Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1989 0 пікір 14 Қараша, 2010 сағат 21:59

Қымбат Қалауова. Тәжіктер орыстың мұрасынан бас тартып жатыр...

Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің bnews.kz сайтының интернет-конференциясында «ерте ме, кеш пе еліміздің латын әліпбиіне көшетіні анық» деуі мұң екен, қазақ қауымы да, «қазақстандық» қауым да қақ жарылды. Қазақ жұртшылығы бұл тұрғыда өзінің баяғы әніне салып, «осынымыз қалай өзі?» деп ойланып жатса, орыстілді баспасөз осындай орынды ұсынысты бірауыздан қарғап-сілеп, іштей болса да наразылығын жасырмады. Алысқа бармай-ақ қоялық, осы abai.kz порталы өткізіп отырған сауалнаманың өзі қазақ жастарының ішінде латын әліпбиіне көшу туралы ортақ ұстанымдардың жоқ екендігін растап отыр емес пе?

Қазақстанның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедтің bnews.kz сайтының интернет-конференциясында «ерте ме, кеш пе еліміздің латын әліпбиіне көшетіні анық» деуі мұң екен, қазақ қауымы да, «қазақстандық» қауым да қақ жарылды. Қазақ жұртшылығы бұл тұрғыда өзінің баяғы әніне салып, «осынымыз қалай өзі?» деп ойланып жатса, орыстілді баспасөз осындай орынды ұсынысты бірауыздан қарғап-сілеп, іштей болса да наразылығын жасырмады. Алысқа бармай-ақ қоялық, осы abai.kz порталы өткізіп отырған сауалнаманың өзі қазақ жастарының ішінде латын әліпбиіне көшу туралы ортақ ұстанымдардың жоқ екендігін растап отыр емес пе?

Осы тұрғыда біздің көзіміз амалсыз оңтүстіктегі беймәлімдеу көршіміз Тәжікстанға түсе беретін болды. Осыған дейін өзінің руханияты мен мемлекеттігін күшейту мақсатында орыс тілін заңдық мәртебесінен айырған бұл ортаазиялық мемлекет Ресейдің сыны мен қысымына назар аудармай, өз мүддесінен туындаған іс-шараларды жалғастырып келеді. Мысалы, өткен аптаның ортасында тәжіктің «Егемені» саналатын үкіметтік "Джумхурият" газетінде жергілікті ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының директоры Сәйфиддин Назарзоданың бүгінгі тәжік әліпбиін 35 әріптен 31 әріпке дейін қысқарту жөніндегі ұсыныстары жарияланыпты. Назарзода мырза қазіргі тәжік әліпбиіндегі «Е», «Ё», «Ю» және «Я» қаріптерін қысқартып, оларды дәстүрлі әріптермен белгілеудің қажет екенін айтып, бұның экономикалық, саяси және тағы басқа пайдалы жақтарын дәлелдеп шығыпты.

Бұл қаріптер, дейді тіл маманы, 1940 жылы Кеңес үкіметінің күштеуімен өткізілген ұлттық мәдениеттер мен тілдерді орыстандыру саясаты кезінде енген «жаңалықтар». Тәжік тілінде бар дәстүрлі әріптер мен дыбыстар барлық сөздер мен ұғымдарды ауызша да, жазбаша да толық жеткізе алады. Дәл бүгінгі күні бұлардың қолданыста жүруінен келіп-кететін ешқандай пайда жоқ, тіпті, керек десеңіз, тәжік тілінің орфографиялық  заңдылықтарына қайшы-мыс.

Егер, осыдан он жыл бұрын тәжік әліпбиінен тілге жат кириллицалық  "Ц", "Щ" және "Ь" әріптерінің алынып тасталғанын ескерсек, тәжік филилогтарының бұл ұсынысын ел билігі қолдайтыны анық деп отыр жергілікті және шетелдік бақылаушылар. Осы қадамдардың барлығы, айналып келгенде, белгілі бір уақыттан кейін Тәжікстанның парсы әліпбиіне өтуі үшін қажетті саяси, психологиялық дайындық деп түсіну қажет секілді.

Тәжік билігі мен мамандарының ұлттық болмыс пен рухани тәуелсіздігін қамтамасыз ету тұрғысындағы бұл қадамдарын қолдай келе, біздер еріксіз елдегі жағдайға ораламыз. Мысалы, Тәжікстанда бүгінгі 35 қарпін көп деп отырса, қазақ тілінде 42 әріп бар! Қай жағынан алсақ та, бұнымыз асыра сілтеушілік! Біздің әліпбиіміздегі «Ъ», «Щ», «Ц», «Ю», «Я», «Ё» деген кириллицалық әріптерді күні бүгін қысқартсақ та ешкім ренжіп, жер тепкілеп жатып алмас! Осы әріптер мен дыбыстар қазақ тілі үшін жат, шет тілдерден енген. Көбіне адам аттары мен географиялық т.б. ұғымдарға қатысты. «Щедрин» деген композиторды «Шедрин», «Юрмала» деген қаланы «Иурмала» десек те өліп кетпейтініміз белгілі. Яғни, біздерге де, әсіресе біздің тіл мамандары үшін тәжік үрдісі жақсы үлгі болмақ. Егер филологтарымыз жан-тәнін салып, осы мәселені қайта-қайта қозғау сала берсе, оларды қазақ қауымы қолдайтыны біз үшін айдан анық дүние! Тек азаматтық ұстанымдарын батыл танытып, тиісті табандылық көрсетсе жеткілікті. Қазақстанның орыс қауымы да «қысқартудан» ештеңе ұтылмайды: олардың тілінде еш шаруамыз жоқ!

Баяғыда Американың бір президенті айтыпты: «Өзіндік пікірі, батылдығы бар жалғыз депутаттың өзі - көпшілік болып табылады» деп. Бәлкім, осы идеяны біздің ұлтжанды депутаттар да көтеріп қалар?!..

 

«Абай-ақпарат»

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1502
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3273
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5704