Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4023 0 пікір 9 Желтоқсан, 2016 сағат 19:02

Түлкібас жердің құттысы!

Оңтүстік Қазақстан облысының Түлкібас ауданы жеміс жидек өсіруге қолайлы, жері құнарлы өңір. Сондай-ақ екінші «Швейцария» аталатын табиғаты ерекше Түлкібаста жыл он екі ай саяхаттаушылар легі толастаған емес. Құт мекеннің әсем табиғатын тамашалауға берісі елімізден, арысы шет мемлекеттерден келушілер саны жыл сайын артып отырады. Түлкібастың тағы бір атын шығарар бренді алмасы. Түлкібастың құнарлы топырағында өсетін алмасы бүгінде брендке лайық деп танылуда.

Осыдан үш жыл бұрын алма шаруашылығын қолға алған «Кентау» ЖШС-нің еңбегі еш кетпеген секілді. Көктем айындағы үсікке қарамастан алма ағаштары биылғы жылы алғашқы жемісін берген. Бұл көшеттер Польша, Түркия елдерінен, Талдықорғаннан және жергілікті жерден алынған.

«300 гектар жерде алма бағы өсірілуде. «Грен Смит», «Ренет Бурхардта», «Фуджи Гала», «Айдаред», «Золотой превосход» секілді алманың сұрыптарын өсіп жатыр. 40 гектардан 3 бау бар. Оның 5 гектарында көшеттер дайындалады. "100 гектарында алма, соның 80 гектарын тамшылатып суғару жүйесімен, 20 гектары арықпен суғарылады. Бау-бақшаны өндіруге 3 млн доллар жұмсалды. Мемлекет тарапынан субсидия берілді. Еткен еңбегіміздің жемісін көрудеміз. Былтырғы жылы алғашқы өнім алдық", — дейді серіктестіктің атқарушы директоры Р.Әшіров.

Еңбегі зая кетпеген серіктестік келесі жылы алма баудың көлемін 30-40 гектарға ұлғайтпақшы. Әрі жақында салынған индустриалдық аймақтан қойма салуды да жоспарлап отыр. Сонымен қатар, аймақта бау-бақшаға қолайлы болғандықтан соңғы уақытта бағбандық шаруашылықты дамыту ісіне барынша көңіл бөлініп жатыр. Бұған мемлекет тарапынан да қолдау көрсетілуде. Мәселен, шаруалар баудың көлемі 5 гектардан асса және тамшылатып суғару жүйесін қолданса мемлекеттен субсидия алады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543