Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2969 0 пікір 11 Қаңтар, 2011 сағат 19:21

Назарбек Байжігітов. «Өздерің өзгермесеңдер, қоғамдарың да өзгермейді»

«Өздерiң өзгермесеңдер, қоғамдарың да өзгермейдi». Қасиеттi Құранда Алладан Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) жеткiзiлген осындай сөз бар екен. Осы аятты жетекшiлiкке алып, Қырғызстан мұсылмандарының дiни басқармасы (ҚМДБ) өзiн және өзiне қарасты мекемелердi реформалауға кiрiстi. Жаңа жылдың 3 қаңтарынан бастап мүфтияттың, облыстық мешiттердiң және медреселердiң қазылары аттестациядан қайта өте бастады. Аттестациялық комиссияның құрамында дiни басқарманың, Дiн iстерi бойынша мемлекеттiк комиссияның мамандары мен дiни бағытта зерттеу жүргiзген сарапшылар бар.

Шынында да, өткен жылы дiни басқарманың және оның төңiрегiнде орын алған келеңсiз оқиғалар рухани саланың үлкен дағдарысқа тiрелгенiн байқатты.

«Өздерiң өзгермесеңдер, қоғамдарың да өзгермейдi». Қасиеттi Құранда Алладан Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с.) жеткiзiлген осындай сөз бар екен. Осы аятты жетекшiлiкке алып, Қырғызстан мұсылмандарының дiни басқармасы (ҚМДБ) өзiн және өзiне қарасты мекемелердi реформалауға кiрiстi. Жаңа жылдың 3 қаңтарынан бастап мүфтияттың, облыстық мешiттердiң және медреселердiң қазылары аттестациядан қайта өте бастады. Аттестациялық комиссияның құрамында дiни басқарманың, Дiн iстерi бойынша мемлекеттiк комиссияның мамандары мен дiни бағытта зерттеу жүргiзген сарапшылар бар.

Шынында да, өткен жылы дiни басқарманың және оның төңiрегiнде орын алған келеңсiз оқиғалар рухани саланың үлкен дағдарысқа тiрелгенiн байқатты.
7 сәуiр төңкерiсiнiң ертеңiне Қырғызстанның мүфтиi Мұраталы қажы Жұманов денсаулығының нашарлығына байланысты өз еркiмен қызметiнен кетiп, ол өз орнына уақытша Қырғызстан Ислам университетiнiң ректоры Абдышүкiр қажы Нарматовты тағайындайды. Он шақты күннен кейiн Нарматов та бұл қызметтен бас тартады. Жақын адамдарының айтуынша, оған телефон арқылы "жұмысыңнан кет" деген қорқытулар болғанға ұқсайды. Дiни басқармалықтың Үлемдер кеңесi жаңа мүфтидi сайлау күнiн 22 сәуiрге белгiлейдi. 21 сәуiр күнi түнде төрт адам Мұраталы қажыны көлiктерiне зорлап мiнгiзiп, қаланың iргесiндегi ауылдың сыртына апарып, төрт-бес сағат бойы "1 миллион сом ақша тауып бересiң" деп қоқан-лоққы жасаған. Экс-мүфти өз отбасының күнделiктi қажеттiлiгiне тұтынудан артық қаражаты жоқ екенiн айтып, табандап отырып алған соң, қарақшылар оны ұрып-соғып, сол жерге тастап кетедi. Кейiн М. Жұманов "бұл кездейсоқ емес, сiрә, мүдделi топтар мүфти сайлауға ықпал жасамауымды көздеген шығар" деген пiкiрiн бiлдiрген. 21 сәуiрде мүфти сайланбай, бұл мiндет атқару басқармасының жарғысы бойынша Үлемдер кеңесiнiң бiрiншi орынбасары Сүйiн қажы Құлиевқа жүктеледi. Сүйiн қажы да орнында көп отыра алмады. 6 маусым күнi Қырғызстан мұсылмандарының дiни басқармасының жаңа жарғысы талқыланып жатқан кезде, оны бiр топ зiңгiттей жiгiттер сыртқа алып кетедi. Дiн бойынша мемлекеттiк комиссияның төрағасы Болотбек Абдрахманов дереу құқық қорғау органдарынан хабарлаған. Органның адамдары Сүйiн қажыны Бiшкектiң Ош базарындағы кафеде бiрнеше кiсiмен әңгiмелесiп отырған жерiнен табады. Сүйiн қажы "бәрi де қалыпты" деп келгендердi қайтарып жiберген, сосын бiрнеше сағат өткен соң, басқармалыққа келiп, арызын жазып, iс бөлмесiнiң кiлтiн тапсырған.
Сосын бас мүфтидiң мiндетiн Шу облысының мүфтиi Руслан қажы Жұмағұлов атқара бастайды. Бұл кiсiнiң кезiнде бiраз шикiлiктер болды. Болотбек Абдрахмановтың айтуынша, "менiң мүфти болғанымды өлке президентi қолдап отыр" деп қызметке тұру үшiн әрiптестерiн алдағанына байланысты оны дiн бойынша мемлекеттiк комиссияның төрағасы жаз айында болған президенттiк ұлықтау рәсiмiне шақырмай қойған.
26 шiлдеде өткен Үлемдер кеңесiнiң мәжiлiсiнде кеңестiң 35 мүшесiнiң 21-iнiң мақұлдауымен Қырғызстан мұсылмандарының мүфтиi болып басқармалықтың фатва бөлiмiнiң басшысы, 35 жастағы Чубақ қажы Жалилов сайланды. Бас мүфти Бiшкектегi Әзiретi Омар Ислам институтын қызыл дипломмен бiтiрiп, Қырғыз ұлттық университетiнiң тарих факультетiнiң шығыстану бөлiмiнде араб тiлiнен сабақ берген. Дiни бiлiмiн одан әрi жетiлдiру мақсатында он жыл Меккедегi Ислам институтының шариғат факультетiнде, сосын Сауд Арабиясының Ислам университетiнде бiлiм алған. ТМД өлкелерiнен оқығандардан осы элиталық университеттi алғашқы бiтiрушi екен.
Былтырғы маусымның 10-ы күнi түнде Ош қаласында ұлтаралық кикiлжiң басталғаны мәлiм. Түнгi таң намазына азан шақырылғаннан кейiн тағы да азан айтылған. Қырғызстанның құқық қорғау органдары да, дiни басқарма да осы екiншi азан шақыруды топалаңды бастауға берiлген белгi деп бағалап отыр. Азан айтылған "Шейiт төбе" мешiтiнде кезекшi болған сопы сол түнi қайтыс болып кеткендiктен, бейуақыт азанның сыры ашылмай қалды. 29 қарашада Ош қаласында қауiпсiздiк және милиция қызметкерлерi лаңкес топты ұстау операциясын ұйымдастырған кезде, сол жердегi мешiттiң имамы өзiн-өзi минамен жарып жiберген.
Осы екi оқиға да Қырғызстандағы мұсылманшылыққа едәуiр көлеңкесiн түсiрдi.
Биылғы жылдың бiрiншi ширегiнде Қырғызстан мұсылмандарының реформалық құрылтайы өтпекшi. Онда Қырғызстан мұсылмандарының дiни басқармасының жаңа жарғысы да бекiтiлмек. Өткен жылдың 18 қазанында арнайы құрылған "реформалық комиссия" жыл соңында Дiни басқармасының 2009 жылдың 25 сәуiрiнде Қырғызстан мұсылмандарының III құрылтайы қабыл алған жарғының көптеген кемшiлiктерiн ашқан шешiм жасап, көпшiлiктiң талқысына жаңа жарғыны ұсынды.
Ресми деректерге сүйенсек, Қырғызстан халқының 85 пайызы, оның iшiнде Ош облысының (қаланы қосқанда) 90 пайызы мұсылмандар. Шынайы мұсылманшылыққа бой ұрып, оның бес парызын орындауға ұмтылып жатқандардың саны жыл сайын өсiп бара жатқаны байқалуда. Мысалы, Бiшкекте Ораза айт және Құрбан айт намаздары қаланың орталығындағы ең үлкен екiншi алаңда (кеңес үкiметi тұсындағы мерекелiк шеру өткiзiлген орталық алаңда) өтуде. Мұнда әр жолы кем дегенде 70 мың адам жиналады. Соңғы жылдары Меккеге қажылыққа Қырғызстаннан 4500 адам барды. Оның 40 пайызға жақыны - нәзiк жандылар. Жаңа жыл алдында Жоғарғы Кеңештiң депутаттары төрағаға жұма намазына мешiтке бару үшiн үзiлiс берудi және намаз оқу үшiн ғимараттарынан арнайы бiр бөлменi әзiрлеудi сұрап, мәселе қойды. Жоғарғы Кеңештiң төрағасы депутаттардың тiлегiн қанағаттандырды. Қазiр Парламентте республиканың Еңбек кодексiне мұсылмандардың жұма намазды мешiттерге барып оқуына мүмкiндiк беруге байланысты өзгерiс енгiзу мәселесi көтерiлуде.
Қауымның iшiнде өлкенiң оңтүстiгiндегi қанды оқиғаларға дiни қызметкерлердi де айыптап жүргендер бар. Бұған мүфти Чубақ қажы Жалилов: "Дiни қызметкерлерге не үшiн айып тағады? Себебi олар исламды елге толық, таза жеткiзе алмауда. Ислам дiнi бiзде дiн, ғибадат емес, әдет қатары болуда. Елде орын алған топалаңда мешiттегi имамдар ешнәрсе айта алмады. Себебi, олардың iлiмi жетiспейдi. Егер исламның құндылықтарын халыққа тура жеткiзiп тұрса, мұндай апат болмайтын едi. Екiншiден, Ошта қан төгiлiп жатқан кезде, бiздiң мүфтиятта қайта-қайта жетекшiлiк ауысып, мүфтилерiмiз оңтүстiкке бара алмады. Соған қарамастан, мүфтият тарапынан ол жаққа азық-түлiк жағынан көмек берiлiп жатты. Бiрақ өкiнiшке қарай, моральдық көмек көрсете алмадық" дедi.

«Түркістан» газеті

 

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379