 3. 39 бет. №5 құжат. Қазақ тайпаларындағы отбасы саны тізім дәптері ( маньчжур тілінде) Цяньлун жылнамасының 23 ж. 1- айы.] орыс деректерінде – Джапек деп аталынған.[Казахско-русские отношения в ХVІ-ХVІІІ вв. (Сборник документов и материалов). А. 1961г., док №87. С. 203 – 206.] Құдайберлі –атығай Жәпек батыр, Орта жүздің арғын тайпасының атығай–қарауыл руының бас батыры, Абылай ханның сенімді серігі, әрі оның таңдаулы әскерінің қолбасшысы. Ж. б. Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасында, Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясында, В. Моисеевтің «Джунгарское ханство и казахи ХVІІ-ХVІІІ вв.» монографиясында 1741ж. Ертіс шебінен басып кірген жоңғарларды тоқтауға ұмтылған әскер жасағының қолбасшылардың бірі ретінде аталады.
Қытай дерегінде Ж. б. мың үй мың атығайдың басшысы деп көрсеткен. Көкшетаулық ақын Т. Қажыбаевтың «Жәпеке батыр» поэмасында Ж.б. тарихи-әдеби кейіпкер ретінде аталады. Қарасай батырдан тараған атақты ұрпағы жазушы-драматург Ш. Құсайынов. Ұрпақтары қазіргі Солт. Қаз. обл. Айыртау, Ғ. Мүсірепов ат. аудандарын және Көкшетау қ. мекендейді. Аудан орталығы Саумалкөл кентінің бір көшесіне батыр есімі берілген. Өткен жылы шілде айында Ақмола облысы орталығы Көкшетау қаласындағы бір көшеге батыр есімін беру туралы бір топ азаматтардың өтініші бүгінгі күнге дейін жауапсыз қалып келеді. Биыл Қазақ хандығына 550 жыл толуын ел болып атап өтіп жатқанда қала көшелері мен елді-мекендерге осындай ерлердің есімі берілмегенде кімнің есімі берілуге тиісті?!
Шежіре дерегі бойынша Ж.б. қыс мезгілінде Ертіс бойындағы басентиндерге қайыншылап барған кезінде қайтыс болған. Сүйегі сол кездегі атақтьы адамдарға қатысты дәстүрге байланысты Қожа Ахмет кесенесі түбіне жерлеген.
Төлепбергенов Ғалымтай Мәлікұлы.
Көкшетау мемлекеттік университетінің аға оқытушысы,тарих ғылымдарының магистрі, Жәпектің екінші ұлы Жауқайдан тарайтын Ж.б. тоғызыншы ұрпағы . Бәбішесінен Қарасай, екінші әйелі тархан бәсентиін Малайсары қарындасы Кежектен бес ұлдың екіншісі Жауқай –Есіргеп-Алыбай -Келдібек -Сәуірбай-Төлепберген-Мәлік-Ғалымтай
Abai.kz