Президент Нұрсұлтан Назарбаев референдум туралы ұсынысты қабылдамай тастады
Өткен жылдың желтоқсан айының соңынан бастап, ел ішін дүрбелеңге салып, қоғамның басты тақырыбына айналып, елді алаңдатқан референдум туралы ұсынысқа Елбасының өзі нүкте қойды.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламентінің бастамашылығымен жасалған Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару туралы Қазақстан Республикасы парламентінің ұсынысы қабылданбасын».
Міне, қаңтардың 6-сы күні президент қол қойған жарлық. Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік, ҚР парламентінің парламент депутаттары Семейдегі Шәкәрім атындағы университетінің ректоры Ерлан Сыдықов бастаған бастамашыл топтың 2010 жылы 29-ншы желтоқсанда Конституцияға тұңғыш президент - ұлт лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттік өкілеттілігін ұзарту мүмкіндігін қарастыратын өзгертулер енгізу мәселесі бойынша республикалық референдум белгілеуі туралы ұсынысын қолдаған еді.

Ал, өткен жылдың 27-нші желтоқсанда ОСК республикалық референдум өткізу туралы бастама көтерген бастамашыл топты және ол ұсынған мәселе - президенттің өкілеттіктерін 2020-ншы жылдың соңына дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесін тіркеген болатын.
«Республикалық референдум туралы» конституциялық заңға сәйкес, ОСК-да тіркеуден өткеннен кейін бастамашыл топ республиканың республикалық референдумға қатысу құқығына ие кем дегенде 200 мың азаматының қолын жинауға тиіс болатын. Заңда көрсетілгендей, референдум өткізу туралы ұсыныс қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге мемлекет басшысына жолдануы тиіс еді.
Конституциялық заңның 17-нші бабына сәйкес, республикалық референдум белгілеу туралы бастама бойынша шешімді Қазақстан президенті қабылдайды.
Заң бойынша президент парламенттің ұсынысын қабылдамауы мүмкін. Бұл жағдайда парламент мемлекет басшысының ветосын еңсере алады. «Парламент палаталарының әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемінде бестен төртінің, көпшілік даусымен парламент Конституцияға осы өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда республика президенті сол заңға қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады», - делінген «Республикалық референдум туралы» заңның 17-нші бабының 1-1 тармағында.
6 қаңтардағы жағдай бойынша, бастамашыл топ президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін 2020-ншы жылдың соңына дейін ұзарту бойынша референдумды қолдап 3 млн 100 мың қол жинаған. Мұндай қарқынмен олар 10 қаңтарға дейін 4 млн қол жинаймыз деп құлшынып отырған еді.
«Абай-ақпарат»